0 дауыс
682 көрілді

Болашағын ойлайтын жастар неге азайып барады?

5 жауап

+1 дауыс

Кім айтты оны саған азайып бара жатыр деп. Мысал келтірші. мен олай ойламайм 

+1 дауыс
Болашағын ойлайтын жастар азайып емес керісінше көбейіп бара жатыр. Қазіргі кезде мен сияқты жастар болашағы үшін қандай мамандық таңдау жайында мың рет ойланып, жүз рет толғанады. Сұрақ иесі сіздің пікіріңізбен келіспеймін.
0 дауыс

Қателеспе. Қайта болашағын ойлайтын жастар көбейіп келе жатыр. 1990-2000 жылдары жастардың барлығы дерлік маскүнем болатын.

Әрине бес саусақ бірдей емес, болашағын ойлайтын жастар бар, бірақ өте аз. Шындық қашанда ащы, естір құлаққа жағымсыз тиеді. Өздеріңіз бір ойланып, жан-жақтарыңызға көз тастап көріңіздерші. Қарапайым мысал: бір сыныпта 20-25 оқушы оқитын болса, оның ішінде 6-7 оқушы жақсы оқуы мүмкін, қалған  14-18 оқушы мүлдем оқымайды деседе болады. Әйтеуір күн өтсе болды деп жүре береді. Кім үшін? Не үшін сабаққа барып жүргендерін өздеріде түсінбейді. Сонда қалған 14-18 оқушы болшағын ойлағандықтан оқымай жүр деп айта аласыз ба? Студенттердің де арасында дәл осындай. Дұрыс арақ ішетін жастар кішкене азайды, есесіне көкнәр, есірткі пайдаланатын жастарымыз күн санап көбейіп жатқаны жасырын емес. Оны құлақпен естіп те, көзбен көріп те жүрміз. Айта берсе мысал көп. Сіздер ойламаңыздар мені өз сұрағына өзі жауап бере алмай қалды деп. Менде көбіне интернетте отыруға уақыт бола бермейді. Сондықтан  жауап кеш жаздым. Артық кетсем ренжімеңіздер.
0 дауыс

Ойыңмен келісуге де болады. Оның себебі мүмкін мемлекетімізде өмір сүру жағдайы осылай болуға алып келетін шығар. Ешкім ешкімді ойламайтын заман боп кетті.  Билік тізгінін ұстап отырған тұлғалардың өзі кейде, еліміздің кейбір жерлерінде түрлі проблемалармен қиыншылық көріп отырған халықтарға көмек көрсете алмайды. Көмек көрсеткенімен 3-4 жылдап барып көмек жасалынады. 

0 дауыс

Қайта  ондайлар  көбейіп  жатыр.Қазір  болашақта  қандай  мамандықтан  таңдаймын  деп көп  ойланады

...