"Біздің еліміздің атауында Орталық Азиядағы басқа мемлекеттер сияқты "стан" деген қосымшасы бар. Шетелдіктер халқы небәрі екі миллион адамды құрайтын Моңғолияның атауында "стан" қосымшасы жоқ екенін алға тартады. Уақыт өте келе ел атауын "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн" деді Елбасы.
Жақсы болар еді. "Стан" - сөзі шын мәнінде орысшадан аударғанда тұрақ деген сөзге келеді, сонда Қазақстан сөзі жіктегенде қазақтарға бөлінген тұрақ сияқты естіледі. Ал енді Қазақ елі - деген, сол елдің,жердің дербес, жеке дара иесі, қожасы ҚАЗАҚ - деген халық екендігін айқындап тұрандай әсер етеді. Былайша айтқанда Қазақстан деген пәтер (бұрынғы КСРО деп аталған көп қабатты үйдегі) ал Қазақ елі деген жеке үй (дом) сияқты ғой. Ертерек болса екен.
Құптауға тұрарлық мәселе! Қазақ елі деп атағаны дұрыс секілді шынында!
Өз басым мүлде құптамаймын. "Қазақстан" атауы тарихи-мәдени және саяси толық қалыптасқан атау. Оны өзггертудің ешқандай қажеті жоқ.
Халқы бізді екі орайтын өзбекстан да жүр ғо, многохалықтық ел болғандықтан станымызбен жүре берейікта))
"Қазақстан" атымызбен қала берейік.
"Қазақстан" деп қала бергені дұрыс.Көптеген мемлекеттерге "Қазақстан" деп танылдық.Бірақта елбасшы айтқан соң орындайтын болар.
Қазақстан болып қалғанын қалаймын.
Қазақстанда кәзіргі уақытта 130 дан астам улт окилдери бар емес пе? те қазақтар ғана емес
Тек қазақ тілділердің саны елімізде 70 пайыз межеге жеткеннен соң ғана.
Жоқ колдамаймын .
Қолдайтын адамдарды түсінбеймін. Қазақ елі деп ауыстырса Республика алынып қалайын деп тұрғой ал Республика алынып қалды деген сөз біз қандай елге көшкенімізді ойласаңдаршы,
Еріккеннің ісі деп есептеймін, басқа да шаруалар жетерлік мемлекетімізде.
Елбасының олай айтуының бір мағынасы бар шығар.Қайдан білесіздер?!Қазақ елі де жаман атау емес,бір жағынан Стан жалғауы көп мемлекет атауына жалғанған.Қазақ елі болып ауыссақ өте әдемі болар еді.Елбасымыз көпті көрген кісі яғни біледі.Мен құптаймын!
Егер өгертпесек қазақ деген халық атауы жойылып, қазақстандық деген халық пайда болайын деп тұр ғой... Болғыларың келе ме американец сияқты тексіз? Жер де ел де қазақтыкі дегенннің несі жаман? Сосын бәріміз ештеңені ойламай тату өмір сүре береміз тарихқа таласпай.
мәселе кітаптың не мекеменің атауының өзгеруі емес , оны өзгертудегі басты себебі ел алдында жарияланып, халықтың көз қарасы ескерілуі керек . Мен мемлекет атауының өзгертудегі басты себебін білмей жатып қандайда бір пікір айтудан аулақпын.
егер себеп-салдары атап айтылған болса қандай??????
Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын!!!
Монғолияда стан жоқ екен деп ауысудын қажеті жоқ деп ойлаймын. Ауыстыру үшін нақты дәлелдер керек. Халықтың жағдайы соншама керемет болып тұрған жоқ. Үй салып, машина алсада барлығы несие арқылы ғана. Біраз тиын тебен зейнетақы мен еңбекақыға қосылса,күнделікті тұтынатын заттар бірнеше есе қымбаттайды. Ең алдымен доллар мен орыстын рубліне жалтақтағанша, бағаны тұрақтандырып,қарапайым халықтың жағдайын жасап басқа ойды бірақ ойлау керек деп ойлаймын. Орташа еңбек ақыны есептеседе ақшаны көп алатындардыкі қоса есептеліп, орташа еңбекақыны жүз мыңнан асырып айтады. Оны ауыстыру үшін мемлекетке де, қарапайым халыққа да қаншама қаражат керек.
Құптамаймын, елдің атауын емес, сапасын өзгерту керек! Мысалы, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бір Тіл мәселесі, бірінші осында жөнге келтіру керек!
ҚАЗАҒЫМ! ҚАЗАҚ ХАЛҚЫМ! СІЗДЕРГЕ НЕ БОЛҒАН? НЕГЕ "ҚАЗАҚ ЕЛІ " АТАУЫНА ҚАРЫ КЕЛУМІЗ КЕРЕК? БІЗ АТА - БАБА ТАСТАП КЕТКЕН СОНАУ ДАРХАН ДАЛАМЫЗДЫҢ ӨЗ АТАУЫНАН НЕГЕ БАС ТАРТУЫМЫЗ КЕРКЕ? БІЗДІҢ ҚАНДАЙ ХАҚЫМЫЗ БАР? БҰЛ АТАУДАН БАСТАРТУ ОЛ ДЕГЕН КҮНӘ ЕМЕС ПЕ? МЫНАЛАРДЫН БАРЛЫҒЫ СЫЛТАУ НЕ БОЛМАСА ШЫНАЙ ҚАЗАҚТАРДЫ МОЙЫНДАМАУ : Қаншама 190елдің алдында 20жылдан мәртебеміз Қазақстан атауымен танымал. Сондықтан осы қалпы қалғанын қалаймын.Өз басым мүлде құптамаймын. "Қазақстан" атауы тарихи-мәдени және саяси толық қалыптасқан атау. Оны өзггертудің ешқандай қажеті жоқ.Қазақстанда кәзіргі уақытта 130 дан астам улт окилдери бар емес пе? те қазақтар ғана емес. Қолдайтын адамдарды түсінбеймін. Қазақ елі деп ауыстырса Республика алынып қалайын деп тұрғой ал Республика алынып қалды деген сөз біз қандай елге көшкенімізді ойласаңдаршы,-ДЕГЕН ДҰРЫС ЕМЕС!
ЕЛ БАСЫНЫҢ АЙТҚАНЫНА ҚАРСЫ КЕЛМЕНДЕР!