+2 дауыс
Неліктен рақмет айту күнінде күрке тауық етін жейді?
11.07.2014 627 қаралым

1 жауап

+2 дауыс
XVII ғасырда алғашқы еуропалық көшіп келушілер Америкаға Еуропада өсірілген күрке тауықтарды алып келіп, оларды жабайы американдық түрлерімен будандастыра бастаған. Қазір АҚШ - та кең танымал күрке тауық түрі - ақ голландиялық күрке тауық, ол ең көп ет береді. 1620 жылы 11 желтоқсанда Mayflower кемесімен жүзіп келген алғашқы англиялық колонистер Плимут-Рок жеріне келіп түскен кезде, қыс өте ауыр болып, 1621 жылы 102 адамнан, 56 адам ғана тірі қалған. Алайда олардың алғашқы егіні мол болып, олардың алғашқы губернаторы Уильям Бредфорд оны үлкен тоймен атап өтуді ұсынған. Тойға тірі қалған адамдар мен оларға көмектескен 91 үндіс қатысқан. Ет үшін олар үндістермен бірігіп, жабайы күрке тауықтарды аулап алып келген. Осы уақыттан бастап, қараша айының соңғы бейсенбісінде рақмет айту күні тойланып келеді.
11.07.2014
Өте жақсы жауап!
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,977Қолданушы