+1 дауыс
91.5k көрілді
Рахмет пе әлде рақмет пе? Қайсысы дұрыс?

Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ(рахмет) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр: Р.Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, 2000) рахмет түрінде берілсе, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» рақмет түрінде таңбаланған. Қазақ тілінде дыбыстардың тіркесімділігін белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осы тұрғыдан алғанда, қ дыбысынан кейін мдыбысы келе алмайды. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының соңында атын Ахмет не Ақымет (Емле туралы // Еңбекші қазақ. 1929,  27 март; «Қазақстан» мен «Қазағыстан» туралы //Еңбекші қазақ. 1925, 19 май; Жоқшыға дерек  //«Еңбекші қазақ».1925. 14 декабрь; Сәбитке жауап // Еңбекші қазақ. 1928, 26 январь т.с.с.) түрінде көрсеткен. Сол кезеңде басқа қайраткерлер де осылайша таңбалаған: Ақымет ұлы Ілиас Термин туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 7 июнь; Ілиас Ақымет ұлыЛатын қарпі туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 18 апрель. №81 (518); Жанақымет (Ақпанбетов)  Латын әрпі жайында //Еңбекші қазақ. 1927, 26 ақпан. Яғни қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайтынын ескеріп, арасына дәнекер ы дыбысын қосып жазған не Ахмет түрінде таңбалаған.  Сондықтан «Қазақ тілінің анықтағышындағы» академик Р.Сыздықова көрсеткендей, Ахметтүрінде берілгені дұрыс. Ал «х – кірме әріп, фонемалық статусы жоқ» деген ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, А.Байтұрсынұлының үлгісімен арасына ы дыбысын қосып жазу керек деп есептейміз.

21 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Рахмет пе әлде рақмет пе? Қайсысы дұрыс?

Бір әріп ештеңе өзгертпеуі мүмкін. Дегенмен қазір бір әріпке салғырт қарап, ертең тіпті сөздер өзгерсе де, енжарлық танытуымыз мүмкін. Сыртқы жарнамадағы қатені байқап , суретке түсіріп, тіліміз шұбарланып жатқанын жарияға жар саламыз. Ал өзіміз күнделікті өмірімізде ауызекі қолданып жүрген сөздерге,сөз тіркестеріне мән бермейміз. Рахмет пе әлде рақмет пе?Қайсысы дұрыс? Тіпті кейбірі «рақымет» деп те қолданып жүр. «Сұрақ-жауап» сайтынан: «Рахмет деген дұрыс - ақ! Рақмет деген - "бүртүрлі", рахмет десе қаттырақ айтқан сияқты боласың, ал рақмет десе риза емес сияқты болған секілді. Сол себепті "рахмет" дұрыс!», «Рахмет дұрыс, өзім соған үйреніп қалғанмын, Рақмет деген ыңғайсыз естіледі екен..» - осындай жауаптарды көзім шалып қалды. Сөздерді қолдану ыңғайына қарай емес, ғылыми негіздемеге сәйкес болуы керек . «Лұғат» онлайн сөздігінде «рахмет» сөзінің берілуі : «Рахмет»

1) араб тілінен — алғыс. РАХЫМ, РАХМЕТ
1) Жақсылық, игілік, ізгілік, мейірім, қайырым, рақым, қамқорлық (Құранда 156 жерде бар)» . Айта кетерлік жайт, егер латын әліпбиіне көшер болсақ, Х дыбысының таңбасы болмайды. 
Тіл комитетінің басшылығымен, соңғы 2007 жылы шыққан "Орфографиялық сөздікті" басшылыққа алатын болсақ, сөздіктің 331-ші бетінде бұл сөз "қ" дыбысымен жазылған. Яғни, дұрысы "рақмет".
«Кітап.кз» сайтының әмбебап сөздігінде «рахмет» сөзі кездеспейді, алайда «рақмет» бар. Тіпті мысалдары да жеткілікті. «Рақмет» сөзі – ілтипат білдіріп айтылатын ризалық алғыс.

«Себеп не екен? Бастап мені таптыңыз, Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз. Мен даярмын, р а қ м е т сізге, қарындас, Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз» (М.Жұмабаев, Шығармалары). Абай ешнәрсе демеді. Тек қана үлкендерге еріп бата қылып: – Рақмет! Батаңызға р а қ м е т! Дегеніңіз келсін, Байсал аға! – деді (М.Әуезов, Шығармалар).

Алтындай уақыттарыңызды бөліп, оқып шыққандарыңызға рахмет! Әлде рақмет пе ?! Сауатты жазайық, адамдар!

Сая Елемесова

https://www.facebook.com/assol.saya/posts/430378407162629?pnref=story

+1 дауыс
Рахмет дұрыс, өзім соған үйреніп қалғанмын, Рақмет деген ыңғайсыз естіледі екен..
Осы қазақ тіліндегі  тыныс белгілері мен сөздің жазылулары мені шаршатты. Бір жүйе жоқ. Бетімен кеткен. Әдебиетшілерді, тіл мамандарын
атып тастау керек
0 дауыс
https://surak.baribar.kz/161794
оны көрдім
0 дауыс
Рахмет деген дұрыс - ақ! Рақмет деген - "бүртүрлі", рахмет десе қаттырақ айтқан сияқты боласың, ал рақмет десе риза емес сияқты болған секілді. Сол себепті "рахмет" дұрыс!
0 дауыс
Рахмет деген дұрыс     .
0 дауыс
Ракмет деп айтылады Рахмет деп жазылады,,,озим рахмет дегенди дурыс корем
+2 дауыс
Негізі бұл сөз кіріккен сөздер тобына жатады. Сөздің түп мағынасы "рахым ет деген сөздің бірігуінен жасалған, екі сөз түбірін өзгерте байланысқан. Сондықтан, дұрысы - "рахмет"
Бірінщіден, қазақ тілін оқыңыз, ал екіншіден,  кіріккен сөз де біріккен сөздер қатарына жатады. Кіріккен сөз -түбірін өзгерте түбірімен бірігуді айтады. Аяғым бар деп әр жаққа бармағаныңыз жөн болар. Алдымен қатені түзеу үшін, бос қазанның ішін толтыру қажет.)))) Рахмет,сәттілік!
Әрине сізде кешіріңіз түбірді өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді.Екі түбір сөздің біргіуін біріккен сөз дейді,мүмкін кіріккен  сөз деген бар болса,бар шығар бірақ ондайды мен білмеймін.Ал қазақ тілінен беспін!Екіншіден аяғым бар деп әр жаққа бармаймын аяғымның шамасы қай жерге дейін жүруге жетсе сол жерге барамын!Үшіншіден адам алдымен өз қазанын қандай тағаммен толтырарын ойланып алу керек өзгелердің қазанын толтыруға кеңес берместен бұрын!Сізгеде рахмет сәттілік)))
жәрайды рахмет. Біріншіден, Маған мін тағар болсаңыз себебін айтыныз түсіндіре берініз, таба алсаңыз мойындаймын .Екіншіден білмеген жерге түмсығымды сұқпаймын, мендегі тек халық қамы соны ұғыныз. Қатенізді түзетер едім сізге түсідіріп, бірақ көп уақыт керек.  Сөз жоқ недеген қателер мен сізге еш мін тақпаймын))) Мұғалімдер де асқар тау. тек беспін дегенініз мұғалімдерініздің атын таудан жерге түсірендей болды. Жауап жазбаныз өтініш болды. Мен сізбен талқылауға емес басқа адамдар қате пікірде қалмасын деген түзедім. ))))
ммм рахет басқа айтарым жоқ!Бұл жерде барыс септігінң сұрағы кімді нені екенін ғана мойындаймын!Ал рахмет сөзінде ет деген түбірдің көмекші етістік екенін еш мойындамаймын,Ал мұғалімдерді таудан түсіріп отырған жоқпын яғни шәкірт өз ойын өзгелермен ортаға салса ол мұғалімнің жемісі.Ал адамның басын қазанға теңеу дұрыс емес яғни қоғамдық ортада астарлы сөзбен болсын!Менің басым бос болса,осы оқу жылын жақсы бітірмес едім.Және кіріккен сөз деген тақырыпты өз басым оқымаппын сосын айтып отырмын!Бәлкім 10 сыныпта оқыйтын шығармын!
Асеке, айтқандай қазақ тілінде "кіріккен" сөздер тобы жоқ. Кірме сөздер бар. Ал сенің айтып отырғаның "кіріге біріккен" сөздер. Және басқаға ақыл айтпас бұрын, алдымен өзіңнің айтқаныңның дұрыстығына көз жеткізіп алғаның дұрыс.
Кешіріңіздер, əрине. Қате туралы айтып, пікір жарыстырып отырсыздар ғой. Бірақ сіздердің қай-қайсыңыздың да жазғандарыңызда қате сыңсып тұр. Қазақ тілінде кіріге біріккен сөздерді " кіріккен сөздер" дейді. Осы сөзді "естімедім" деп отырғанның өзі - ұят. 6- сыныптың сөзжасам бөлімінде күрделі сөздерді өтеді. Күрделі сөздер өз ішінен біріккен, қос сөз , тіркескен сөз жəне қысқарған сөз болып бөлінеді. Бұлардың əрқайсының өз ішінен бөлінетін түрлері бар. Соның бірі- біріккен сөздің сөздердің түбірін сақтай немесе дыбыстық өзгерістерге ұшырап бірігуіне сəйкес  екі түрге( біріккен жəне кіріккен) болып бөлінеді. Мысалы, біріккен сөз -Екібастұз, ал кіріккен сөз - биыл( бұл жыл), қыстыгүні( қыстың күні), т.б..  кіріккен сөздерді кірме сөздермен шатастырып қажеті жоқ. Біле жүріңіздер. 6-сыныптың оқулығын немесе Ахмади Ысқақовтың " Қазіргі қазақ тілін" оқып шықсаңыздар болады. Жəне демеулік шылауды да оқығандарыңыз -   дұрыс. Əсіресе, да шылауын. Бөлек жазылу керектігін ескеріңіздер.
Кіріккен сөз деген бар, жоғарыда айтылғандай түбірімен өзгерген сөздер. Біріккен сөздер қатарына жатады. Білмесеңіздер теріс пікір қалдырмай отырыңыздар. Бір нəрсе айтпас бұрын кітапты ашып қарағандарыңыз дұрыс болар еді.
+2 дауыс
Дұрысы - "рақмет". Сөздік сайтында да солай жазылған екен.

 
Бұл жерде сөз анық айтылады. Мен мысалы алдымдағы адам рахмет деп әлсіз тонмен емес, қатаң тонмен "рақмет!" деп айтқанын қалаймын және өзім де солай айтқанды жөн көреді екенмін. (ізгі ниетпен әрине)
+1 дауыс

Қазақ тілін білмегеніміз ұят, қазағымызға. Кіріккен сөз деген не? Біріккен сөздер деген не ? деген достарымыздын құлақтарына алтын сырға!!!!
Сөз құрамы. Біріккен сөздер, түрлері, емлесі
Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз.
Дара сөз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б.
Күрделі сөздер екі немесе одан да көп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні, т.б.
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: бірікен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.
Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.

Кіріккен сөз - сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы: қол + қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып +бар = апар, тұрып+кел = түрегел, ащы тас = ашудас, жаздың күні = жаздыгүні, Орнын басар = Орынбасар, Өмірі ұзақ = Өмірзақ, солай етіп = сөйтіп, т.б. 
Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дәстүр бойынша бірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.
Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкөгершін, бұзаубас, т.б.

0 дауыс
ракмет деп мен айтуды уйренип калгам! Жанеде Ракмет деп жазылганы алде кайда сауаптылау!! Рахмет деп биздин казактар уйренип калган просто!
0 дауыс
Рахмет деп айтқан дұрыс
0 дауыс
Қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына және орфографиялық сөздікке сәйкес рақмет, рақым, рақат сөздері "қ" әрпі арқылы жазылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде де "қ" әрпі арқылы көрсетілген. http://mtdi.kz/til-bilimi/sozdikter/orfografia/219-orfografia-r
0 дауыс
Орфографиялық сөздікте "рақмет". Сондықтан жазған кезде осы сөздікке сүйеніп жазсаңыз, қателеспейсіз. Айтқан уақытта қалауыңыз білсін.
0 дауыс
Рақмет деп жазамыз, ал рахмет теп айтамыз.
0 дауыс
Рахмет дұрысы менің ше Ол сөз Аллаға сіз үшін Рахым ет деген дұғасынан Орыстардығ Спасибосы Спаси Бог деген тіркестерден шыққаны сияқты менің ше Рахым етіміз жөн ау ең дұрысы Алла разы болсын дегені ғой)
...