+1 дауыс
3.4k көрілді
Құранның сөздері кімде бар жиберіңіздерші өтініш. Мен Фатиха, Ықылыс, Кәусәр, Қадыр сүрелерін білемін бірақ осы сүрелерден кейін айтылатын дұғаны білмеймін, соның толық нұсқасын беріңіздерші?

1 жауап

0 дауыс
Мен дұғаны былай қайырамын: Алхамду лилла, алхамду лилла, алхамду лиллаһи роббил ғаләмин.Я Аллаһ, я Аллаһ, я Аллаһ! Осы оқылған Құран Шарифтың сауабын, ішкен-жеген тағамдарымыздың сауабын, әуелі өзіңнің ризашылығың үшін пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа Сафиолланың рухына бағыштаймыз. Оның үй-ішіне, сахабалары мен жора-жолдастарына, әулие-әнбиелері мен машайық-пірлеріне бағыштаймыз. Осы өмірден өткен барлық мұсылмандардың рухтарына бағыштаймыз. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын! Аллаһ тағала оларға жаннаттан жай берсін! Осы өмірде біліп істеген, білмей істеген қателерін кешіріп, жақсылардың қатарына қоссын! Артында қалған жандарына бірлік пен береке беріп, аурудан-сырқаудан, қауіптен-қатердан, бәледен-жаладан аман сақтасын! Өліге иман, тіріге берекет берсін! Аумин! Қабыл болсын!
...