+2 дауыс
62.6k көрілді
Достар маган логикалы кызыкты ари ойландыратын логикалык сурак керек еди!!! ЖЖ белгилейм
Кызыкты сурак:кызбен жыгыт быр бырын суеды.Быр куны кыз жыгытты улкен жартаска апарып,осы жррден секырып мены суетынынды далелде деиды сонда жыгыт не ыстеиды.
(Итер деиды)

5 жауап

+2 дауыс
  1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
  2. Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
  3. Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
  4. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?
  5. Түнге қарай бір отбасы көпірге келеді. Әкесі оны 1 минутта, анасы 2 минутта, бала 5 минутта, ал әжесі 10 минутта өтеді. Олардың қолында бір ғана қол шамы бар. Көпір тек екі адамды өткізе алады. Отбасы осы көпірден 17 минутта қалай өтеді?

Бір топ бала келе жатыр екен. Алдарынан бір топ есек шығыпты. Балалар екеулеп мінсе, бір есек арнтылып қалады. Біреулеп мінсе , бір бала артылып қалады. Сонда қанша бала , қанша есек болғаны?

3 жұмысшылар шайханаға кiредi, әр қайсысында 100 тг ден, тамаққа тапсырыс бередi есептейдi, бiраз минуттан соң тамақтарын iшiп даяшыға есептетедi 250 тг шығады, жұмысшылар 300 тг бередi, 50тг қайтарады, әр жұмысшы 10тгден алады, қалғанын қалдырып кетiп қалады. Сосын жұмысшылар былай шығып, бiз әрқайсымыз қанша тг ден шығардық дейдi, бiзде қазiр әр қайсымызда 10тг-ден(барлығы 30тг) сонда әрқайсымыз 90 тг-ге тамақтандық делiк, барлығы 270 тг,сосын даяшыға берген ақшаны(20тг) қоссақ 290, сонда 10 тг қайда? 

5 сурактын жауабын айтасызба
Тағы екеу қосылды. Шамалы ойланыңыз сосын айтамын)) Іске сәт!
1 Сурак:айжан мураттын, маржан аскардын кызы.
2 СУрак:улкен аян ортаншысы аслан кишкентайы арман.
3СуРАК:еркин харкиннен ерлан мергеннен адилет тайпактан келген.
4СУРак:анар 4,асем 5,ардак 3 алган.
5Сурак:?
жақсы басқатырғыштар екен. менен плюс 1 ))
Бата бердім, бақ тіледім,
Ақ дастарқан басына,
Я, құдайым, шын тіледім,
Келсін деп менің қасыма!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!
Әумин.
Әумин! Жақсы бата екен.
+4 дауыс
1. Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз? Жауап: Егер бірінші орындамындеп жауап берсеңіз – дұрыс емес. Өйткені сіз екінші жүйрікті басып оздыңыз, яғни соның орнына келдіңіз. Сәйкесінше қазір екінші орындасыз. Ал екінші сұраққа мұқият болыңыз. 2. Сіз ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Енді қай орындасыз? Жауап: Егер соңғысының алдындамын (предпоследний) десеңіз, сіз тағы қателескеніңіз. Ойланып қараңызшы. Ең соңғы болып келе жатқан жүйрікті қалай басып озуға болады? Егер сіз оның артынан жүгіріп келе жатсаңыз, онда ол соңғы болмағаны ғой. Яғни, жауап бұл мүмкін емес. Үшінші сұрақ. Ештемені жазбаңыз және калькулятор қолданбаңыз. Және сіз тез жауап беру керек екеніңізді ұмытпаңыз. 1000 санын алып, оған 40-ты қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. 30 санын қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. Қосу 20. Қосу 1000. Және қосу 10. Қандай сан шықты? Жауап: 5000? Тағы да дұрыс емес. Дұрыс жауап 4100. Калькуляторда есептеп көріңіз. Сонымен тағы да бір сұрақ. Мүмкін осы жолы жолыңыз болар? Мэридің әкесінің бес қызы бар:1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо. Сұрақ: Бесінші қызының аты кім? Тезірек ойланып, жауап беруге тырысыңыз. Жауап: Чучу дейсіз бе? Әрине, жоқ. Оның аты Мэри. Тағы да сұрақты қайталап оқып шығыңыз.
сонгысы кызык екен:D
жақсы жұмбақтар. менен плюс 1 ))
+1 дауыс
1) Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?

2) Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?

3) Қай айда 28 күн бар?

4) Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты ашуланады?

5) 39 рет “тақ”, 1 рет “тик” деп дыбыс шығаратын не
1.есіміміз
2.өмір
3.ақпан
4?
5.1 аяғы ақсақ қырықаяқ
3) Барлық айда
4) Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп қойған кезде
қалғандары дұрыс
+1 дауыс

1.Құсбегі бір көгершінді 4000 тг сатып алды,содан кейін оны 4500 тг сатты. Кейінірек өкініп сол көгершінді  5000 тг беріп сатып алды.Екі күннен кейін қайтадан  көгершінді  5500 тг сатты.Құсбегі осы саудада неше тг пайда тапты н/е шығын кетті.

2.Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдым.Оң жағында 41-бет сол жағында 12-бет жазылған.Журнал неше беттен тұрады.

0 дауыс
Бір  қаланың  қасында бір  үлкен таста  жеті әріптен  құралған  сөз  жазылыпты. Байлар  оқыса  жылайды  екен. Кедейлер  оқыса  қуанады  екен.  Ғашықтар  оқыса айырылысып  кетеді  екен.Ол  қандай  сөз ?
Жауабы: Уақытша
...