0 дауыс
101k көрілді
Пайдасы мен зиянын екі бөліп жазыңыз

Тақарыпты түснікті етіп ашу

2 жауап

0 дауыс

Қазіргі кезде жаһандану мəселесіне ерекше назар аударылуда. Əлеуметтік-гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды жəне жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық жəне танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, əлеуметтік, ақпараттық, мəдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды жəне жүйелі зерттеулер əсіресе ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн.

Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, əлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар əкелуде. Жаһанданудың басты типтік жəне сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда- қаражаттық, мəдени, ақпараттық байланыстармен өзара əрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс  күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.

Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы əлеуметтік-саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық жəне мемлекеттен жоғары тұратын саяси жəне құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда [1].

Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мəдени көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылуда. Кейбір ғалымдардың пікірінше, жаһанданудың мəдени бөлімі жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі жəне «локомотиві», басқа салаларды анықтаушы күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман бойынша, «мəдениет — биосфера тəрізді құрлымдықтың генераторы, осынсымен ол адамдар айналасында əлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық» [2]. Шындап қарасақ, жаһанданудың негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мəдени ұстанымдардың жатқаны белгілі. Жаһанданудың  сценарийі американдық үлгіде жүруде. Ол жаһанданудың базисі, доминанты ретінде, оның салдарынан бұрын басты себебіне, детерминанттық күшіне айналып үлгірген.

Батыстық мəдениет негізінде пайда болғанмен, ол мəдениеттің мəні мен формасы жағынан американдық болып қалуда. Осындай жағдайда жаһанданудың əр түрлі баламалық тұрғыдан тарихи- мəдени негіздері болуы керек, жаһандану жергілікті, аймақтық мəдениеттің ерекшелігін ескеру негізінде даму керек деген де ойлар жиі айтылуда. Мəселен, Қытай, Рессей, Иран, Үнді, Түркия елдері  жаһандану   үрдісінің  негізінде  жергілікті  аймақтардың  мəдениеті  мен     тұрмыс-салтыныңерекшелігі жату қажеттігін көрсете отырып, баламалық негіздегі жаһанданудың тұжырымдарын жасауда.

Бұдан шығар қорытынды, американдық мəдениетіне негізделген жаһанданудың əмбебаптық үлгісі ешкімді қанағаттандырмайтындығы жəне оған деген қарсылықтың күннен күнге үдей түсуі.

Американдық үлгідегі жаһандану, əлемдік қаржы жүйесін дағдарысқа тіреді. Қаржылық олигархия, банкі-қаржылық капиталы əлемдік нарықты, құнды қағаздарды, инвестициялық  ахуалды өз қолдарына қарата отырып, жаһанданудың монетарлық либерализмге негізделген идеологиясы мен мəдениетін, қала берді өмір сүру стандартын ұсынуда.

Кейбір дерек көздері бойынша, «трансұлттық компаниялар əлемдік ішкі өнімнің 75 % өз бақылауында ұстауда. Олардың ақшасы бүкіл мемлекеттің орталық банкілеріндегі ақшасын қосып есептегенде 5–6 есе көп. Трансұлттық компаниялар əлемдік өнеркəсіптік өндірістің 1/3-тен ½ дейінгісін бақылауда» [3]. Осындай алпауыттық экономикалық саясат ұлттық экономиканың тəуелділігін арттырап қана қоймай, жергілікті мемлекеттердің де экономикалық еркіндігін шектеп нарық экономикасына жат əділетсіз, біржақты өнім айырбасын туғызуда. Бұл жағдайда бəсекелестік туралы айтудың өзі де артық.

Біржақты экономикалық, қаржылық тұрғыдағы өктемдік американдық жəне еуропалық мəдениеттің жергілікті мəдениеттен артықшылығын көрсету ұстанымдарын тудыруда. Мұндай сыңаржақты көзқарастың негізінде «еуропакіндіктік» қағида жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан қарар болсақ, лидер болуға ұмтылған қандай да болмасын ұлт экономикалық, ақпараттық, технологиялық үстемдігін пайдалана отырып, өз құндылықтарын, көзқарастық ұстанымдарын, мінез-құлықтық үлгісін басқаға таңатыны белгілі. Тіпті керек десеңіз, стратегиялық тұрғыдан мəдениет экономикалық үстемдік жүргізудің басты құралы ретінде пайдаланылады.

Жаһанданудың мəдени динамикасы «орталық — шет» дилеммасы контексінде жүріп жатқаны белгілі. Егерде осы дилемма шеңберінде жаһандық мəдениет пен ұлттық мəдениеттің сұхбаттық қатынастарын қарайтын болсақ, одан біз міндетті түрде біржақтылық пен үстемдік үлгісінің бар екенін жəне бұл сұхбаттық қатынастардың біртекті емес екендігін көреміз. Бұдан шығатын қорытынды ұлттық, аймақтық, мəдениеттердің əзірге, жоғарыда аталған объективтік жағдайларға байланысты, жаһандану үрдісінің басты субъектісі бола алмайтындығы. Ол үшін «орталық — шет» дилеммасынада қандай да болмасын сұхбаттық қатынас төзімділік, өзарасыйластық, теңдік пен əділеттілік қағидалары негіздерінде жүруі қажет. Болмаған жағдайда, қайшылық, өзара түсінбестік орын ала беретіні сөзсіз.

Жаһандану жағдайында мəдени ықпалдастықтың бəрі жақсы немесе ұлттық мəдениетті сақтаймыз деп томаға-тұйықтыққа салыну арқылы сыртқы дүниемен, басқа мəдениетпен қарым- қатынасқа түспеу немесе ұлттық мəдениеттің архаикалық түрін консервациялаумен шектеу де сыңаржақтылық болар еді. Сондықтан бұл жағдайда көп нəрсе ұлттық мəдениеттің ішкі мүмкіндіктеріне, сыртқы ықпалдарды шығармашылық тұрғыдан талғампаздық биігінен қабылдай білуге, бəсекелестік қабілетіне де көп нəрсе байланысты.

Кейбір зерттеушілер ұлттық мемлекеттің өркениет көшінде үлесудің бірден-бір жолы елдің демократия, азаматтық қоғам, либералдық құндылықтарды қабылдауында деп біледі. Өз кезегінде, бұл үрдіс екі бағытта қарастырылады: əмбебаптық жəне консервативтік [4]. Бірінші бағыт бойынша демократия мен ұлттық құндылықтар арасында тікелей байланыс жоқ, аталған құндылықтар бүкіл адамзат баласына ортақ. Ашық қоғам, нарық, адам құқы тəрізді құндылықтар — өркениет негізі. Олар ұлттық тіл, мəдениет, менталитет тəрізді құндылықтардан қашанда жоғары. Бұл көзқарас батыстық өркениет құндылықтары негізінде пайда болған көзқарас десе де болады;  екіншісі, өркениет көшіне ілесу тек қана ұлттық ерекшеліктерімізді, тіл мен ділімізді, дінімізді сақтай отырып, тек сол негізде азаматтық қоғам құндылықтарын дамытуға болады. Осы бағытқа «еуразиялық» тұжырымдама негізінде дамып отырған еуразиялық менталитет, мəдениет идеяларын да жатқызуға болады. Біз екінші бағытты қолдайтынымызды жəне оның Қазақстан үшін тиімді екенін баса көрсеткіміз келеді. Бұл жерде бар мəселе ұлттық менталитеттің даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болып отыр. Əрине, ұлттық менталитеттің ішкі мүмкіндіктерін, пассионарлық энергиясын жаһандану үрдісінде дұрыс, тиімді пайдаланудың маңызы өте зор. Бұл жолда бізге үлгі, серік болар елдер де жоқ емес. Мəселен, Жапония елі. «Жапондық рух, батыстық технология» қағидасын ұстанған олар ұлттық менталитетті жаһандық үрдіспен сəтті ұштастырып  келеді. Сонымен, бүгінгі ұлт менталитетінің ахуалы қандай, қандай құндылықтар мен көзқарастар жаһандану жолында бізге серік бола алады, қандай құндылықтардан біз арылыуымыз керек деген сұрақ төңірегінде ой тарқатып көрелік.

Жалпы ұлт менталитеті туралы əңгіме ұлт бар жерде ғана айтылуы тиіс. Ұлт жоқ жерде,   немесе «қазақстандық   ұлт»   концепциясы   төңірегінде,   мұндай   əңгіме   қозғаудың   басы   артық.  Себебі «қазақстандық ұлт» идеясы — ұлтсыздануға апарар бірден-бір жол, жаһанданудың ықпалына механикалық тұрғыдан бейімделу негізінде пайда болған саяси-идеологиялық конструкция. Басқаша айтқанда, «қазақстандық ұлт» концепциясы ашық қоғам жағдайында, батыс құндылықтарын шектен тыс тықпалаудан пайда болған саяси тұжырымдама. Мұндай идеологиялық конструкцияның ментальдық, тарихи, мəдени, рухани, тілдік негіздері Қазақстан қоғамында əртекті. Ол тұтастық сипатта қалыптаспаған. Себебі «қазақстандық ұлт» қай тілде сөйлеуі керек, оны  тұтастық тұрғысынан алғанда сапалық көрсеткіштері мен ерекшеліктері қандай, мəдениеті мен салт-дəстүрі қалай болмақшы деген сан сұрақтарға əзірге анық жауап жоқ. Əр түрлі көзқарастар мен пікірлер, ұстанымдар бар. Бірақ олар жүйеленбеген. Басқаша айтқанда, «қазақстандық ұлт» идеясының саяси конфигурациясы қалыптасқанмен онтологиялық негізі əзірге айқын емес. Оның өзінде бұл конфигурация иманентті сипаттағы қайшылықтарға толы жəне өзінің ішкі даму  потенциылында басқа факторлардан бұрын саяси факторларға тым көп орын берілген. Сондықтанда будандық сипаттағы құндылықтар «қазақстандық ұлттың» əмбебаптық негізі бола алмайтынын жəне жалпы ұлтты біріктіру мен топтастыруда əлсіз екендігі байқалады.

Қазақстан ұлттық құрамы жағынан тек қана полиэтникалы ғана емес, сонымен  бірге, менталитеті жағынан да əр сапалы. Онда жалпылама тұрғыдан айтқанда параллельдік бағытта дамып отырған шығыстық жəне батыстық менталитет қалыптасқан. Осындай параллельдік сипаттағы менталитетке қарамастан, ұлтаралық татулық, өзара сыйластық, комплиментарлық негізде өзара диалог орныққан. Қазақстанның басқа мемлекеттермен салыстырғандағы басты ерекшелігі  де осында. Ал оның тарихи негізі тереңде, ол ғасырлар бойы бірге өмір сүрудің, тағдырдың ащысы мен тұщысын бірге көрудің нəтижесі. Соның арқасында «қазақстандық менталитет» қалыптасуда. Десекте, оған ерекшелік тəн болғанмен, жалпылық тəн емес.

Қандай да болмасын ерекшеліктің тамыры, тегі болатыны белгілі. Тамыр, тек сапалық қасиеттер арқылы өлшенетінін ескерсек, қазақстандық менталитеттің өлшемі, межесі қазақ халқының құндылықтары болып табылады. Қазақстандық менталитеттің құрылымдық сипатының ішкі өлшемі, қозғаушы күші, жүзеге асуы да қазақ халқының құндылықтарына тікелей байланысты. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деуі де сондықтан. Демек ұлттық ерекшелікті елемей, ескермей, «азаматтық ұлт» туралы тұжырым жасау сыңаржақтылық. Өкініштісі, кейбір ғалымдар мен саясаткерлер «азаматтық ұлтты» қазақ халқынсыз, оның тілінсіз жəне менталитетінсіз көз алдына елестеткісі келеді. Елестету былай тұрсын, тіпті армандайтындар да көбеюде. Тіпті ұлт туралы айтпаңдар, ол кешегі заманның феномені, бүгін ел туралы айту қажет дегенді алға тартады. Бұл бос əурешілік, ұлтсызданудың талайын басынан кешірген, «мың өліп, мың тірілген» қазақ, енді оған жол бермейтініне сенімдіміз. Өйткені заман өзгерді, ұлттық сана өсті, қазақ оңы мен солын, жақсысы мен жаманын ажыратар деңгейге жетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар өз мүддесін қорғауға да шамасы келді. Бұны ескермеу, қазақ халқымен санаспау ақиқатқа жасаған қиянат болар еді.

ХХ ғасыр басындағы қазақпен ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан қазақтың мінез-құлқы мен құндылықтарды таңдауында айырмашылық бар екені рас. Қазақ менталитетінде этникалық құндылықтармен қатар азаматтық құндылықтарда қалыптасуда. Бұл өмір талабы, ұлттың əлеуметтенуінің нəтижесі. Бұл ұзақ, күрделі процесс. Оны ескермеуге болмайды. Бұл үрдіс басқа да ұлт өкілдері менталитетінде бар. Қазақстанды өз отаным деп түсінетіндердің саны жылдан жылға артуда. Дегенменде, жаһандану барысында ұлттық келбетімізді сақтау үшін ұлт менталитетіндегі қалыптасқан, тарихи сыннан өткен, топтастырғыш моральдық-этикалық, адамгершілік, қасиеттерімізді қоғамдық дамудың рухани негізі ретінде қараудың маңызы өте зор.

Жаһандану барысында ұлт менталитеті мен тіл арасындағы байланыс та алдыңғы қатарлы мəселенің біріне айналуда. «Үш тағандық тіл» туралы соңғы кезде жиі айтылып жүр. Қоғамдық пікір əр түрлі болғанмен, полилингвистикалық идея нақты тұрғыдан жүзеге асуда. Жоғары оқу орындарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде студенттерді оқыту бүгінде əдетке айналған. Біздіңше, бұл жердегі басты мəселе, тіл ұлттық ойлаудың өзара байланысы жайында болмақшы. Тілсіз ұлттық ойлаудың болмайтыны белгілі. Тіл арқылы ұлт өзінің менталдық болмысын, өмір тіршілігін, дүниетанымын бейнелейді. Ұлттық тіл неғұрлым бай болса, дүниені бейнелеу соғұрлым нəрлі, əсерлі болып келеді. Жаһандану барысында қазақ тілі қорының байлығына, оның дүниені бейнелеу қызметіне шүбə келтіріушілер жеткілікті. Олар тілдік саясатты сынаған болып, қазақ тілі аграрлық қоғамның тілі, индустриалдық  қоғамның дамуын бейнелей  алмайды деген пікірлерді  алға   тартуда.

Мұндай көзқарастың ең басты кемшілігі, тілдік саясат пен қазақ тілінің теориясын шатастыруы. Ал шындығына келгенде, қазақ тілінің байлық қоры қоғамдық өзгерістерді бейнелеуге əбден жеткілікті екендігіне ешкімнің күмəні болмаса керек.

Жаһандану заманында қазақ халқы менталитетінің этномəдени архетиптерін саралаудың да маңызы өте зор. Этномəдени архетиптер қатарына кеңпейілділікті, жомарттықты, ашықтықты, бөтенді жатсынбауды, төзімділікті жатқызуға болады. Бұл аталған архетиптер — бүгінгі қазақ дүниетанымының, рухани болмысының, іс-қимылының басы, негіздері. Нарықтық қатынастар мен демократиялық құндылықтарды игерудегі икемділік таныту астарының көзі де осы аталған архетиптермен байланысты. Дегенмен де тек пайда мен табысты мұрат тұтқан қоғамда шектен тыс жомарттық пен кеңдік танытудың да шегі, өлшемі болуы керек. Мұндай құбылыстар, əсіресе ұлттық мүдделерімізді əлем алпауыттарының алдында қорғауға келгенде сезіліп қалынып жүрді. Ұлттық мүддені қорғау барысында шамадан тыс жомарттық танытудың өзі ұлт менталитетінің нарық заманына бейімделмегенін, экономикалық, саяси тəжірибенің аздығын көрсетті.

Толығырақ: https://articlekz.com/kk/article/15682

0 дауыс

Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіпқатердің әршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Ғылыми әдебиеттерде бұл мәселелер үш топқа жіктеледі:

1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:

  • Соғыс және бейбітшілік мәселелері;
  • Этнологиялық мәселелер;
  • Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу мәселесі;
  • Космос пен Әлемдік мүхитты бейбіт игеру мәселелері;

2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:

  • Демографиялық мәселе;
  • Аштық пен тоя тамақтанбаумен күрес мәселесі;
  • Ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз салдарын жою мәселелері; аса қауіпті індеттерді жою мәселесі;
  • Рухани ортаны және адамзаттың мәдени әркелкілігін қорғау мәселесі;

3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:

Ғаламдық мәселелерді шешудің басты шарты - әлемдік қауымдастықтың мақсатты түрде келісілген саясат жүргізуі. Оның мынадай стратегиялық аса маңызды екі бағытын атап көрсетуге болады: ғылыми-техникалық саясат және қазіргі халықаралық қатынастар- ды реформалау. Алғашқысы экология- лық, шикізаттық, энергетикалық және т.б. қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық алғышарт- тар жасауды, ал, екіншісі әлемдік қа- уымдастықты әділ демократиялық не- гізде реформалауды кәздейді.

...