0 дауыс
5.8k көрілді

KazSaT жасанды серігі туралы толық, нақты, қысқаша мәлемет керек еді.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«ҚазСат-2» қазақстандық жасанды жерсерігі – Қазақстанның «ҚазСат» сериялы спутниктерінің екіншісі, коммуникациялық жасанды жерсерігі. Ғарыш аппараты Қазақстанның аумағындағы спутниктік байланыс (интернет, желілі телефон және ұялы байланыс) пен телехабар тарату, ақпарат пен деректер алмасу жұмыстарына пайдаланылады. Жасанды жерсерігін жасауды Ресейдің М.В.Хруничев атындағы ғарыштық-ғылыми өндірістік орталығы мойнына алған болатын. «ҚазСат-2»-ге қатысты келісімшарт 2006 жылы жасалып, ол бойынша қазақстандық жасанды жерсерігі 2009 жылдың желтоқсан айында ұшырылуы көзделген еді. Алайда техникалық жағынан жақсы жарақталмаған және біраз өзгерістерді қажет еткен ғарыш аппаратын ұшыру кейінге шегеріліп, «ҚазСаттың» сәтті күні 16 шілдеге дөп келді. Құрдымға кеткен «ҚазСат-1»-дің құны 65 млн доллар болса, «ҚазСат-2»-ге мемлекет қазынасынан 115 млн доллар бөлінді.* «ҚазСат-2» 2011 жылдың шілденің 16 күні Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5-тен 16 минут өткенде Байқоңыр ғарыш айлағындағы №200 ұшыру алаңынан көкке самғап, ғарыш орбитасына сәтті көтерілді. «Протон-М» зымырантасығышы арқылы «ҚазСат-2» спутнигімен қатар, ғарыш кеңістігіне америкалық «ОС-2» телекоммуникациялық жерсерігі де жеткізілді. Ғарыш аппараты бір айдың ішінде шығыс бойлық бойынша ғарыш кеңістігін кезе жү­ріп 86,5 градустық өз орбитальдық нүк­те­сіне жетуі тиіс. Содан кейін барып аппарат жүйесі екі ай бойына сынақтан өткізіледі. Ал 2011 жылдың қазан айында ресейлік мамандар жерсерікті Қазақстанның ғарыш байланысы республикалық орталығының мамандарына тапсырады.

толығырақ... 

және ҚазСат-1

...