+7 дауыс
24.1k көрілді
Осы неге арзымайды дейди екен рахмет деген де? Мағынасы қандай? Арзымайды сөз рақмет айтқанда қолданылады ма?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Маған "арзымайды" сөзі өте ұнайды, "арзу" деген  "орны толу" / "есесі қайтты" деген сөз, ал "арзымайды" деген ол "рақметіңнің қажеті жоқ" деген сияқты, диалект сөздері тілімізді байытады!! Кез келген диалектизмдерді оқып, қабылдап, қолдануымыз керек деп ойлаймын.
+2 дауыс
арзымайды - оқасы жоқ дегеннің синонимі.
Магынасы не дейди да) ;-)
ал мағынасын білмедим ал ))))
арзымайд - ештеңе етпид деген шығар))
+4 дауыс

Бір кісінің сөзі, автор мен емес: Менің ойымша, "арзымайды" деген де қазақтың сөзі емес. Бұл сөзді өзбектерден естігенім бар. Олар біреудің рахметін естігенде "арзымайды" деп жауап қатады. Өзі сірә, қазақтың сөзі емес. Соңғы шығып жатқан түсіндірме сөздіктерден де (бұрынғылары менде жоқ) кездестірмедім. Сондықтан, мұны қолданудың қисыны жоқ сияқты. Дұрысы, "Алла разы болсын!" деген сөз. Кез келген игі амал, ізгі іс Жаратқанның разышылығы үшін жасалуы тиіс. Сондықтан ісіңе, көмегіңе разы болған адам саған рахметін айтқанда, "Алла разы болсын!" деу әлдеқайда абзал.

мен бул созди "арзымайды" кызылордалык дос кызымнан естигем, админнин жауабы шындыкка жакын...
+3 дауыс

"Арзымайды" деген сөз өзбек фильмдерінен естігенім бар еді. Бірақ қазақтар қолданғанда ештеңе емес сияқты. Кім біледі, өзбектер бізден алды ма, әлде біз өзбектерден алдық па?! Орыстың "не за что, не стоит блогодарности"  деген сияқты сөзіне жақын.

Мағынасы: "менің сізге істеген жақсылығым немесе ісім рахмет айтуға тұрмайды, яғни арзымайды" деп сыпайылықты білдіреді.

Озге тілдің барін біл, бірақ өз тіліңді құрметте Гарфиелд! Олай ода тұрған ештеңе жок сиякты деме сен. Тілін үшін басың ауырмаса араласпа мұндай тақырып қозғалса!
Мен сіз сияқты ұлтшыл емеспін, өз ұлтымды сүйемін, бірақ өзге  ұлттарды сыйлап, тең дәрежеде көремін.
 Мейлі, сіздің-ақ тіліңіз үшін басыңыз ауыратын болса, алдымен осы пікіріңізден бастаңыз, "Ө"-ні О деп,қ,ә деген әріптердің жазып үйренсеңіз жақсы болар еді..
тағы бір айтарым, жөнсіз пікір жаза бергенше, жақсылап ойланып жазайықшы, ағайын ;)
Тырнақтың астынан кір іздейтін заман ғой қазір, түсінем әрине! айтып қалу керек ғой тек. жарайсың!
Бір-бірімізді түсінгеніме қуаныштымын, аса мәртебелім!
+2 дауыс
Арзымайды деген ол рахмет дегенге татымайды деген сөз. Яғни оның сұрағына жауап беру немесе шаруасына көмектесу саған еш қиындық туғызбаса айтылатын "дежурный" сөз.
0 дауыс
оқасы жоқ деп айту дұрыс па мен өзім солай айтам  қостанай облысынанмын
0 дауыс
Рахмет айтқан адамға арзымайды деп жауап береді.
...