+1 дауыс
50.6k көрілді
Логикалық сұрақтар билесіздер ме жауабымен жазсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді?

16 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?
Жауабы қандай?
дүкенде 25 тенге  25+3+2 тең болады 30 ға
+2 дауыс
жер-дің қақ ортасында не бар жауабы "е")))))
мұны барі біледі го
тағыда білесіз бе керек еді
+3 дауыс
1.Бөлмеде 4 мысық отыр, әрқайсысының алдында 3-еуден отыр, бөлмеде неше мысық бар?Жауабы:4
неге 4??? түсінбедім...
Белгісіз
Дұрыс қой, бір бірін көреді ғой енді қайталана беред
бөлменин 4 бұрышында әрқайсысының алдында 3-еуден отыр
16  4•4=16
Болменин торт бурышында торт мысык отыр.Ар кайсысынын алдын да ушеуден.
Барлыгын косканда 16
+1 дауыс
. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса? Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
Кешіріңіздер, маған осындай қызықты сұрақтар керек.
+1 дауыс
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
+1 дауыс
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Керосин.
Шірпі-сіріңке
сіріңкені жағасың
0 дауыс
ХХ - 22 =88..10 - 2= 8.. 10-8=8
0 дауыс

Сайттың өз ішінде қызықты логикалық сұрақтар бар ақтарып қарасаң.

1.Інің бір жерде отыр. Ол тұрып кеткен жағдайда сен оның орнына отыра алмайсың. Сонда ол қайда отыр?

2.Допты қайда лақтырсаң, ол ештеңеге тимей, тура өзіңе қайтып келеді?

3.Аспанда бір топ қаз ұшып барады. Екеуі алдында, біреуі артында. Біреуі алдында, екеуі артында. Екеуі оң жақта, біреуі сол жақты. Екеуі сол жақта, біреуі оң жақты. Екеуі төменде, біреуң жоғарыда. Біреуі төменде, екеуі жоғарыда. Сонда барлығы қанша қаз ұшып бара жатыр?

4.Кешегі күн ертеңгі күн болғанда келесі күн жексенбі болар еді.. Сонда бүгін қандай күн?

 

Өзімнің білетіндерім осы, ал мына сұрақта өте қызықты, әрі саған керекті жауаптар жазылыпты.

1 анасының немесе акесинин алдында
2 жогарыга
3 3
4 жексенбі
1-озиннин алдында отыр
2-жогары
3-5
4-дүйсенбі
+1 дауыс
Тамақ болама? Оған ия деп жауап беру керек. Себебі там ақ болады.

Тауық болама? Ия тау ық болады.
+1 дауыс
Көбейтіндісі 1 000 000-ға тең екі санды тап. Бірде-бір санда 0 цифры болмауы тиіс. Жауабы : 64 × 15625.
0 дауыс
20-22=88отиниш достар жауабын тауып бериндерши тапсандар коп-коп рахмет
0 дауыс
1.Інің бір жерде отыр. Ол тұрып кеткен жағдайда сен оның орнына отыра алмайсың. Сонда ол қайда отыр? Өзіңнің алдыңда деп жауап берсе де болады деп ойлаймын.
0 дауыс
1,ол сенің тізеңде отыр ол тұрып кетсе сен отыра алмайсың
0 дауыс

Кыста келе жатр едым.сауыскан ушып бара жатты,атып калып едим Карга тусти.

Жауабы:кыстагы жерде жаткан Карга туседиго.

0 дауыс
Шешімі табылмаған сұрақ. Сіз — 90.000 теңге тұратын Ұялы телефон сатып алғыңыз келді. Ол үшін 2 досыңыздан 45.000 — 45.000 теңгеден қарыз алдыңыз. Сонда сізде — 90.000 теңге болады. 90.000 теңгені алып, дүкенге бардыңыз. Бірақ, сіз ұнатқан Телефонның бағасы — 85.000 теңге болып, түсіп қалыпты. Оны сатып алдыңыз. Қолыңызда — Телефон және 90.000 теңгеден қалған — 5.000 теңге бар. Жол-жөнекей көріп қалған басқа Досыңыз — 3.000 теңге қарыз сұрайды. Оған — 3.000 теңгені бердіңіз. Қолыңызда — 2.000 теңге қалды. Сол 2.000 теңгені 45.000-нан қарыз берген — 2 досыңызға 1.000 — 1.000 теңгеден бөліп бердіңіз. Енді сіз — оларға 44.000 — 44.000 теңгеден карызсыз. Ал: 44.000 + 44.000 = 88.000 88.000 теңгеге — Үшінші досыңызға берген — 3.000 теңгені қосамыз = 91.000 Cұрақ: Артық қалған — 1.000 теңге қайдан шықты??!
...