+12 дауыс
1.5k көрілді

"Біздің еліміздің атауында Орталық Азиядағы басқа мемлекеттер сияқты "стан" деген қосымшасы бар. Шетелдіктер халқы небәрі екі миллион адамды құрайтын Моңғолияның атауында "стан" қосымшасы жоқ екенін алға тартады. Уақыт өте келе ел атауын "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн" деді Елбасы. 

Онда кытаптар,мекемелердн сыртнда турган жазулар тыпты бастауыш сынып окушыларнын ойы озгереды бул дурыс емес!
Бәрін айт та,бірін айт,комсомолдың жырын айт. Оған қарсы бола ма, болмай ма оны халықтан сұрамайды,Назарбааев айтса болады.

38 жауап

+15 дауыс
 
Жақсы жауап

Жақсы болар еді. "Стан" - сөзі шын мәнінде орысшадан аударғанда тұрақ деген сөзге келеді, сонда Қазақстан сөзі жіктегенде қазақтарға бөлінген тұрақ сияқты естіледі.  Ал енді Қазақ елі - деген, сол елдің,жердің дербес, жеке дара иесі, қожасы ҚАЗАҚ - деген халық екендігін айқындап тұрандай әсер етеді. Былайша айтқанда Қазақстан деген пәтер (бұрынғы КСРО деп аталған көп қабатты үйдегі) ал Қазақ елі деген жеке үй (дом) сияқты  ғой. Ертерек болса екен.

Қазақ елі деген жағымды естіледі екен.
Белгісіз
Өте дұрыс
+8 дауыс
Қаншама 190елдің алдында 20жылдан мәртебеміз Қазақстан атауымен танымал. Сондықтан осы қалпы қалғанын қалаймын.
Мен де Қазақ елі деп өзгерткенін қаламаймын. Ол орыс тіліне аударғанда Казахская страна болады  ғой.Шынымен біртүрлі естіледі.Қазақ елі дейтіндей Қазақстанда тек қазақтар ған тұрмайды ғой 130 дан астам ұлттар тұрады. Бұлай өзгерткен менің ойымша дұрыс емес.
+10 дауыс

Құптауға тұрарлық мәселе! Қазақ елі деп атағаны дұрыс секілді шынында!

+8 дауыс

Өз басым мүлде құптамаймын. "Қазақстан" атауы тарихи-мәдени және саяси толық қалыптасқан атау. Оны өзггертудің ешқандай қажеті жоқ.

+5 дауыс
"стан" деген тұрақ, лагер деген мағына емеспе, оны өзгертпесе не болады?
+6 дауыс

Халқы бізді екі орайтын өзбекстан да жүр ғо, многохалықтық ел болғандықтан станымызбен жүре берейікта))

+5 дауыс

"Қазақстан" атымызбен қала берейік.

+2 дауыс

"Қазақстан" деп қала бергені дұрыс.Көптеген мемлекеттерге "Қазақстан" деп танылдық.Бірақта елбасшы айтқан соң орындайтын болар.

+3 дауыс

Қазақстан болып қалғанын қалаймын.

+1 дауыс

Қазақстанда кәзіргі уақытта 130 дан астам улт окилдери бар емес пе? те қазақтар ғана емес

Сосын олар да мен қазақпын деп ұрандататын шығар.))
Белгісіз
"Стан" деген тіркес те жері, мекені деген мағынаны білдіреді ғой, басқа тілден (парсы ма еді, ұмытып тұрмын). Оны (елімізді) қазақшалағанның не айыбы бар?
+1 дауыс

Тек қазақ тілділердің саны елімізде 70 пайыз межеге жеткеннен соң ғана. 

Орыстар Қазақстанды Казахстан дейтін еді. Онда қазақ елі дегенді Казак ели дейтін шығар.  кысқартқанда Қаз.Ел. деп сосын казел. деп бара , бара казёл қылып алмаса болар.
Белгісіз
0 дауыс

Жоқ колдамаймын .

–1 дауыс

Қолдайтын адамдарды түсінбеймін. Қазақ елі деп ауыстырса Республика алынып қалайын деп тұрғой ал Республика алынып қалды деген сөз біз қандай елге көшкенімізді ойласаңдаршы,  

+5 дауыс
Елбасының айтқанын құптаймын. Қазақ Елі – жақсы атау, елдің иесі мен киесі барын еске салып тұратын. Жасай бер мәңгілік Қазақ елі!
+1 дауыс
Құптaмaймын. Ол 20 жыл тaрихымызды дa өзгерту кeрeк дeгeн сөз емес пe? Бұрыннан Қазақстан болып танылып келдік. Oртa жoлдaн атымызды өзгертудiң қaжeтi нe. Бaсқа өзгертeтiн нәрсeлер толып жaтыр ғoй...
Қазақ елі дегенге толықтай келісемін!!!!!! Елбасы не айтсада құптаймын.
...