+1 дауыс
5.0k көрілді
Бокста жаттығу кезiнде скакалкамен секіредi оның қандай пайдасы бар?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Скакалкамен секiрудiң пайдасы көп. Оның тарихы сонау 1890 жылдардан басталады. Қазiргi бокстың даму тарихы Джим Корбеттiң есiмiмен тiкелей байланысты. Ол жаттығу методикасына бiрқатар жаңалықтар енгiздi. Алғаш рет жiппен секiрiп (яғни скакалка) жаттығуды, қатты ұруды пайдаланғанда да, қатаң режим ұстап iшiмдiк пен темекiге де тыйым салған да осы Джим Корбетт болды.
сонымен пайдасы не болды?
+1 дауыс
Странно что никто про основную функцию скакалки не написал.
Работа на скакалке в первую очередь влияет на удар, т. к. удары руками в боксе прямо зависят от ног (а именно от самого основания ног, стопы, откуда удар и начинается) , плюс выносливость икроножных мышц и легкость в передвижении. Получается скакалка влияет на многое но самое основное это удар боксера, выносливые и легкие икры и ноги - сильный и быстрый удар! Много заслуг можно причислить к работе со скакалкой, не зря очень многие боксеры уделяют этому особое внимание.
Правильно. Можно было бы написать и на государственном языке )
0 дауыс
скакалка Туралы Айтуға оңай бағдарламасынан сұрағыны дұрыс бірақ сонда да мен айтып жіберейін одан пайдасы бірінші жаттығу тренировка бастағанда сол скалка секіруден бастаған жөн одан бірінші аяғынды тез қозғалтуға бейімделесін және сол Жаттығу басында Қыздырынып алуға өте тиімді!
0 дауыс
рахмет.................
0 дауыс
Қарсыласы соққы берген кезде құламауы үшін шығар
0 дауыс
Шапшаң қозғалу үшінде тиімді, бокста жылдам қозғалу ен маңызды әрекетқо
0 дауыс
Скакалка тек бокста емес, көптеген спорттарда маңызды рөл атқарады.
+1 дауыс

Скакалкамен секіру барысында, адамның тыныс алу мүшесі, дене салмағы теңдігін сақтау, денені жеңіл қозғалту және ең бастысы - аяқ бұлшық еттерін жаттықтыру үшін пайдалы.

Әр пунктке жеке тоқталайқ: сіз скакалкамен секіру барысында, біркелкі ритммен секіріп, логикалық тұрғыдан алдын ала қарастырылған әрекеттер орындайсыз. Бұл жерде дене қозғалысы мен тыныс алу ритмі бір-бірімен сәйкесіп, спортшыға келесі тапсырмаларды сәтті орындауына кедергісіз мүмкіндік туады. Егер адам ритммен дұрыс дем алмаса, ол тез шаршайды, шаршағанда тұншыға бастайды, ол өз кезегінде назары шаршаған, тұншыққан жағдайына ауып, соққы мен қарсыласына жұмсайтын назарын азайтып, нәтижесінде жекпе-жек контролі әлсірейді. Бұл спортшының сәтсіз нтәижесіне алып келуіне себеп болатын фактор болуы мүмкін.

Екінші, егер адам дене салмағының тепе-теңдігін сақтамаса, ол адамды шертіп қалып құлата салуға болады. Сондықтан, бұл спортшының техникалық дайындығымен байланысады. Мысалы, неге адам нокаут нүктесіне сәтті соққы алғанда, құлап, есеңгіреп қалады? Әрине, кез-келген адам нокаутқа түскен адам жағдайы қалай болатынын біледі, бірақ оның физикалық дене процесстерінде болып жатқан жағдайларды және олардың себеп-салдарын біле бермеуі мүмкін.

Кенет адамның контроль жасайтын жүйесіне әсер ететін соққы жасағанда, ол адам контрольден айрылады. Былай: адам иек тұсының астыңғы жағындағы нокаут нүктесіне сәтті соққы қабылдағанда, оның аса маңызды әрі нәзік ми жүйесі зақым алады да, әрі қарай не істерін білмей, салдарынан контрольден айрылады. Сондықтан, адам шаршамаса да аяғынан тік тұра алмай, шайқалып кетеді. Бұл тепе-теңдік сақталмаудың салдары. Енді, кей адамдар бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шыққан кезде, қарапайым техникалық ережелерді сақтамаса, ол нокаут алмаса да, нокаут алған адамның кейпіне ұқсап қалу ықтималдығы өте жоғары.

Егер бокс техникасы аса түсініксіз болса, коньки спортын алып қараңыз. Тәжірибелі конькишілер жаяу жүрген адам сияқты сабырлы әрі жылдам, сырттан қарағанда үйлесімді қимылдар жасап жүреді. Ал, жаңадан келген адамдар тиісінше сырғанағанды былай қойғанда, аяғынан әзер тұрып жүреді. Бұл әрине техникалық ережені түсінбеу және сақтамаудың салдары.

Үшіншіден: бұл енді түсінікті, секіргенде, адам өз күшімен түгел денесін көтереді. Яғни бұл жылдам орындалады және ұзаққа сщзылуы мүмкін, интервалы қысқа. Осындай әрекет нәтижесінде, адам өз салмағын өзі оңай қимылдатады. Жасөспірімдер үшін, үнемі дисциплина сақтап, түрлі бағдарламалар негізінде секіру жаттығулар орындау арқылы бойын өсіруге де болады.

Төртіншіден: бокстағы жойқын соққылар, бақайдан басталып келіп, жиналып жұдырыққа дейін атылып келетін энергия салдарынан туныдайды. Ол үшін, әрине адамның аяғы шыныққан болуы керек.

P.S.: пікірде аталған нәтижелер жалғыз скакалка арқылы жасалмайды. Бұл жерде скакалка  тек маңызды құрал ретінде пікірде аталып өтілуде. Сәттілік!

 

...