–3 дауыс
4.2k көрілді
Адамдарды жек көруге болмайды дейді.Мұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Ойларыңызбен бөліссеңіздер……
Минус немесе сұрақты жабайын деп жатсаңыздар тікелей өзіме себебін айтуларыңызды сұраймын.Себебі бұл сұрақтың белгілі бір мәні бар.Сауалнама ретінде қарауларыңызды сұраймын……
Ұмытпаңыздар жек көру мен ұнатуды шатастыруға болмайды.Бәріміз ұнатпауымыз,жек көруіміз мүмкін.Мұны да естен шығармағайсыздар.

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмірде айналаға көзқарас, мінез - құлық сәйкессіздігі, таным - талғам үйлесімсіздігі сияқты себептермен адамға адамның ұнамауы әбден мүмкін. Бірақ адамды да, аң -құсты да, жалпы тіршілік атаулыны мұрын шүйіре, жиренішпен жек көруге болмайды. Себебі мына дүниеде олардың бәрінің өз орындары, өз атқаратын тірліктері, бірінің жоғын бірі толықтыратын міндеттері бар. Мысалы, бір адамдар араны шағатын жәндік деп жек көреді, ал сол аралар болмаса жер бетіндегі қаншама гүлдер, жеміс - жидектер тозаңданусыз жойылып кетуі мүмкін еді. Ал адам Аллатағаламның ең көркем туындысы, өздерің ойлап көріңдерші 18 мың ғаламның жаратушысы Аллатағаламның туындысын жек көруге, сен осыны дұрыс жаратпадың деп айтуға бола ма? Әрине болмайды, сондықтан пенделікпен ұнатпауға болса да жек көруге болмайды. Шамаларың келгенше адамдарды жақсы көруге, жалпы тіршілік иесін ұнатуға тырысқандарың абзал болар еді.
Керемет жауап.Осыны күткенмін)
Менің ойымды оқып қойған сияқтысыз…
Сонда осылай ойлайтын бір-ақ адам болғаны ма?!
Аллаһ тағала әр жаратқан адамын жақсы көріп жаратады емес пе?!Ал біздің оның жаратқанын жек көруге құқығымыз бар ма?
Жоқ,біз тіпті өз-өзімізді жек көре алмаймыз,біз де Аллаһтың жаратқанымыз…Осыны түсінетін сіз ғана ма???
0 дауыс
Жек көруге лайық адамды жек көріп, жақсы адамды сүюге энергия аласыз. Бәрін бірдей сүю мүмкін емес. Сондықтан, шын мәнінде өміріңе зиян келтірген адамды жек көре алу керек.

Тарихта өз махаббаты басына бұйырмаған жандардың сүйікті адамын өз қолымен өлтірген жағдайлары көптеп кездеседі. Махаббат жек көрудің алдында әлсіз.

Ешкімді жек көрмеуге тырысатын адамдар өзін-өзі жек көре бастайды. Мысалы, университетке түсуіңізге кедергі жасаған адам алдыңызға келіп, кешірім сұрады. Болар іс болды, аяушылық сезімі пайда болып, кешіре салдыңыз. Бірақ, жек көру бәрібір ішіңізде қалып қойды. Жек көретін адамыңызды кешіріп қойғаннан кейін, жек көру айналып өзіңізге келеді. Сөйтіп, өз-өзіңізді жек көресіз...

Ақылмен сүю деген бар, сол сияқты ақылмен жек көруге болады. Ақылмен жек көру өміріңізді құртатын әрекеттерге баруыңызға жол бермейді.

Жек көруге лайық адамды ақылмен жек көре білейік...
Жек көру мен ұнатпауды шатастырмаңыз…
Себебі екеуі мүлде бөлек заттар.
–2 дауыс
Кез келген белгілі бір ортада міндетті түрде бір немесе бірнеше жек көретін адамың болады, оларсыз мүмкін емес сияқты))  және олардың болғаны да жақсы
Дұрыс,біз жек көре аламыз.Жақсы көреміз.Бірақ жек көруге болмайды ғой?!
мен үшін болады,
–1 дауыс
Себебі кейін оның да пайдасы тиер сізге.
Пайдасы???…………
0 дауыс

Жек көріуге болмайды деп қай жерде жазылған ?!  қандай кітапта жазылғанын білмедім, бырақ сол кітаптыда адам жазған, бір адамның пікірі бүкіл адамзатқа заңдылық болалмайды !!!

Мысалы: Өмірде біреуді біреу машинасымен басып кетіп өмірден кетіуіне себепші болады, сол жағдайда өмірден кеткен адамның тұуысқаннының орнына өзіңізді қойып көріңіз ?!  

Сонда білесіз   Жек көріуге болмайды деген пікірдің қәте пікір екенін !!!

сіз неге қатемен жазасыз?
Алдымен қатеңізді түзеңіз.
Сосын жазғаныңызды дұрыстап тағы ойланыңыз.…
Мен бұны ешқандай кітаптан оқыған жоқпын.Дұрыс айтасыз.Бір адамның пікірі бүкіл адамға заңдылық болмайды.Бірақ бұл шын.
Жек көруге болмайды деген қате емес.Бәрі де жек көре алғанымен жек көруге болмайды.Егер мен сол адамның орнында болсам ол адамды ұнатпауым мүмкін,бірақ жек көре алмайды екенмін.Себебі ол Аллаһтың жаратушысы екенін білемін.Jakoның жауабына қараңызшы.Ол өте дұрыс айтады.Біз ұнатпасақ та жек көре алмаймыз!!!
+1 дауыс

Себебі жек көру - өз жүрегіңе жүк болады. Біреуді жек көрсең сол жағымсыз сезімді күнде өзіңмен бірге арқалап жүресің. Ақыры өзіңе зияны тиеді. Жек көру көзіңді көлегейлеп тастайды да айналаңның әсемдігін байқай алмай қаласың. Жек көрген адамыңды жек көрмеуге тырыссаң, кешіруге тырыссаң сәл де болса жеңілдеп қалғаныңды байқайсың. Бес күндік ғұмырды әлдекімді жек көрумен өткізу тым обал сияқты... 

Тамаша жауап
Тамаша жауапқа ешкімді жатқыза алмайды екенмін
brilliant, иә, өмірде тамаша жауап деген болмайтын да шығар. Себебі сұрағына дәл өзі күткен жауапты алатын адамдар сирек қой. Адамдардың өз пікірімен сәйкес келген пікірді ғана дұрыс пікір деп есептейтіні сияқты... Жауаптың тамаша болуы міндетті емес, бастысы, өз пікіріңді жеткізу ғой... Сіздің сұрағыңыз арифметикалық нақты шешімі бар есеп емес, сондықтан оған "тамаша жауап" та берілмейді))
Йә,өзінің пікірімен сәйкес келсе ғана дұрыс деп есептейтін шығар мүмкін.
Бірақ мен дұрыс жауапты таптым.
Қараңызшы мен сізді я сіз мені жек көре алмайсыз.Біз бір-бірімізге ештеңе жасаған жоқпыз…
Ал жаман бірдеңе жасасақ жек көре аламыз,йә?
Бірақ мен жек көрмеймін.Ұнатпауым мүмкін,жек көре алмаймын.
Адам қателеседі,мүмкін менің сұрағым сіздерге қате шығар,бірақ менің ойым дұрыс екенін білемін.
Sauxқа айтқанымдай Аллаһ тағала жаратқан адамды жек көре алмаймыз,біз жаратқаныңыз қате дей алмаймыз…
)))))))))))))))))))))))))))) түсінуге тырысып көрейін))
+1 дауыс
Адам қоғамдасып тіршілік ететін болағндықтан сондай мораль, этика қалыптасқан
0 дауыс
Jakoның жауабына қараңыздар…
Сосын өз жауаптарыңызбен салыстырыңыздар……
Кімдікі дұрыс,кімдікі қате екенін ойланыңыздар.Хм,бірақ ешкім де өзінікін қате дей алмайды-ау!!!
Әркімге өз ойы дұрыс және заң сияқты.…Қате деп айтса намыстары тапталып қалатын сияқты…!
...