+3 дауыс
6.7k көрілді

Не ғо, асық пен тобықтың етін жеуге болмайды дегенді естіген едім кішкентайымда, жаңа әбетте тобықты оқсатып мүжіп болғасын есіме түсті. Ендііі сол, неге тобық пен асықтың етін жеуге болмайды делінген? Сосын кішкентайымда тобықты сабаққа ұстайтын сөмкеге салып жүретінбіз, 5 аламыз деп, уооот, енті тағы бір сұрақ, жұмыс үстеліме әкеліп қойдым тобықты. Бұл менің жұмыс жасау өңімділігімді қаншалықты арттырады? :)

тобық

8 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап

Абылай, сұрақ ұнады, осы бір қарапайым сұрақтың өзі біздің аталарымыздың керемет болғанын,ұрпағының ден-саулығына,оның түрлі қатерлерден аулақ жүруін қадағалап отырғандығынан хабар береді. Тобық та, асық та жан-жағы жұмыр,кішкене ғана сүйек, әрі еті сіңірлі,қатты, сүйектен ажырауы қиын мүшелер. Міне сол кішкентай ғана тобықты немесе асықты мүжимін деп мыжғылап отырып балалар жұтып қоятын, сөйтіп қазіргідей жедел жәрдемі жоқ заманда бала өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайлар дала өмірінде көптеп кездескен. Сондай қауіптен сақтандыру үшін үлкендер "Тобықты тіспен мүжімеңдер,тобыққа тісің тисе түсіп қалады"-деп сақтандыру мақсатында қорқытып отырған.

Сіздің нақты жауабыңыз ұнады. +1 Өте жақсы жауап.
Жақсы жауап деп белгілесем Абылай ренжіп қалар ма екен
Сіздің жауабыңыз мені ойландырып тастады,шынында асық та,тобық та кішкене жұмыр сүйектер,сондықтан қауіптің алдын алған екенғой,үлкендер.Бірақ мен бала күнімде маған ешкім асық,тобық мүжіме деп айтқан емес.Ал жұлын жесең суға кетесін,ми жесең былжырақ боласын деп оларды жегізбеді.+1 сізге
0 дауыс
Асық пен тобықтың етін жеуге болмайды-дегенді естімеппін,Біздер кішкене күнімізде жіліктің басындағы асыққа таласатын едік,асықты алып жып-жылтыр қылғанша мүжіп,тазалап асықтарымызға қосып қоятынбыз.Енді тобықтың жұмысқа көмегі тиеді деген-ырым болар.
+2 дауыс

Оны жегенде тұрған ештеңе жоқ,бұрында тобықты тазалап мүжіп,ойын ойнаған,ойын шарты былай:2 адам уәде бойынша біреуі тобықты алады,оны өзімен бірге алып жүру керек,ал екінші адам орайы келген сәтте барып тобықты әкел дейді,сол кезде тобықты өзімен бірге алып жүрген адам оны сол бойда өзінің бір жерінен шығарып беру керек,егер тобықты міне деп өзінің бір жерінен шығарып берсе онда жеңгені,ал егер жоғалтып алса,не болмаса уйде қалып қойды деген сияқты әңгімелер айтып тобықты таба алмаса жеңілгені,сосын жеңілген адам жеңген адамға бірдеңе алып береді екен(тобықты әкел деп сұрауға уақыт қойылмаған,яғни 1 айдан кейін бе,1 жылдан кейінбе орайы келген сәтте сұрауына болады)

Жақсы ойын екен,мен ондай ойын ойнап көрмеппін,қазіргі кезде ойнаса,онда тобықты ұялы телефонның бауына тағып қой десейші:)
Тағып қойғанда ұтылып қалу қаупі бар,себебі мысалы түнде ұйықтап жатады,сотка басқа жерде тұрады ғой,(мысалы үстелдің үстінде) сол кезде қарсыласың сұрап қалса табық ана жерде қазір алып берем десең онда ойыннан жеңілгенің,себебі қай кезде де тобық сенде болуы керек
0 дауыс
Иа бар ондай)) асықты пышықпен тазалап алып бірақ жегізбейтін. Сосын тағы "жұлынды жесе жұлындай үзіледі" деп ырымдап жұлынды да жегізбейді ғой, бірақ дәмі керемет, ешкімге айтпай тығылып житінбіз)) Бұл да сондай сияқты шығар, тобық жесе тобықтай болып қалад деп па)) тағы сол тобықтан амулет жасайтын сияқты еді, шатастырмасам) сол баяғы эффект плацебо шар бол жұмысқа көмегі жайлы да, соны оқығалы ешқандай ырымға сенбейтін болып алдым))
–2 дауыс
Казакка ет болса болды шайнамай жута берген.Тобык болсын баска болсын...!
Казак деген ұлт жер шарынын қай жерін мекендеген???
Белгісіз
Ответчик! Қазақтар туралы түсінігің біртүрлі екен.
Казак дегенді қойындаршы осы. Біз ҚАЗАҚПЫЗ!! КАЗАК емеспіз.
0 дауыс
Бұрынғының үлкендері тамақтың(еттің)ең дәмді жерлерін балаларға жегізбей өздері жегенғой,Ми жесең мидай былжырақ боласың,жұлын жесең суға кетесің,т.с.с.Ал балаларға қойдың құлағы,сияқты шеміршек жерлерін бергенғо.Кішкентай кезімізде қойдың құлағын берсе мәз болатынбыз,ал қазіргі балалар құлақ жемейді.
Қалай болса солай жауап жазуға болмайды. Мен түсінемін қатарлармен ойнауға болады,бірақ сайтқа басқа да адамдар,басқа ұлт өкілдері де кіруі әбден мүмкін. Сонда олар біздің бұрынғы бабаларымыз туралы не ойлауы мүмкін. Малдың миын үлкендер жастарға асататын болған,демек жеуге тиым болмаған.Ал балаларға тиым салу себебі ми тез бұзылатывн тағам,бұрынғы уақытта қазіргідей тоңазытқыштар,анау-мынау ұшынатын жағдай болса жедел жәрдем болмағандықтан  болмағандықтан сақтандыру мақсатында болған. Ал құлақты балаларға ұсынуда өте зор мән болған. Ол заманда мектеп,кітап,ғаламтор,кино т.с.с болмағандықтан, негізгі тәрбие үлкендердің ақыл айтуымен берілген. Сондықтан да қариялар балаларға құлақ ұсынып "Айтқанды қағып алатындай ұғымтал бол"-деп бата берген. Қазіргі балалардың құлақ жемейтіні күнделікті өмірде байқалып жүргендей ғой))))
0 дауыс
Біздін папымдар алты жыл аштық келседе асықты мүжіме тоғыз жыл тоқтық келсе де тобқты мүжі деп айттып еді. Папымнын айтқанын сенетін болсақ тобықты мүжу керек!!!
Папыңыз жақсы айтыпты.ӘКЕҢІЗ АУ ДИМІН
0 дауыс
Тобық етін жеуге болмайды дегенді сізден естіп отырмын. Керісінше қазақта " Тоқ болсаң да , тобықты тастама, Аш болсаң да, асықты мүжіме " деген мақал бар. Соған қарағанда қазақ тобықты мүжіген сияқты.
...