0 дауыс
1.6k көрілді
Салауатты өмір салтын ұстанатыңызды әлеуметтік желілердегі парақшаларыңыздан оқып жүрміз. Жастарды осыған барынша баулудың қандай жолдары бар деп ойлайсыз?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін әртүрлі профилактикалық іс-шаралар  негізінде жастар арасында ашық орталықтар ашу туралы  бағдарлама әзірлеу қажет: 

-жастарды салауатты өмір салтына уағыздап, оларға көмек беру және қолдау; 

-жастарды зиянды әрекеттерге тәуелді болмауға байланысты жоғары деңгейде алдын-ала ақпарттандыру жұмыстарын жүргізу; 

-жастар арасында салауатты өмір салты принципін уағыздау. 

Сонымен қатар, міндетті түрде спортпен шұғылдануға байланысты түрлі акциялар, әлеуметтік-психологиялық және дене шынықтыруды дамыту, қоршаған ортаға деген дұрыс пікір ұялатып, салауатты өмір салты арқылы жастарды дұрыс жолға қойып, өмірде өз жолдарын табуға ат салысу қажет.

Мұрат Әбенов

0 дауыс
Бүгінгі сау ұрпақ-елдің ертеңгі жалғасы

Салауатты өмір  салтын қалыптастыру жолдарын тиімді пайдалану үшін барлық мүмкін әдістерді жүзеге асырған абзал. Салауатты өмір салтын қалыптастыру тек денсаулық  сақтаудың міндеттері ғана емес, жоғарыда айтылғандай білім берудің, отбасылық тәрбие мен жеке бастық үлгінің, әлеуметтік қорғаудың  да міндеттері болмақ. Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының зерттеулері бойынша келесі статистикалық санақ анықталды: адамның денсаулығының 50-55% өмір салтына, 20-23% тұқым қуалайтын факторге, 20-25% экологиялық факторге, 8-10% медицинаға байланысты екен. Осы деректерге сүйене отырып, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін төмендегі принциптерді ұстануды талап етеді:

1.     Көп мөлшерде малдың майынан тұратын тағамнан, көп тұз бен қантты пайдаланудан,  мөлшерден тыс ішімдік ішуден бас тартып, дұрыс тамақтануды әдетке айналдыру. Мұның бәрі салмақты бірқалыпты ұстауға септігін тигізеді.

2.     Физикалық жаттығу, көп жаяу жүру, таза ауада жүгіру, жас ерекшелікке сәйкес спортпен орынды айналысу белсенді өмір сүру қағидалары болып табылады.

3.     Күйзелісті барынша болдырмауға күш салу, психологиялық бірқалыпты жағдайды ұстану, көңіл-күйді мүмкіндігінше бақылап отыру, психологиялық тұрғыдан үміт үзбей, үнемі болашаққа сеніммен қарауды негізге алу. Осы айтылғанның барлығына көбіне әлеумет ықпалы етеді, сонымен қатар сол әлеуметте үйлесімді өмір сүрудің де әсері зор.

4.     Зиянды әдеттерден бас тарту (ішімдік, нашақорлық, темекі).
...