0 дауыс
4.8k көрілді
Үндістанда іріқараны пір тұтады.Ірі қара деп отырғаным сиыр.Яғни, Ундістанда сиырдың етін жемейді, сиырды қамшымен ұрмайды.Сиыр өз ажалымен өледі екен .Ал, сұрақ: Қазіргі кезде Ундістанда іріқаралар саны шектен тыс көбейіп кеткен, енді оларды не жемесе, не соймаса оны не істейді? Неге олар сиырды ерекше қадірлейді? толық мағұлмат кере еді.Орыс тілінде жазылған мағұлматты жасырып тастаймын!
Сұрақтың жабылу себебі: Манас ағай нақты жауап берді.

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрбір халықтың өзіне тән діни сенімдері, салттары, әдет ғұрыптары болады емес пе (негізінен басқа халықтарға оны жете түсіну қиын сияқты, бірақ әрине дәстүрлерін сыйлау керек). Сиырға табыну өте күрделі түсінік, ол үшін бүкіл индуизм дінін түсіндіріп шығу керек. Қысқаша жазып қарайын:
.
Сиырға табынудың шығу тарихы өте тереңде жатыр. Индуизм дінінде (естуің болар үнділердің негізгі діні) сиырға өте көп мән береді. Мысалы Ригвидеде (Үнділердің діни кітабы) 50мыңнан астам Сиыр атын кездестіруге болады екен. Кришнаның өзі сиыр бағушы ретінде суреттеледі. Сиыр олардың түсінігінде тазалықтың, қасиеттің  және Жер-ананың (біздің түсінігіміздегіден басқашалау) белгісі саналады.  Сиыр сүтін де ерекше қадір тұтады, аналық образ ретінде (Олар өз құдайларын аналық,  аталық құдайлар деп екіге бөледі). Яғни тіршілікті жалғастырушы ретінде қарайды.
.
Әрине олар сиыр етін жемейді, өз ажалымен өледі.
Бірақ оларда индустардан басқа көп халықтар тұрады, христиандар, мұсылдандар т.б. деген сияқты басқа діндегілер. Әрине адам болған жерде қылмыс, тойымсыздық болады демекші Индияда да жасырын айдап кету, шекара асыру және жасырын сиыр сою көптеп кездеседі екен. Индия Үкіметі олармен барынша күресіп келеді, соңғы уақыттарда басылып келе жатырғанға ұқсайды. Ұзақ мылжыңдап кетсем кешірерсіз.

![description][1]


  [1]: http://img-fotki.yandex.ru/get/5703/nirmallife.36/0_506c0_a78a99f1_L
көп көп рахмет...қанағаттандым...
Сиырды қадірлеу мынадан шыққан: Бұрында Иса пайғамбар біреу өлгенде сиыр етін кесіп, онымен жаңа өлген адамды ұрған. Сол кезде өлген адам бір сәтке тіріліп, өзін  кім өлтіргенін айтады. Міне осыдан!
+1 дауыс
Себеі олар сиырға сиынады
оны білемінғой...бірақ неге сиыр? неге жылқы емес? бірақ малға сиыну дегенді түсіне бермейін.Сонда олар сиырға сиынса бірдеңе болама екен?

Ұқсас сұрақтар

...