0 дауыс
286 көрілді
Бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне енгізу мүмкіншілігі туралы биржаның тұжырымдамасы қандай мерзімде дайындалады?

1 жауап

0 дауыс

Бағалы қағаздарды биржаның ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті қарау және тиісті тұжырымдаманы дайындау мерзімі Листингілік ережелердің14 бабында белгіленген.

Листингілік ережелердің 14 бабына сәйкес, бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу мүмкіншілігі немесе, Қазақстан Республикасынан басқа, мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылатын (шығарылған), облигацияларды ресми тізімге енгізуге биржаның келісімін беруі, немесе бағалы қағаздарды ресми тізімнің төменірек санатынан (санатшасынан "буферлік санатынан") жоғарғысына ауыстыру туралы тұжырымдамасы, тиісті өтініш қарауға берілгеннен кейін жиырма жұмыс күн аралығында дайындалуы тиіс.

Бұл ретте эмитенттің және/немесе оның бағалы қағаздарының листингілік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында, өтінішті қараудан уәжделген бас тарту, осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн мерзімінде дайындалады.

...