Әрине бес саусақ бірдей емес, болашағын ойлайтын жастар бар, бірақ өте аз. Шындық қашанда ащы, естір құлаққа жағымсыз тиеді. Өздеріңіз бір ойланып, жан-жақтарыңызға көз тастап көріңіздерші. Қарапайым мысал: бір сыныпта 20-25 оқушы оқитын болса, оның ішінде 6-7 оқушы жақсы оқуы мүмкін, қалған 14-18 оқушы мүлдем оқымайды деседе болады. Әйтеуір күн өтсе болды деп жүре береді. Кім үшін? Не үшін сабаққа барып жүргендерін өздеріде түсінбейді. Сонда қалған 14-18 оқушы болшағын ойлағандықтан оқымай жүр деп айта аласыз ба? Студенттердің де арасында дәл осындай. Дұрыс арақ ішетін жастар кішкене азайды, есесіне көкнәр, есірткі пайдаланатын жастарымыз күн санап көбейіп жатқаны жасырын емес. Оны құлақпен естіп те, көзбен көріп те жүрміз. Айта берсе мысал көп. Сіздер ойламаңыздар мені өз сұрағына өзі жауап бере алмай қалды деп. Менде көбіне интернетте отыруға уақыт бола бермейді. Сондықтан жауап кеш жаздым. Артық кетсем ренжімеңіздер.