0 дауыс
523 көрілді

Қазақстандық бокста не болып жатыр? Бүгін Назым Қызайбай мен жаттықтырушысының сұхбатын оқыдым. Өзінің де, жаттықтырушысының да өкпесі «қара қазандай». 51 келі салмақтан 48-ге күшпен түсірген. Барлық жерде кедергі жасауға тырысқан. Қытайдағы жарысқа үш күн ұйықтамай ауырып шыққан. Командадағы дәрігер көмектесуге тырыспаған. Астанадағы жарыстан соң Алматыға поезбен келген, ешкім күтіп алмаған. Жарыстардың өзіне өз ақшаларына барып жүріпті. Қысқасы бокста былық көп, алдағы Олимпиадада осы үшін бізді «жазалайды», қыздар боксынан алтын алмаймыз дейді жаттықтырушысы. Алдында Назым Ищанова осындай былық туралы айтып еді.

Назымның да көңілі көп нәрседен қалған сияқты. Тек жаттығу, жаттығу арқылы өзінің мықтылығын дәлелдеуді ғана ойлап жүр. Жаттықтырушысы мен білетін Назым болса 4 рет Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы да атанады дейді.

Сенеміз! Тілекшіміз.

Біздің елде аяқтан шалмайтын сала бар ма? Қайда барсаң өсек, өтірік.

Назым Қызайбай

1 жауап

0 дауыс
Назым Қызайбай төңірегіндегі дау.

Назымға ұлттық құрама бапкерлері Қытайдағы іріктеу жарысына баруға мүмкіндік берді. Ол 51 келіде сынға түсті. Оның негізгі салмағы - 48 келі. Бірінші кездесуде-ақ әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үндістандық Мэри Коммен кездесті. Неге әлем чемпионы бірінші кездесуде мықты қарсыласқа тап келді? Қызайбай 48 келіде әлемде #1 боксшы. Ал ол 51 келіде рейтингте жоқ. Сондықтан ол бірден мықты қарсыласқа түсті. Бапкері "Кездесу алдында Назым ауырды" дейді. Ринг және лицензия ауырғаныңды да, жарақатыңды да күтіп тұрмайды...

Қазақстанда 51 келіде Жайна Шекербекова лидер. Оны Назым Қызайбайдың да бапкерлері түсінеді. Бірақ Қызайбайдың беделін ескеріп, бапкерлер оны Қытайға алып барды. Шекербекова шу шығармады, көнді. Назым берген мүмкіндікті пайдалана алмады. Бапкерлер Астанада Жайнаға мүмкіндік берді және оны боксшы сәтті пайдаланып кетті.

Қызайбай бапкері "әкімдік құрмет көрсетпеді" дейді. Батыс елдерінің біразында әр спортшы олимпиадаға бару шығынын өзі көтеріп алатынын білесіз бе? Швеция, Норвегияда олимпиададан алтын алып келсең де мемлекет сыйақы бермейтінін естідіңіз бе?

Қызайбай бапкерінің "Риоға баратын екі қызда медаль алып келмейді" деп кесіп айтуға да құқығы жоқ. Бұл да артық іс.

Назымның салмағы өседі. Жайнаның да жасы келіп қалды. Демек, 2020 жылы Қызайбайдың кезегі. Төрт жылдан кейін қара көз қазақ қызының Токио тұғырынан әнұран айтып тұрғанын куә болуға жазсын. Әумин.

P.S. Бірақ Назым Ишанованың жолын байлады, оны мойындау керек. Ишанова ел чемпионатында қатарынан екі рет алтын алған. Римма Волосенконы талай рет жеңген еді...
...