+1 дауыс
970 көрілді
Адамның өмірге келгеніне өкіннуіне не себеп болуы мүмкін? Не нәрселер бұл жағдайға себеп болады?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұндай жайт басынан өтпеген адам жоқтың қасы..Менің де басымнан өтті..Мына өмірге неге келдім..келмегенде жақсы еді...деген ойлардың қоршауында қалған кездерім де болды..мұндай ойлардың адам санасына еніп алуына негізгі себеп - ол өмірді жетік түсінбеу..қанағатсыздыққа салыну..бір кездері өмірге келгеніме өкінген болсам..кейін сол ойды ойлағаныма өкіндім..ал қазір ешнәрсеге өкінішпен қарамаймын..себебі сол ой маған кішкене болсада тәжірибе жинауға өз септігін тигізді..бұл ой ашу үстінде..бір мұңның қоршауында қалғанда келеді..сол сәт сабырға келген жан бақытты...
+1 дауыс

Қазіргі уақытта жастардың көбісі өмірден түңіліп, өздерінің өмірін өздері қиып жатыр. Оған түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Кейбірлері дос қызының немесе жігітінің тастап кетуінен, ұлдар жағы қарызға белшеден батудан сияқты нәрселер үшін өмірге келгендеріне өкініп, қателікке бой алдырып жатады. Ал, көпшілігі ҰБТ сынағынан керекті балл жинай алмай, оқуға түсе алмағандықтан өкініп жұреді. Кейбір мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің кемістігінен "мұндай болғанша, өмірге келмегенім артық еді" деп өкінеді. Жалпы, өмірдегі кез келген сәтсіздік адамның бойында өкініш сезімін тудырады. Тек ешқандай қиындыққа мойымай, бәріне төтеп берген адам ғана мақсатына жетеді. Тіпті, арманына қол жеткізе алмаса да, адам өмірге келгеніне өкінбеу керек деп санаймын. Өйткені осы өмірге келгеніміздің өзі біз үшін үлкен жетістік емес пе? 

+1 дауыс
Ол адамның тәрбиесіне, мінез-құлқына байланысты. Қайыршы болып та, көңілді жүруге болады. Шіріген бай, атақты адам бола тұра бақытсыз болған, өз-өзіне қол жұмсаған адамдар қаншама. Олардың өмірден түңілуінің басты себептері: маскүнемдік, наркомания, алға қойған нақты мақсат-мұраттарының болмауы.
...