+1 дауыс
3.0k көрілді
Үндістанда неге қыс болмайды? Барлық жерде қыс болады ғой!
Барлық жерде қыс бола бермейді. Мысалға экватор маңындағы елдерде қыс болмайды. Ылғи жаз болып тұрады. Ал солтүстік полюсте ылғи қыс болады. Жаз болмайды. Тек қоңыржай белдеуінде ғана төрт мезгіл байқалады.

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Себебi Үндiстан тропикалық аймақта орналасқан.
+1 дауыс
Үндістанның климаты негізінен тропиктік, солтүстігінде тропиктік муссондық. Үндістан егіншілігі үшін орасан рөл атқаратын жазғы ылғалды муссон кезінде жауын-шашынның 70 — 90%-ы түседі. Қысы құрғақ әрі салқын, наурыз айынан мамырға дейін құрғақ, ыстық маусым басталады. Қаңтардың орташа температурасы солт-тегі 15°С-тан оңт-тегі 27°С-қа, мамыр айында 28°С-тан 35°С-қа дейін жетеді. Инд-Ганг жазығының батысындағы жылдық жауын-шашын мөлш. 100 мм-ден кем болса, Деканның орталық аудандарында 300 — 400 мм, Шығыс Гималай мен Гаттардың сыртқы беткейлерінде 3000 — 6000 мм-ге, Шиллонг таулы жазығындағы (Жер шарындағы құрлықтың ең ылғалды орны) Черапунджиде 12000 мм-ге дейін жетеді. Еріген қар, мұздықтар мен жауын-шашын суымен толығатын Гималайдан басталатын өзендердің суы жыл бойы мол болады. Декан үстіртіндегі өзендер ағыны муссондық маусымға байланысты өзгеріп отырады, маусымнан қазан айына дейін суы молаяды. Барлық ірі өзендерде жазда су деңгейінің шұғыл көтерілуі байқалып, тасқын жиі болып тұрады.
+1 дауыс
Қыс болады, бірақ қыс мезгілінде қар жаумайды оларда. Себебі, Үндістан тропикалық аймақта орналасқан.
0 дауыс
Себебі Үндістан Экваторлық белдеуде жақын!
0 дауыс
себебі мұхиттын жанында  орналакан ал мұхит жаз бойы ыстыкты алып кыста соны жібереді
...