0 дауыс
2.3k көрілді
"Қазтуған-ел болашағын ойлаған тарихи тұлға" тақырыбында эссе жазыңыз?

1 жауап

0 дауыс

Қазтуған - Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі єдебиетінің ірі өкілі. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тілдес тайпалардың шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик ақын. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың алғаш өлеңдерін Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Ұлы арман», Ленинградтан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көген «Поэтика Казахстана», «Поэты пяти веков» жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі єдебиет» хрестоматиясында басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С.Сейфуллин, М.Мағауин, Є.Дербісәлин, Қ.Сыдыиқов, Х. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы ғалымдар қалам тербеді.

Қазтуған ХV ғасырда өмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырау екені анық. Алайда, ол туралы деректер өте жұтаң. Сол себепті де жоғарыда аталған ғалымдар жырау туралы азды-көпті жазды деуіміз де осыған саяды. Бұған дейін ХІХ ғасырдың көрнекті қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлының «Қазтуған» толғауында айтқандай, Қазтуған жыраудың қонысы «Жайықтың күнбатыс шетіндегі Нарын, Қабыршықты, Қаралау деген жерлер екен» деген жалғыз мәліметке сүйеніп келдік. Жау жағадан алып, қысылтаяаң кез туған шақта Қазтуған елін аман сақтап қалу мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. Оның басты себебі - талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып ел бірлігінің қожырай бастауынан болса керек. Ел қамын ойлап, халық мұңын жоқтаған Қазтуғандай жаужүрек батыр, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте білді, елінің болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді.

Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана. «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі бір көк сеңгір» деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының өзі оның үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді.

Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма оның туған жермен қоштасу жыры.

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ағала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт...,-деген адамды елжіретер

түйдек-түйдек сөз тізбектері, жыр жолдары арқылы туған жерінен еріксіз үдере көшкен ел көрінісі көз алдымызға келеді.

Қазтуғанның Еділ өзенін жағалап, Ақтұба, Бозан бойын жайлаған қазақ, ноғай тайпаларының рубасы, көсемі, қолбасшысы, әрі атақты батыр болғаны мардымсыз тарихи аңыздар арқылы белгілі. Осы қоштасу өлеңі он бесінші ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткеннен сыр шертеді.

Салп-салпыншақ анау үш өзен

Салуалы менің ордам қонған жер,

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер...

Шиыршық атып, шымырқанған тебіреністен туған бұл теңеулер батыр жыраудың туған жерге сағынышын, шексіз махаббатын білдіріп, ақындық қиял ұшқырлығы мен өршіл романтикалық шеберлігін дәлелдей түседі.

Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс - ол жырды кім шығарғанын нақтылы дәлелдейтін:

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кєуірдің

Арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған,-деген жолдар арқылы қазақтың ноғайлы дәуіріндегі төл әдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартады. өз шығармаларын ауызша шығарып таратқан Қазтуған сияқты дүлдүл жырау өз есімін жырларында ерекше атап өту арқылы авторлығына дау тудырмайтын амалды сол заманда- ақ білдіргендей.

Бұл - сол кезде жеке жыраулардың, батырлардың сөзі үлгісінде туған ноғайлы дәуіріндегі толғау ретіндегі ерлік, батырлық жырдың алғашқы нұсқасы, яғни оған «қазіргі ноғай, қарақалпақ, қазақ, т.б. халықтардың тарихи кезеңге, уақытқа телінген ауызекі поэзияның үлгісі деп қарау керек».

Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты, қазақпен етене бауырлас, түбі де, тілі де бір ноғай, қарақалпақ халықтарының әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеулерінде Қазтуған жырау өз ұлтының өкілі, туған єдебиетінің тарихындағы көрнекті тұлға ретінде бағаланып, дәріптеліп келеді. Бұл орайда Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының ноғайлар арасына кең тараған нұсқалары «Ноғай жырлары», «Шопан» жинақтарында жарияланып, «Ноғайлар» атты көлемді зерттеуде ноғай әдебиетінің өкілі ретінде жырау шығармашылығы арнайы сөз болды. Сол сияқты, қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов өз зерттеуінде Қазтуған жырауды қарақалпақ әдебиетінің ірі өкілі ретінде қарастырады.

Біздің пікірімізше, Қазтуған - ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұттық салт-дәстүрлері де бір болып келген қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де Қазтуғанды бауырлас үш ұлттың төл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын- жырау ретінде бағаласақ ақылға сияды.

«Бұдырайған екі шекелі...» деп басталатын толғау-өлең - жыраудың өзіне дейінгі ақындық сөз өнерінен алған үлгі-өнеге негізінде өмірге келген жыр. Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан ақындар мен жыраулар шығармашылығына єсер етті, нақыл, тақпақ, мақал-мәтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусалмас қазына болды.

«Бұдырайған екі шекелі...» толғауы жыраулық поэзиядағы басқа толғаулардан оқшауланып тұратын көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Жырау өзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар «мұздай үлкен көбелі» батыр, «қойдың көсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық бейнесін сыйғыза білген. Мұның өзі жыраудың жай ғана қарапайым адам емес, жеке басы бірнеше өнерді меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жан екенін аңғартса керек.

Осы толғаудағы «бұдырайған екі шеклі», «мұздай үлкен көбелі», «айдаса қойдың көсемі» және т.б. сөз тіркестеріндегі ойнақы, асқақ теңеулер жырға шырай келтіріп, соны көркемдік ізденіс, тапқыр да айшықты ой иірімдерін байқатады. «Ұстаса қашағанның ұзын құрығы» деген бір жолдың өзі ғана көшпелі дала өмірін көз алдымызға әкеліп, буырқанған бұла күш иесіне теңеген көркемдік ерекшелікті аңғартады.

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күні ашқан, -деген осы тоғаудағы көркем сөз өнері кестелеген жыр жолдары бейнесі ұлғая түскен метафоралардан құралып, үнемі үдей түскен кең үрдісті де күрделі эпитет жасайды. Сонау орта ғасырларда орныққан бұл көркем сөз үлгілері өзінің сол қалпындағы нақышты қасиетін қазіргі қазақ поэзиясына дарытып, сақтап келгені Қазтуған жасаған өлең өрнектерінің өлместігін білдірсе керек.

Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп басталатын толғауы да жыраулық поэзияның көркемдік қуаты жағынан шебер жасалған үлгілерінің бірі.

Ақын шығармалары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, негізгі тұспалдар ойы, ішкі мазмұнынан ерлік рухы, батырлыққа тән қасиеттер анық сезіліп, жыраулық поэзияның айшықты ерекшеліктерімен бедерленеді. Бұл жырларда бір ғана жырау атымен сақталып келген жыраулық үрдістегі поэзияның нағыз қаһармандық үні, жауға қарсы қаймықпас атой салған батырлық лебі басым.

Шығармаларының мазмұндылығы мен әлеуметтік салмағы жағынан алғанда, «Қазтуған толғаулары... қазақ халқының халық боп құрыла бастау тұсындағы жайлы қоныс, жайлы мекен іздеу мәселелелерінің сол алыс замандағы жаңғырығы, поэзия өмірінде сақталған шағын ескерткіш үлгісі ретінде кейінгі дєуірге жетті. Бұлар өз дєуірі мен шығарушысы жайында кішкентай болса да елес, ұғым бере алса, өз міндетін артығымен орындағаны болып саналады».

Қазтуған - аты әйгілі он бесінші ғасырдың әрі батыр, әрі шешен жырауы. Оны халық Қарға бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Туып өскен жері - Каспий алқабы, Бөкей жеріне қарасты. Еділ мен Жайық арасы, қабыршақты даласы, қазіргі Орал облысының Жалпақтал мен Жәнібек аудандарына жататын өлке. Астрахань облысына қарасты Краснояр ауданы, Бозан, Ақтуба өзендерін мекендеген елден шыққан. Ақтуба мен Бозан өзендері Еділдің кішігірім төменгі салалары қазіргі Краснояр ауданы. Краснояр ауданының көп жері бұрын Бөкей ордасына қараған, Бөкей ханның өзі сол ауданның байырғы тұрғындары Қарағаш ноғайлары ортасындағы кіші аралдағы Қияш өзені жағасындағы Баба ата мәйітінде жерленген. Қазтуған заманында бұл жерлер ноғайлар мекені есептелген-ді .

Қазтуғанның дәл қай жылы туып, өлгені туралы тиянақты дерек әзірге белгісіз. Шамамен ол он бесінші ғасыр ішінде өмір сүрген.

Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Сол туралы талай аңыздар да айтады. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақты батыр. Оның он батыр ұлы болыпты.

Онымыз тұрып оқ атсақ

Он сан қалмақ бөлінген,-деп айтыпты батырдың өзі. Халық аузында мынадай да өлеңдер кездеседі:

Тоғыз тұтам оқ жонған,

Толғамалы найза өңгерген,

Тоғыз көлді торқалы

Темір болат сауыт киген,

Толғамалы жақ тартқан,

Толассыз тұрып оқ атқан,

Тоғыз оқ торғауытты бөгеген,

Тобылғыдан су татқан.

Жетпіс бесте жасы бар...

Қабыршықты жайлаған.

Ақсуды төмен бойлаған,

Шағанға атын байлаған,

Қарға бойлы Қазтуған...

Ақынның басқа өлеңдерінен де оның өмірі туралы кейбір деректерді ұшырата аламыз.

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ақ ала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш,

Күйеу болып түскен жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған,

Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт...

Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Сәулетті менің ордам қонған жер...

Менен қалған мынау Еділ жұрт...

Бұл өлең жолдарынан Қазтуғанның үш өзенді жайлаған Еділді мекен еткен батыр болғанын, атасы Сүйініш, анасы Бозтуған екенін аңғару қиын емес.

Қабыршықты қара су -

Ол Қазтуғанның қонысы еді,- дейді.

С. Сейффулин өзінің 1931 жылы жинағында «Ноғайлар бытырағанда Қазтуған батырдың айтқаны» деген атпен «Єрайна, билер, єрайна» деп басталатын жиырма шақты өлеңін жариялады.

Қазтуған жырау жорық жыршысы жєне халық эпосын жасаушалардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның єдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды.

Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраулардың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көкемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен єдеби өмір белгісі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қош- тасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның жады арқылы жеткен бірқатар толғаулары И. Березиннің «Түрік хрестоматиясында», Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М. Мағауиннің «Алдаспан» кітабында жарияланды.

Толығырақ: https://infourok.ru/aztuan-zhirau-turali-malmat-beru-1909165.html

...