+2 дауыс
1.0k көрілді

"Қазақстан" атауы өзгерсе Әнұран,Елтаңба,Кітаптар,Жеке құжаттар бәрі бәрі өзгереді ме?

11 жауап

0 дауыс
Бастысы әнұран содан соң Ата заң өзгереді. Қалғандарын жайлап өзгерте береді.
0 дауыс

"Қазақстан Республикасы" атауын өзгертудің қажеті жоқ. Себебі, өзгертілсе барлық құжаттар, атаулар, мөрлер, барлығы да өзгертіледі. Бюджеттен қыруар қаржы желге ұшады. Сосын, "Қазақ елі" деген қазақша айтқанның өзінде де ерсі естіледі. Бізде жүздеген ұлттар мен ұлыстар бар емес пе?

0 дауыс

Қазақстан атауы өзгерген күннің өзінде біздің тіліміз, елтаңбамыз, кітабымыз өзгермейді әнұранда өзгеріс болуы мүмкін. Жеке құжаттарда да өзгеріс болады. Жақсы жауып шығар.

+1 дауыс

Арма қазақ елі! Мына жайтқа тыныш қарап отыра алмаймын! Қазақстан атауын Қазақ елі деп өзгертеміз дейді ме?! Әлі күнге дейін әлемнің 50%-дан астам мемлекеті Қазақстан деген мемлекет бар екен білмейді! Бұл жайға жоғардағы ағаларымыз бен әпкелеріміз бас ауыртып отырған жоқ! Лондон олимпиадасында Винокуров алтын алған кезде біраз елдің өкілдері Қазақстан деген мемлекет бар ме еді деп ауыз ашып қараған болатын! Бұл жағдайды біреу біліп біреу білмейді! Жаста болсам елдің болашағына жаным ауырады! Ертең ел есімі ауысса онда мүлдем әлем таңырқап Қазақ елі қайдан шықты деп ауыз ашып көз жұмады! Ата заң,әнұран,жеке іс қағаздар ауысады онда тағы да бұл жерде халық зардап шегеді! Елдің жайын ойлап отырған кейіп танытады жоғарғы жақ,ал мәнісінде өз бас пайдаларын ойлайды! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні көпшілікті білмеймін көптің атынан сөйлемей ақ қояйын мен жалпы қарсымын бұл өзгеріске! Жасым бар болғаны он төртте сонда да шамам келгенше ащы шындықты жеткізуге тырыстым! Сіздердің назарларынызға рахмет!

Айналайын қарындасым-ау жаным-ау сол.
Айтқандарың керемет екен.
Бірақ оны айтқан елбасы Н.Назарбаев болатын.
Ал Н.Назарбаевтың тиісінше 23жылдық ел басқарудағы тәжірибесі бар.
Ол кісінің де өз тактикасы, жоспары бар.
Белгісіз
Аға,бұл ұсынысты жеке Назарбаев атамыз айтқанын білемін! Сонда да,халық жағдайын ойлады ма? Бұл жерде міне осы маңызды! Нұрсұлтан атамыздың ел басқарудағы қабілетіне күнәнім жоқ,сонда да ҚАЗАҚСТАНды әлі күнге дейін танымайтын елдер өте көп! Міне,осыны ойлау керек еді атамызға!
ТАЛАСПАҢДАР, БІЗДЕН ЕШКІМ ПІКІР СҰРАМАЙДЫ, МҰНДАЙ СӨЗ АЙТЫЛСА, КӨП ҰЗАМАЙ ОРЫНДАЛАДЫ ДЕГЕН СӨЗ. БІР ТҮСІНБЕЙТІНІМ, БҰРЫН ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОЛАЙЫҚ ДЕП ЕДІ, ЕНДІ НАҒЫЗ ПАТРИОТТЫҚ ҰСЫНЫС АЙТЫП ЖАТЫР. НАҒЫЗ ӨЗГЕРЕТІН БОЛСА "ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ" ДЕП АТАЛСЫН.  1-ШІДЕН "СТАН" ТІРКЕСІНЕН ҚҰТЫЛАМЫЗ, 2-ШІДЕН "ҚАЗАҚ" АТАУЫ ЖЕКЕ ДАРА АЙТЫЛАДЫ, 3-ШІДЕН "РЕСПУБЛИКА" ЕКЕНІМІЗДІ ҰМЫТПАЙЫҚ, 4-ШІДЕН ШЕТ ТІЛДЕРІНДЕ ДЕ ТҮСІНІКТІ ЕСТІЛЕДІ. МЫС: "КАЗАХСКАЯ РЕСПУБЛИКА", "KAZAKH REPUBLIС"
Қазақстанды көбі танымайды дейсің, оны білмейтіндер сауатсыздар, оған несіне ренжисің? Мысалы сенің жазғаныңа қарап өте білімді екеніңе сенемін, сондықтан өзге сауатсыздарды өзіңмен салыстырасың. Оларды аяу керек, себебі көзі қараң, көкірегі мүлгіп отыр. Мысалы әйгілі Спирс әнші Австралияға барған концертінде елдің атын шатастырып ұятқа қалып еді, ал сен Қазақстанды білмейді деп налисың.
Қазақстанды танымай жатқанда қалай налимайсыз аға?! Өзіңіз ойлап ойға салып қарамадыңыз ба?! Қалай жаныауырмайды Қазақстандықтар қайдан шықты деп жатқан да жаным қатты ауырып жүрегім езіліп кете жаздайды! Өткенде Түркіменстанның баласымен сөйлесіп отыр едім қайдан боласың дегенде Қазақстаннан дедім сонда ол менен ондай ел бар ма еді деп жауап қайтарды не дерімді білмей үн түнсіз қалдым! Бұл қорлық пен мазаққа төзу оңай ма аға ойлаңызшы?!
0 дауыс

Жаңадан басылып шыққан нұсқалары ғана. Өзгерсе әрине қайта басылып шығуды қажет етеді. 

0 дауыс

Айтарым бар!

   Жалпы көршілес кей елдерде осындай бастаманың болғаны рас. Мысалы Грузияданың жан ашырлары дөңгелек үсел өткізіп өздерін "Джорджия"-деп атауды ұсыныпты. ондағы ойы 70 жыл Ресейдің қоластында (Кеңестік дәуірдің езгісінде) болған сол кеңес өкметінің берген атауын өзгерткісі келеді екен. 

менің айтпағым біздің мемлекет мына солтүстіктегі Павлодар, Петропавл сияқты облыстардың атын өзгертуге қауқарсыздық танытып отырғанда бұған жол болсын, тіпті күлкің келеді. Керек десеңіз Семей облысы орыстың семипалатинск деген яғни "жеті шатыр"-деген сөзінен қалып қойған мәнсіз мағынасыз атауы мен аталып келеді.

Оныңбәрі қалып Мемлекеттің аты өзгереді дегенге өзіңіз ойлап ой қорытыңыз................

0 дауыс

Мен жеке өзім Қазақ елі деген атауға өзгергенін қолдаймын.

0 дауыс

ТАЛАСПАҢДАР, БІЗДЕН ЕШКІМ ПІКІР СҰРАМАЙДЫ, МҰНДАЙ СӨЗ АЙТЫЛСА, КӨП ҰЗАМАЙ ОРЫНДАЛАДЫ ДЕГЕН СӨЗ. БІР ТҮСІНБЕЙТІНІМ, БҰРЫН ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОЛАЙЫҚ ДЕП ЕДІ, ЕНДІ НАҒЫЗ ПАТРИОТТЫҚ ҰСЫНЫС АЙТЫП ЖАТЫР. НАҒЫЗ ӨЗГЕРЕТІН БОЛСА "ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ" ДЕП АТАЛСЫН.  1-ШІДЕН "СТАН" ТІРКЕСІНЕН ҚҰТЫЛАМЫЗ, 2-ШІДЕН "ҚАЗАҚ" АТАУЫ ЖЕКЕ ДАРА АЙТЫЛАДЫ, 3-ШІДЕН "РЕСПУБЛИКА" ЕКЕНІМІЗДІ ҰМЫТПАЙЫҚ, 4-ШІДЕН ШЕТ ТІЛДЕРІНДЕ ДЕ ТҮСІНІКТІ ЕСТІЛЕДІ. МЫС: "КАЗАХСКАЯ РЕСПУБЛИКА", "KAZAKH REPUBLIС"

0 дауыс

Атауы өзгерседе,Әнұран,Елтаңба,Кітаптар,ЖҚ өзгеруі екі-талай.Елбасы өзгертпесе,сол күйінде қалады.

0 дауыс

Қазақ елі деген жақсы атау, бірақ қарап отырсаң, оны өзгерту үшін қыруар қаржы кетейін деп тұр. Бірақ халықтың көбі өзгертуге қарсы секілді.

0 дауыс

Қазақстан меніңше өзгермейтін сияқты.

...