0 дауыс
11.9k көрілді

Калькулятор туралы мәлімет?Қысқаша болса.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Калькулятор(лат. calculator – есептеуіш) – шағын есептеуіш құрылғы. К. адамның араласуы арқылы цифрлар мен командаларды қолдан енгізу жолымен қарапайым арифмет. амалдарды және кейбір матем. функцияларды есептеуге арналған.

Заманауи калькуляторлардың эволюциясы XVII ғасырда шотландиялық математик Джон Непер логарифмдерді ойлап тапқан кезде басталды. Ол көбейту мен бөлу амалдарын қосу мен алудың бірнеше операциялары арқылы өрнектеген. Непердің еңбектері 1622 жылы логарифмдік сызғыштың пайда болуына түрткі болды  (Англия, 1622), ал екі жылдан кейін Вильгельм Шиккардтың (Германия) механикалық калькуляторы пайда болды.

+1 дауыс

Калькулятор(лат. calculator – есептеуіш) – шағын есептеуіш құрылғы. К. адамның араласуы арқылы цифрлар мен командалардықолдан енгізу жолымен қарапайым арифмет. амалдарды және кейбір матем. функцияларды есептеуге арналған.

Қазақша мәлемет.

Міне мынау жоғарыдағы қазақша реферат өте аз.

Ал мынау орысша көп,оны аударып толықтырып жазып аларсыз.

Мына жерде.

Кешіріңіз жж ну мырзаға бердім.
Қарсылық жоқ.))
+2 дауыс

Ең алғашқы калькуляторды кім ойлап тапты?

Күнделікті өмірімізде калькуляторды қолдану тиімді шешім. Әлбетте, кейбір амалдарды ойша орындаудың еш қиындығы жоқ, бірақ үш не төрт, не одан да көп таңбалы сандарды қосып, көбейту үшін біраз уақыт керек. Бұл мәселені шешуде бізге адам баласының ойлап тапқан техникалық құралы - калькулятор көмектеседі. Егер осыдан он жыл бұрын калькулятордың түрі қазіргі пернетақталарға ұқсаған болса, бүгінгі күннің калькуляторы - компьютердің операционды жүйесіне орнатылғанбағдарлама болып табылады. Ал алғашқы калькулятордың түрі қандай болды? Ол неге ұқсайтын? Бұл сұрақтардың шешімін мына материалдан табасыз.

Адам баласына есептеулерді жүргізуге ертеректе "абак" көмектесетін. "Абакпен" біз сізді мына мақалада таныстырып өткен болатынбыз. Сенесіз бе, бұл құрылғыны әлі күнге дейін кейбір мемлекеттер пайдаланып келеді.

Заманауи калькуляторлардың эволюциясы XVII ғасырда шотландиялық математик Джон Непер логарифмдерді ойлап тапқан кезде басталды. Ол көбейту мен бөлу амалдарын қосу мен алудың бірнеше операциялары арқылы өрнектеген. Непердің еңбектері 1622 жылы логарифмдік сызғыштың пайда болуына түрткі болды  (Англия, 1622), ал екі жылдан кейін Вильгельм Шиккардтың (Германия) механикалық калькуляторы пайда болды.

Шиккардтың "есептегіші" барлық төрт амалды орындағанымен, оның құрылғысы тез арада ұмытылып кетті. Бірақ, күндердің бір күнінде неміс тарихшысы Франц Хаммер 1935 жылы ол туралы жазбаларды мұрағаттан тауып алып, оны қалың жұртқа жария қылады. Шиккардың қағаздары 1957 жылы жарияланып, оны әлемдегі алғашқы механикалық калькуляторды ойлап тапқан адам деп таниды. Бірақ, бұл атақ 300 жыл бұрын Блез Паскальға берілген болатын.

Алғашқы механикалық калькулятор

Тағы бір француз Шарль Ксавье Тома де Кольмар коммерциялық жағдайда өте тиімді калькуляторды 1820 жылы шығарған болатын. Бұдан кейін үстел калькуляторлары мен соммалаушы машиналардың бірнеше түрі пайда болғанымен, олар қолданысқа тиімсіз, қымбат әрі ауыр болғандықтан, логарифмдік сызғыштың орнын баса алмайтын. Тіпті Жапония елінде құрастырылған алғашқы транзисторлы калькулятордың салмағы 25 келі болды.

Калькуляторлар дамуының ең қызықты кезеңі 1958 жылы басталды. Сол кезде АҚШ тұрғыны Джек Килби  алғашқы микрочипті ойлап тауып, оны калькуляторлар мен есептеуіш машиналарында қолдануға болатынына назар аударды. «Тексас Инструмент» компаниясының екі инженерімен бірлесе отырып, Джек Килби 1962 жылы алғашқы электронды калькуляторды құрастырды. Үш жылдан кейін, калькулятор бұрынғысынан да жеңілдеп, арзанға түсті. Осылайша, сатылымға алғашқы «Покетроник» атты калькулятор шықты.

Алғашқы электронды калькуляторлардың бірі

0 дауыс
Жаксы мен түсіндім! Ал енді өз пікірімді айтайын:

Микрокалькулятор - әр түрлі есептеулерді орындау мүмкіндігі мол, пайдалануға ыңғайлы және шағын портативті электрондықесептеуіш машина. Ол әр түрлі мамандарға (экономистерге, бухгалтерлерге, сатушыларға т. б.), сондай-ақ студенттер ме мектеп оқушыларына қажет көптеген күрдел есептеулерді тез орындауға мүмкіндік береді. Микрокалькулятор тұрмыcта да пайдалы оның көмегімен электр энергиясына жәй газға төленетін ақыны есептеуге, пәтер жөндеуге керекті материалдарды, мерекелік дастарқан мәзірін анықтауға, сондай-ақ үй шаруашылығын жүргізуге қажетті есентеулерді орындауға болады.                                                                                                                                                                                     Мазмұны

   

1Микрокалькулятор түрлері
2Cипаттама
3Микрокалькуляторды таңдау
4Сілтемелер
5Дереккөздер

Микрокалькулятор түрлері[өңдеу]

Қарапайым (көпшілікке арналған), инженерлік және программалы деп 3 топқа бөлінеді. Ол өзіндегі қоректену көзінен (мыс., шағынаккумулятор не элемент немесе қернеуі 220 В болатын айнымалы ток желісінен қоректенеді. Олардың көпшілігінің өзіндік жеке қоректену көзі бар. Сонымен бірге оларды (шағын элементтермен қоректенетін 133 -38, БЗ—39, МК — 51 МК 53) күн элементімен жұмыс істейтін. Автономды қоректенетін микрокалькуляторлар МК—60 микрокалькуляторынан басқасын айнымалы ток желісіне типтік қоректендіру блогы арқылы қосуға болады.

Cипаттама[өңдеу]

Қарапайым, тасылмалданатын микрокалькуляторлар кішігірім (мөлшері қойын кітапшасындай) қорапша түрінде болады; оның бір қырында цифрларды (0-ден 9-ға дейінгі цифрлар) теруге арналған және кез келген амалды орындауға сигнал беретін клавиштер, сондай-ақ өзінде терілген сан мен есептеу нәтижесін көрсететін жарық таблосы (индикатор) бар. Мұндай микрокалькулятор бүтін және бөлшек сандармен арифметикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу) орындауға, проценттіесептеуге, дәрежеге шығаруға, қажет санды есте сақтауға және пайдалануға дейін қабылдауға, оны есте жазылған сан мен қосуға, азайтуға т. б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Ескеретін жайт: сан құрамындағы цифрлар индикатор көрсетуінен асып кетпеуі тиіс. МН 53 микрокалькуляторында -қосымша электрондықкалендарь, қоңыраулы сағат және секундомер орнатылған. Микрокалькуляторларда есептеу барынша қарапайым әрі уақыт аз кетеді. Мыс., 27 және 48 сандарын қосу үшін, ретімен 2 және 7 кла-виштерін (бұл кезде индикаторда 2, содан кейін 27 бейнеленеді), сосын «қосу» (-(-) клавишін және 4 пен 8 (индикаторда 4 және 48 жанады), клавиштерін ақырында нәтиже («=») клавиштерін басу керек. Индикатор да қосу нәтижесі 75 саны бейнеленеді. + клавиші арқылы санды микрокалькулятор жадына сақтауға немесе есте бар санға қосуға болады. Микрокалькуляторды пайдалана отырып, басқа арифметикалық амалдарды осылай орындауға болады. Күрделі микрокалькуляторлар (инженерлік және программаланатын) тригонометриялық функцйялардық мәнін, ондық және натурал логарифмдерді есептеуге, кейбір теңдеулерді шешуге т. б. орындайды. Микрокалькуля-торды таңдауда олардың көмегімен орындалатын есептеулердің сипатын білу (кестеге қараңыз) қажет. Кестеде барлық микрокаль-куляторларға ортақ, керек жағдайда екі клавишті басу арқылы орындалатын операциялар көрсетілген. Микрокалькулятордың мүмкіндігін аша түсетін бірнеше операция-лардан тұратын есептеу тәсілі де бар. Мыс., қарапайым микрокалькулятормен тригонометриялық функцияларды есептеуге, санды дәрежеге шығаруға, түбір табуға болады.Яғни бірнеше операция орындалады. Ал, инженерлік микрокалькуляторда осы операцияларды орындау үшін бір клавишті басса жеткілікті.

Микрокалькуляторды таңдау[өңдеу]

Микрокалькулятор таңдауда индикаторына да баса назар аудару керек. Мысалы, сұйық кристалды индикаторда цифрлар бейнесі реңсіз (контрастылығы төмен, қара түсті цифрлар сұр түсте көрінеді) болғанымен, ол қуатты аз жұмсай (бірнеше милливатт, не оның үлестері), бір рет зарядталған аккумулятормен не элементтер комплектімен жүздеген, кейде мыңдаған сағат (мыс., БЗ—38, БЗ—39 микрокалькуляторлары үзіліссіз 800 сағат,МК—51—1000 сағат, МК — 53—8000 сағат) жұмыс істей алады. Микрокалькуляторлардың жарық диодты (цифрлар қызыл түсті) және катодо-люминесцентті (цифр жасыл түсті) индикаторлары ваттың ондық үлесіндей қуат пайдалана отырып, бір элементтер комплек-тісімен бірнеше сағат қана жұмыс істейді. Жарық диодты индикатордың артықшылығының бірі-ол механикалық әсерге (діріл, сілкіл, соққы) төзімді, люминесценттік индикатордағы жасыл түске адамның көзі талып шаршамайды, қамтылу-бұрышы 150о-қа, ал жарық диодты индикаторда ол небары 30о-ка ғана жетелі.[1]
...