Рахмет пе әлде рақмет пе? Қайсысы дұрыс?

+1 дауыс
98.0k қаралым
Рахмет пе әлде рақмет пе? Қайсысы дұрыс?

Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ(рахмет) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр: Р.Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, 2000) рахмет түрінде берілсе, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» рақмет түрінде таңбаланған. Қазақ тілінде дыбыстардың тіркесімділігін белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осы тұрғыдан алғанда, қ дыбысынан кейін мдыбысы келе алмайды. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының соңында атын Ахмет не Ақымет (Емле туралы // Еңбекші қазақ. 1929,  27 март; «Қазақстан» мен «Қазағыстан» туралы //Еңбекші қазақ. 1925, 19 май; Жоқшыға дерек  //«Еңбекші қазақ».1925. 14 декабрь; Сәбитке жауап // Еңбекші қазақ. 1928, 26 январь т.с.с.) түрінде көрсеткен. Сол кезеңде басқа қайраткерлер де осылайша таңбалаған: Ақымет ұлы Ілиас Термин туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 7 июнь; Ілиас Ақымет ұлыЛатын қарпі туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 18 апрель. №81 (518); Жанақымет (Ақпанбетов)  Латын әрпі жайында //Еңбекші қазақ. 1927, 26 ақпан. Яғни қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайтынын ескеріп, арасына дәнекер ы дыбысын қосып жазған не Ахмет түрінде таңбалаған.  Сондықтан «Қазақ тілінің анықтағышындағы» академик Р.Сыздықова көрсеткендей, Ахметтүрінде берілгені дұрыс. Ал «х – кірме әріп, фонемалық статусы жоқ» деген ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, А.Байтұрсынұлының үлгісімен арасына ы дыбысын қосып жазу керек деп есептейміз.
• Санаты: Қазақ тілі

21 жауап

0 дауыс
Дұрысы рақмет, жазылуы рақмет, ал оқылуы рахмет
0 дауыс
Егер күманді жағдайға тап болсаңыз, Казақ тілінің орфографиялық сөздігіне жүгініңіз. (Маған бұлай айтылған унамайды сондықтан "Рахмет" дұрыс) деген сияқты сөздеріңізге келіспеймін, кез келген жауапты негіздемеге сүйеніп, дәлелмен келтіру керек.Дұрыс нұсқасы "Рақмет", бұған дәлел Тіл комитетінің басшылығымен 2007 жылы шыққан «Орфографиялық сөздігінің 331-бетінде бұл сөз «рақмет» деп жазылған.
0 дауыс
Қай сөздік болсын Рақмет-жазылады, раxмет-деген орысшалау сияқты.
0 дауыс
Дұрысы- Рақмет! "Х" əрпі арқылы жазып үйреніп қалдық
0 дауыс
Тіл рақмет рахмет
0 дауыс
Арабтың рахма, рахман, рахим сөздерінің рақымет сөзіне қатысы шамалы. Діни тақырыпқа жақындығы ғана.Сөзді арабтан шыққан деп қатені қайталай бермеген жөн. Рақымет сөзі-құдай рақым етсін деген сөз. Орыстағы спасибо, спаси бог деген сияқты.Спасибо орыстардың әдебиетіне де  19 ғасыр шамасында ене бастаған. Орысша спасибо сөзін аударғанға рақымет сөзі ыңғайлы болған соң қолданысқа еніп кеткен. Ауылды жерлерде 1980 жылдардың өзінде рақымет сөзі кең пайдаланбайтын. Орнына бата, тілек немесе алғыс айтатын. Өркенің өссін, көп жаса, тілеуіңді берсін, бала шағаңның рахатын көр деген сияқты.

Ұқсас сұрақтар

127,761 сұрақ
322,326 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы