0 дауыс
496 көрілді
неге колледжде, универде окыганда окуды оз билимизбен емес акшамен жабамыз, кеин озимизге зияны тиеди емес па?

5 жауап

+1 дауыс
мойындайын кейбір сабақтарды ақшамен жабамын (қазір де ақша таппай басым қатып отыр) , бірақ өз мамандығыма қажеті жоқ сабақтарды оған қоса ол сабқатың мұғалімдері бағаны қойып бермей жатса не істейсіз? амал жоққо... бірақ спецсабақтарымды барынша оқимын, өз мамандығымды адал алып шығамын деп ойлаймын)))
ондаи мугалимдерде билип алган секилди, олар да даметип алган гои, сондаиларды токтататын адамдар барма екен?
+1 дауыс
Әр адамның санасына байланысты. Мен оқуға ақшамен түсен жоқпын, ақшамен жабамын деп те ойламаймын. Ал, ақшамен жүргендер кейін жұмыстегенінде түсінер.
бирак сонда да кеи адамдар олип талып окиды бирак багалары нашар болады, ал кеибири бар сабакка келмеиди бирак сабактары оте жаксы. Ашу ызаланасън осындаи саттерде
Онда-ондай менде де болған, қазір де болып жатыр... Қатар оқып жүрген группада 4 жігіт бармыз, солар ашық түрде айта береді "мен ақшамен түскенмін, сабаққа келмесем де оқудан шығармайды, бәрібір диплом береді" деп, ол менде меңгерушілерден таныс болуы былай тұрсын, техничка, охраниктерден де танысым жоқ, сенерім тек Аллаға және өзіме.
иә, ішің күйеді баста, сабаққа түнімен дайындалып барып жақсы баға алып жатқанында, олар ауыздарын ашпастан сол бағаны алып отырады.
сен ондайларға мән бере бере, бәрібір дым шықпайды, тек өз уақытыңды күт, өмір алма кезек, күндердің күнінде олай талтандап жүргендеріне өкінетін болады. Мәселе бағада емес, білімде. Диплом - жәй қағаз, ол білімді сен өмір бойына пайдаланасын. Ол сенің ең басты қаруың болады. ОЛардан артық екеніңд дәлелде!
+3 дауыс
Барлығы бірдей емес. Оқуды ақшамен емес, өз білімдерімен жабатындары да бар. Ал, ақшамен жабатындар өз-өздерін бекерге алдайды. Ақшамен жаба отырып, кейін өзіне зиян келтіреді. Жұмыс істеген кезде көптеген қиындықтарға тап болады деп ойлаймын. Мен әлі оқушы болғандықтан, көп нәрсені түсіне бермеуім мүмкін. Жалпы, осындай ойдамын)
+1 дауыс
Бұл жерде де Бес саусақ бірдей емес деген пікірді ұстанамын! Шындығына келгенде мына заманда барлығын ақша шешетін боп бара жатыр ғой, бірақ бастысы білім екенін ұмытпау керек. Оқуыңа ақша төлеп баға алатын болсаң, онда оқудың қажеті не? Оқымай-ақ ақшаңды төлеп жүре бермейме?
Менің өз жеке ойым: мектеп бітіріп ЖОО-ға түсе алмадым, бірақ есесіне колледжде(грантта) оқып жатырмын. Сабақтарыма ақша беріп көрген емеспін және бұл жағдай болмайды да. Барлық бағамды өз біліміммен аламын.
Дәл мен сияқты екенсіз, менде ҰБТ-ға барымша дайындалғаныммен ЖОО-ға түсе алмадым, мен де қазір колледжде грантта оқимын. Алла бұйыртса колледжден кейін де ЖОО-ға түсе жатармын. Саған да соны тілеймін, бір жағынан қуанамын колледжге түскеніме, себебі қазір оқудың қадірін білдім, өмірді көрдім, және жаңа бағдарламаға іліктім, яғни Алла бұйыртса, ЖОО-ға баллым жетсе үшінші курстан бастаймын, мені осы жоға тағдырым арнайы түсірген шығар деп те ойлаймын кейде....
+1 дауыс
Өз басым ақша беріп көргем жоқ. Қандай қиын болса да өзім тапсырып жүрмін. Болашақтада солай істейтін боламын!
...