0 дауыс
4.9k көрілді

Ашық сабаққа қысқаша ертегі туралы көрініс тауып беріңдерші ?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бауырсақ ертегісі Сабақтың тақырыбы :  «Бауырсақ» ертегісі.Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетінжетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.Білімділігі: Бауырсақ ертегісінің  қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін  арттыру.Дамытушылығы: оқушыларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру.Тәрбиелігі: өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші , шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі.Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Үлкенге де сіз,Кішіге де сіз,Сәлем бердік сіздергеҚұрметпенен біз. Жоғары қарап күн көрдімТөмен қарап жер көрдім,Оңға ,солға бұрылып,Егеменді ел көрдім.2.Жаңа сабақЕртегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.-         жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)-         қиял-ғажайып ертегілер-         шыншыл ертегілерЕртегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайп оқиға аралас келіп отырады.- Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.- Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане қандай ертегілер естеріңде қалды? ( Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.)Балалар ертегі не жайында?- Балалар, сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр екенӘуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді ).«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:Ертекші:Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер!Сіздер 0- сынып оқушыларының қиялынан туындаған « Бауырсақ» ертегісін тамашалайсыздар.Музыка ойнап тұр. « Ертегілер» әні. АвторБір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:Шал-         Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңшіКемпір-Неден пісірейін? Ұн жоқ қойШал-         Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.АвторКемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.ҚоянБауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !БауырсақЖоқ ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.АвторҚоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады: БауырсақӘжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.ҚоянҚоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік. Қоянның тапсырмасы:-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.) АвторБауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса ,оның алдынан қасқыр шыға келіп:ҚасқырБауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !Бауырсақ- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.АвторБауырсақ әндете жөнеледіБауырсақӘжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылуҚиын емес бұл мағанҚасқырҚасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.Қасқырдың тапсырмасы: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып  алдық ,енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.АвторБауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.  Аю-         Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!Бауырсақ- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,Маймақ ,сенен құтылу,қиын емес бұл маған !Аю Аю: Әй, балалар, балалар!        Менде қызық ойын бар,        Ал ықылас қойындар        Кәне, тәртіп сақтайық,        Мен берген тапсырманы,        Бұлжытпай орындайық.Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата:Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері. АвторОсылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.Түлкі-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!АвторБауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.БауырсақӘжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!       Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,Аюдан да сытылдым,түлкі ,сенен құтылуҚиын емес бұл маған !  ТүлкіТүлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орындаТүлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.     1.  Қыста ақ,          Жазда сүр.                     (қоян) 2.Қорбаң- қорбаң етеді,Орманда ол жүреді (аю) 3.Орманда тұрады, өзі бір қу,Жүрген жері айқай-шу.                          (түлкі). Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.АвторӘже келе жатқан Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арнап 20 бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты.Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер,(отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).
...