+2 дауыс
738 көрілді
Сәлем, достар! Кез-келген суретті пропорциялық өлшеммен кішірейту/үлкейту формуласы немесе калькулятор керек.

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Ия Ерекенің айтқанындай, қарапайым пропорциямен шығарасың амиго. Түк қиындығы жоқ, мысалы. Ұзындығын беріп, биіктігін пропорциямен шығарғың келсе мына формуламен

(суреттің бастапқы биіктігі * суреттің өзгертінлен ұзындығы) / суреттің бастапқы ұзындығы = суреттің пропорциялық биіктігі

мыс: 500x300 сурет болсын, оның ұзындығын 200ге өзгерткенде биіктігі қанша болатынын білу үшін

(300*200)/500 = 120 

Ал биіктігін өзгертіп, пропорциялы ұзындығын білгің келсе керісінше формула

(суреттің бастапқы ұзындығы * суреттің өзгертілен биіктігі) / суреттің бастапқы биіктігі = суреттің пропорциялық ұзындығы

(500*120)/300 = 200

Қазір күте тұр

http://hosting.users.kz/mysal/amigo.php

міне осы жерге жазып қойдым программасын, асығыз жазылды :) 

бастапқы ұзындығы (width) пен бастапқы биіктігі (height) суреттің оригинал размерлері, 

өзгертетін ұзындығы (width) немесе өзгертетін биіктігі (height) екеуінің біреуін жазссаң қалғанын тауып береді өзі

Тамаша!)
0 дауыс
Әзірге ACDSee бағдарламасының редактреу функциясындағы "Изменить размер" арқылы пропорция сақтау деталімен қарап отырмын. Бірақ, уақыт алады әр суретті ашып отырғанға)
+2 дауыс
Ұзындығын да, енін де бірдей пайызға қысқартып отырсаң, жарамайды ма? Қарапайым математикалық пропорциямен?
...