0 дауыс
3.0k көрілді
Бойым 1,58см, салмагым 42кг. Қалай толысуга болады? Кеңес берініздерші.
Қалай семіруге болады деген жөн болар.

5 жауап

+1 дауыс

Салмағыңыз жаман емес қой! Толып қайтесіз? Спортпен шұғылданыңыз; аппетитіңіз жақсы болады!

 

Ахмет Ұстаз

+1 дауыс


Салмақ жинау үшін тамақтануды оңтайландыру керек. Себебі бір азық арықтаумен қатар, толықтауға да көмектесуі мүмкін. Мысалы, ботқалар. Оларды сүтпен, маймен және қантпен қолдану қажет. Егер де сіз тұзды ботқа жейтін болсаңыз, оны әртүрлі салаттармен аралсатыруға болмайды. Ал егер салатты жегіңіз келсе, оны міндетті түрде майонезбен немесе қаймақпен бірге жеңіз. Негізінен, ақуызды тағамдарды көбірек қолданған жөн. Осы ережелердің барлығын ұстана отырып, мен салмақ жинай алдым. Бірақ сонымен бірге, тәтті тағам ретінде мен жаңғақ және кептірілген өрік қосылған бал жедім.
Көбінесе, өмір бойы артық килограммдар жинамауды қадағалап жүрген адамдар, кейде дәл осы килограммдарды жинауды құштарлықпен армандайтын адамдарды түсіне алмайды. Міне, мұндай да мәселе бар және кейбіреулерімізді қинап жүр. Нәтиже пайда болуы үшін әмбебап кеңестер, сиқырлы дәрі немесе басқа да мифтік тәсіл, әрине, жоқ. Не дегенмен де кейбір тәсілдер бар. Әрине, ең дұрысы, дәрігерге жолығып, ғылыми тұрғыдан жағдайды реттеудің жолдарын іздеуге болады, және өз өзіңізді және дұрыс ойды тыңдауға да болады. Өзіңіздің тамақтануыңызға назар аударыңыз, каллорияларды ұлғайтыңыз, бірақ та тағам дәмді, пайдалы және дені сау болып қалуы керек екендігін ұмытпаңыз. Өзіңіздің эмоционалдық жағдайыңызды қадағалаңыз, бостан бос күйгелектенбеңіз, стресстік жағдайлардан қашыңыз. Егер де сіз өзіңізді толығымен дені сау және бақытты етіп сезінсеңіз, ал жетіспейтін килограммдар тек қана мәселенің эстетикалық жағы болса, мүмкін жан – жақты ойланып, мұны өзіңіздің ерекшелігіңіз ретінде қабылдап және бар күйінде қалдырған дұрыс шығар?
 

0 дауыс
Пиво іш семіресің. Әлі кішкентай болсаң онда май же. Қойдың,сиырдың,жылқының т.б. Жылқының қазы-қартасыда семіртеді.
0 дауыс
Шамамен 45-47 кг болу керек ау сізге ) Уақытылы тамақтану керек.Ақуызы бар тамақ ішіңіз )
0 дауыс
Мен армияга дейын арык едим боиым 180 салмагым 58 еди
Армиядан 85 болип келдим
Оиткени биркелки тамак биркелки уакытта бериледи режим болу керек сосын миндетти турде спортка конил болу керек позитивті турде болу керек
...