0 дауыс
292 көрілді
Бағалы қағаздар ресми тізімге енгізілгенде қандай листингілік алымдар төленеді?

1 жауап

0 дауыс
Листингілік ережелердің 21 және 22 баптарына сәйкес, биржа келесідей листингілік алымдарды алады:

бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы (бағалы қағаздарды ресми тізімнің төменірек санатынан (санатшасынан жоғарғысына ауыстыру) туралы өтінішті қарау үшін – Листингілік ережелердің 2 бабының 1 тармағында белгіленген мөлшердің 0,025 % көлемінде, бұл ретте осы алымның минималды көлемі 100 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, ал максималдысы – 1 000 АЕК. Листингілік комиссиясы бағалы қағаздарды ресми тізімген енгізуден бас тартқан жағдайда бұл алым қайтарылмайды, егер бағалы қағаздар ресми тізімге енгізілсе, бұл алым кіру листингілік жарнасын төлеу есебіне қосылады;
кіру листингілік алымы – Листингілік ережелердің 2 бабының 1 тармағында белгіленген мөлшердің 0,025 % көлемінде, бұл ретте осы алымның минималды көлемі 100 АЕК құрайды, ал максималдысы – 4 000 АЕК. Бұл алым бағалы қағаздар ресми тізімге енгізілгенде (бағалы қағаздарды ресми тізімнің төменірек санатынан (санатшасынан) жоғарғысына ауыстырғанда) (алдыңғы абзацтағы ерекшеліктерді ескеріп) алынады;
жыл сайынғы листингілік алым – Листингілік ережелердің 2 бабының 1 тармағында белгіленген мөлшердің 0,025 % көлемінде, бұл ретте осы алымның минималды көлемі 100 АЕК құрайды, ал максималдысы – 2 000 АЕК. Бұл алым бағалы қағаздардың ресми тізімінде тұрған әр жылына алынады.
...