+3 дауыс
27.1k көрілді
Бүгінде қазақ тілін үйрету оқулықтарында да, жастардың қолдансында да “Рақмет” дегенге “Оқасы жоқ” деп жауап қолданып жүр. Бәлкім бұл, орыс не ағылшын тіліндегідей бір сөз табудың амалы деп қарастырылған шығар. Алайда “Оқасы жоқ” деп кешірім сұрағанда айтушы еді. Оқулықтарға не сөздіктерге еніп жатқан сөздерді бақылайтын не “сүзгіден” өткізіп отыратын мекеме бар ма? Бар болса, мұндай жайттар қашан қолға алынады екен. Себебі қолданысқа еніп кеткен бұрыс сөздерді кейін түзету қиын болып қалады-ау!

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен "оқасы жоқ" деп жуап беремін. Мында, Алматыда көбінесе "арзымайды" деп айтады екен....
+2 дауыс

Ф.ғ.к., доцент Б.Ж.Исхан

Рас, тілді реттеп отыруға болады дегенімізбен, көбінесе, сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуын, жаңа қолданыстардың пайда болуын жалпыхалықтық табиғи қолданыс анықтайды. Біреудің кейбір қате қолданысы біреуге ұнап қалып, жиі айтатын болған соң, оны екінші біреу қағып алып, әрі қарай жалғастырады. Сөйтіп, сол сөз қолданыс сәнге айналады. Мысалы, біздің (Шығыс Қазақстан, Тарбағатай ауданы) жақта сәлемдесіп, хал-жағдай сұрасқанда «сән» деп жауап қайтару дәстүр болып кеткені, қашан! Тіпті 30 жылдай болды-ау деймін! Өзім осы сөзді біреу кезінде әзілмен айта салған шығар деп ойлаймын. Ал «оқасы жоқ» деген қолданыс орыс тіліндегі «не за что» дегеннің баламасы – жасанды сөз тіркесі екені анық. Сол себептен рақмет айтқанда да, кешірім сұрағанда да орыс тілінің ізімен қолданып жүрміз. Ал елімізде қате қолданыстарды «бақылайтын» не «сүзгіден» өткізіп отыратын» арнайы мекеме жоқ. Сондықтан да сөздердің қате қолданысын дер шағында түзеп отыру немесе жас ұрпақтың бойына дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру бәріміздің парызымыз болар. Әсіресе, аға ұрпақ пен ұстаздар қауымы, ақын-жазушылар, баспалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері (редактор, корректор, журналист) бұның негізгі «бақылаушылары» болуы керек-ау деген ойдамыз.

Ақпарат көзі: http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

–2 дауыс
міндетті түрде оқасы жоқ деп айту керек
0 дауыс
Дурыс болып келеды
0 дауыс
Қазақта "рахмет" деген сөзді сирек қолданған.  "Рахмет"-ке ештеңе деп жауап қайтармаған. "Оқасы жоқ" деген сөз орысша "спасибо"-ға "пожалуйста" деп жауап берудің қолдан жасалған баламасы.
0 дауыс

рахмет дегенге мархабат дет жауап беру керек

0 дауыс
Негізі рахмет деген сөзге окасы жок деп айтуға болмайт рахмет жумакка кргзетн кілттердің бірі ал сен окасы жок керек емес деп бастартып туған болып есептеледі
...