+1 дауыс
158k көрілді
Қиын логикалық сұрақтар жіберсеңіздер?

12 жауап

+1 дауыс
Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.

Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойланып көр. (Жауабы: Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.)
+3 дауыс
Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?  Жауабы: Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.
Жауабын бекер жазғансың ))
Біреуге айта ма деп жазғанмын ғой.
0 дауыс
2 жұмыртқа 3 минутта піседі , ал 1 жұмыртқа неше минутта піседі?
3 минутта писеди
0 дауыс
Торда 20 құс отыр 19ынан басқасы ұшып кетті.Торда неше құс қалды?
торда 19 кус сен 19 баскасы ушып кетти дедин сонда торда 19 кус калды
+1 дауыс
тордан кус ушпайды
+1 дауыс
Қазақ қырғызға айтады екен: Бізде бәрі күшті деп, халқымыз көп, жеріміз үлкен, қалаларымыз әдемі, орман-тоғайымыз керемет, өзен-көліміз тамаша ... сендердің бізде жоқ тек бір ғана нәрселерің күшті?
+1 дауыс
1. Профессор кешкі сағат 8 –де ұйықтап , сағатының қонырауын азанғы тоғызға туралайды. Сонда профессор қанша сағат ұйықтайды?

2. Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызының басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды?

3.Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?
+1 дауыс
Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?
0 дауыс
Бір қайың да 7-бұтақ бар,әр бұтақта 2-алма бар, қайың ағайын да неше алма бар?

Жауабы:қайың да алма өспейді.
0 дауыс
Ерге жейлі адам 24ші қабатта тұрады азанда лифтімен түседі кешке 9шы этажға шейін барады ары қарай жаяу көтеріледі
0 дауыс
Аидының боиы Асқардан ұзын бірақ Мараттан кіші кім ұзын?
Жауабы:Марат
0 дауыс
Зульфия да 5бауыры бар Зульфия 5ші

1.Амина

2.Ләйлә

3.Инабат

4.Малика

5.?
5інші кім??
Уровень: миы барға оңай
...