0 дауыс
Бейіт басында оқылатын дұға және батасын жібере аласыздар ма?
27.07.2016 13.1k қаралым

2 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қабір басында «Ясин» сүресін оқу мұстахаб (мұстахаб деген ең дұрыс амал дегенді білдіреді). Сонымен қатар бір рет Фатиха және үш рет Ықылас сүресін немесе өзі білген сүрелерді оқып, сауабын марқұмға бағыштаса болады.

Мысалы, жоғарыдағы сүрелерді оқығаннан кейін: "Аллаһым, осы оқылған Құраннан болған сауапты пайғамбарымыз Мұхаммедтің(с.ғ.с.), басқа да пайғамбарлардың, сахабалардың, әулие-әнбилердің, шаһидтердің, т.б. барша мұсылмандардың және марқұм болған адамның(аты жөнін айту керек) рухтарына бағыштадым" деп дұға тілеу керек.
27.07.2016
үздік деді
+1 дауыс
Бір нәрсені ескере кету керек, дұғаны өзіңе емес, марқұм үшін жасау керек. Ең абзалы имам немесе дінді білгір адамға жүгіну.
27.07.2016

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы