+1 дауыс
2.2k көрілді
Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамның ішінде екі "Мен" өмір сүреді. Біреуі -  семіз, екіншісі - тұрпатты. "Салауатты өмір жолына көшемін!" деп тұрпаттысы өзінің иесін қанаттандырады, жаттығу жасауға, зиян әдеттерден аулақ болуға итермелейді. Сөйтіп, бір күн өтеді, барлығы керемет. Бір апта өтеді - міне,ғажап!  Алайда... екінші,үшінші, төртінші аптада семіз ояна бастайды. Адам жалығады кұнделікті режимнен. Тоқтаудың неге әкеліп соқтыратынын біле тұра өзін ұстай алмайды, сол кезде семіз тұрпаттыны шетке ығыстыра бастайды ... салауатты өмір артта қалады. Адам ерінеді, жалығады, ұйықтайды, жейді,жейді,жейді. Не керек, бірнеше айдан кейін ішінің шыға бастағанына көзі жетіп, адамның ішінде тұрпатты семізге датын айтады дағы өз билігін орната бастайды. Біраздааан кейін семіз қайтып оралады. Осылай адамның ішінде семіз бен тұрпатты мәңгі алысып,жұлысып жүрмек... мораль: Салауатты өмір салтын ұстануға семіз кедергі. Құтылу жолы бар деп ойламаймын :)

тұрпатты сөзінің мағынасы қандай?
...