+1 дауыс
1.7k көрілді
Қазақ халқының сізге қызық көрінетін, өзіңізге ұнайтын дәстүрлерін айта аласыз ба? "Әр жердің салты басқа, иттері қара қасқа" емес пе?))

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ халқының өмірі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен сәнді ғой. Сондықтан өз басым барлық дәстүрлерді ұнатамын. Мысалға, "Ат тергеу" деген тамаша дәстүр бар. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайын-інісінің, қайын-сіңлісінің атын атамай, өзінше лайықты ат қояды. Әсресе, жеңгелері қайын-інілеріне тапалды сұңғақтым, жайбасарды жүйрігім сияқты небір күлкілі аттар да қойған. Бұл дәстүр біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі деп санаймын.
+1 дауыс
Таздар деген ру бар. Қызылорда облысында көп. Олар сәрсенбі күні жұмыс бастамайды, тіпті шайды да жаңадан ашпайды. Ештеңе сатып алмайды. Жолға шықпайды.
+1 дауыс

Маған ұнайтыны шілдехана мен ит көйлек. Біздің жерде шілдехананы баланы жуындырып бесікке салып, үстіне киіммен жабады. Үлкен әже бесікке отырып бөлмені айналып шабады. Маған осы жері қызық. Салт бұлай өткізілмейді толық өткізіледі мен тек өзім білетінімді жазып отырм. Ал ит көлек бұл бала туылған соң 40 күннен кейін болады яғни баланың киміне тәтті заттарды салып оны тігеп иттің мойнына байлайды. Сосын ауыл балдары сол иттің артынан жүгіріп мойнындағын алады сосын сол мойнындағын алған балаға сыйлық береді. 

+1 дауыс
қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп..бүгінде жартылай ғана сақталуда..қазір бұл дәстүр жоқ..бірақ маған осы дәстүрі ұнайды..ол ұрын келу...Ұрын келу, ұрын бару – күйеу жігіттің айттырылған қалыңдығымен танысу үшін қайын жұртына ең алғашқы бару сапары. Қайын жұрт тарапынан бұл сапар “ұрын бару” атанса, осыған байланысты ұйымдастырылған той-думан “ұрын той” атанған..
...