0 дауыс
10.1k көрілді
Жүкті әйелге түйенің етін жеуге болмайды деп жатады,неліктен солай? Ол несімен зиян?

7 жауап

0 дауыс
Жүкті әйелдер түйенің етін жемейді. Жесе – баланы он екі ай көтереді, тоғағы қатты болады деп ырымдаған. Түйенің етін жеп, уағында толғатып, мезгілінде босана алмаса – сол үйдің төріне сойылған бураның бас сүйегін іліп қояды. Онысы - әйел тез босансын дегені. Осындай ырым бар екен қазақта.
0 дауыс
Жәй әзіл ретінде айтылған ғой, түйе етінің бас еттерден көп айырмашылығы жоқ
0 дауыс
Негізі жай қарап тұрсаңыз түйенің жайбасрлығы бар. оның төзімі де сондай. Оған қоса түйе өзінің төлін жыл он екі ай көтеріп жүреді екен. Осыдан да жүктілік кезінде түйенің етін жеуге болмайды. Алдын естуім бар, босанар мерзімі өтіп бара жатқан әйелге "түйенің етін жеп алғаннан сау ма өзі?" деп. Бұл ырымның қазатрада бары рас.
0 дауыс
Туу уақыты алыстайды..
0 дауыс
Түйе етін жүкті әйел жесе түйе сияқты 12 ай көтереді деп ырымдаған бұрынғы апаларымыз.Білмей жесе ештеме етпейді деп жатады,бірақ толғағы жоғалып туатын мезгілі алыстайды.Сол кезде апалар түйе жүнін күйдіріп иіскеткен екен және үлкен киізге жүкті әйелді домалататын болған деседі.
0 дауыс
"Жел түрмаса шөптің басы қимылдамайды" дейді, жәйден жәй айтылған сөз есем меніңше, түйе 12 айда туатыны белгілі, оның еті мен сүтін ішсе адамдар да солай ұзақ көтерген фактілер болған. Барлығында болмаған шығар, бірақ жәйден жәй айтылмаған деп ойлаймын, осы туралы бір газетте жазылғаны бар еді, түйенің еті мен сүтінде бір зат бар екен, туу уақытын ұзартып жіберетін, содан болса керек. Мүмкін кейбір  адамдарда түйе етін жесе де ештене етпейтін де шығар
Білмедим, мен улкен кызымды көтеріп жүргенде түйе сүтіне жерік болдым, кишкентайымда да түйе етіне жерік болдым толгагым жеңіл болды, Аллага шүкір, есеине угроза деген бәледен бірден құтылдық қой.
0 дауыс

Балық жеуге болмайды дейді жүкті əйелге (нəресте балық сияқты сөйлемей қалады дейді) қаншалықты рас? 

...