+1 дауыс
85.3k көрілді

Еңбек етсең емерсің. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей тақырыбында шығарма керек?

6 жауап

0 дауыс
ЕҢБЕК ТУРАЛЫ

Еңбек - өмір ажары.

Еңбек - дәулет, бедел - сәулет.

Еңбек - ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы.

Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

Еңбексіз өмір - сөнген көмір.

Еңбек түбі - зейнет.

Еңбек - адамның екінші анасы.

Еңбек шаһар түзетеді.

Еңбексіздік жүдетеді.

Еңбекке қарай құрмет,
Жасына қарай ізет.

Еңбектің наны тәтті,
Емшектің сүті тәтті.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Еңбек ептілікті сүйеді.

Еңбектікі екеу болар.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбек етсең - емерсің,
Ерінбесең - жеңерсің.

Еңбегі ештің күні кеш.

Еңбектің көзін тапсаң,
Байлықтың өзін табарсың.

Еңбек етсең ерінбей,
Қарның тояр тіленбей.

Еңбек етсең, ерінің асқа тиер,
Ілбіп кетсең, иегің тасқа тиер.

Еңбектен қашқан дөңбекке жолығар.

Еңбек түбі - береке,
Көптің түбі - мереке.

Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.

Еңбегің сайлы болса,
Ішің майлы болады.

Еңбегі ештің тұзы сор.

Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.

Еңбекпен ер өседі,
Егізбен төл өседі.

Еңбек ет те, егін ек,
Жарымасаң, маған кел.
Белді бу да, бейнет қыл,
Байымасаң, маған кел.

Әдірә қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.

Ердің атын еңбек шығарар.

Ер дәулеті - еңбек.

Ер еңбекке бір түйсін.

Еңбек патшалықты асырайды.

Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.

Ащы еңбекке тұщы нан.

Емініп тапқанның,
Екі көзі шығады.
Еңбекпен тапқанның,
Екі бүйірі шығады.

Кедейшілік кетсін десең, еңбек ет,
Молшылық жетсін десең, еңбек ет.

Есесі қайтпас еңбек жоқ.

Ерте тұрғанның есесі артық.

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық,
Ерте тұрған еркектің ырысы артық.

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

Кім еңбек етсе, сол тоқ.

Әлің барда еңбек ет,
Еңкейгенде емерсің.

Көп еңбегі көңілді.

Адал еңбек елге жеткізер,
Арам еңбек елден кеткізер.

Көрнекті іс көмілмейді.

Күш жақсы, күштен іс жақсы.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Бүгін тындырар ісіңді ертеңге қалдырма.

Сен істі сүйсең,
Іс саған бас иеді.

Бітер істің басына,
Жақсы келер қасына.

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.

Бейнет көрмеген берекесіздік істейді.

Істің ақыры жігіттің пақырына қалады.

Беріле істеген берік болады.

Өнерлі істе жеміс бар,
Өрелі істе жеңіс бар.

Өнімсіз іске өңмендеме.

Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.

Есесі қайқан еңбек игі.

Қимылдаған қыр асар.

Қолы қимылдағанның ауызы қимылдар.

Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,
Ауызы қимылдаған адамға аштық жоқ.

Жаңбыр жауса - жер тоқ,
Егін ексе - ел тоқ,
Бұлақ ақса - көл тоқ,
Еңбек етсе - ер тоқ.

Халық қазанын қайнаттым,
Қолымның, кәне, қарасы.
Ер қазанын қайнаттым,
Етімнің, кәне, жарасы.

Түйір нан - тамшы тер.

Тамыр тартқан тарықпас.

Ексең егін, ішерсің тегін.

Не ексең, соны орарсың.

Еккен орар, берген алар.

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.

Егіннің жайын еккен білер,
Арбаның жайын жеккен білер.

Жеріне қарай егін ек,
Жолына қарай жегін жек.

Егін ексең, тыңға ек,
Онан өнер өнім көп.

Еге білсең, егін тасқа да шығады.

Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды.

Тердің қадірін төккен білер,
Егіннің қадірін еккен білер.

Ерте еккен бүтін алар,
Кеш еккен отын алар.

Арпа егіп, бидай алам деме.

Егін піспей қам сайла.

Егіндікті күзде суар,
Күз суарсаң, жүз суар.

Тамырың қашса, тары ек,
Келер жыл тағы ек.

Тамырың келер қасыңа,
Қайыры тиер басыңа.

Бабасы еккенді баласы орады.

Көктемде жерге түскен бір дән,
Күзгі күнгі мың дән.

Оқпанды жерге егін салма,
Жанжалды жерге жақын қонба.

Атасы жер жырта білмегеннің,
Баласы тұқым себе білмейді.

Су келтірер бір кісі,
Егін егер мың кісі.

Су - ырыстың көзі,
Еңбек - кірістің көзі.

Жер жастанып, су сүйеніп жүрген.

Еккенің тікен болса,
Орғаның балауса болмас.

Арық қазған су ішер,
Араздасқан у ішер.

Жылай-жылай арық қазған,
Күле-күле су ішер.

Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.

Кезі келсе, кетпен шап,
Майрылмаса, қайрылсын.

Жер жыртқанда ізің болмаса,
Қырманда жүзің болмайды.

Диірмен тас та болса,
Жұртқа жейтін ас береді.

Диірменнің бір тасына тұтқа салып айналдырсаң, ұн аласың;
Екі тасына бірдей тұтқа салып айналдырсаң, құм аласың.

Малды тапқанға бақтыр,
Отты шапқанға жақтыр.

Қыста малыңды бақ,
Жазда шөбіңді шап.

Қорасында айыры жоқтың малға қайырымы жоқ.

Мал баға білмеген пайда таба білмейді.

Малды жақсы баққаның,
Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның,
Келген бақты қаққаның.

Мал жайған малдың жайылғанына тояды.

Қойшыны таяғы,
Қасқырды аяғы асырайды.

Малды баға біл, бабын таба біл.

Белгілі малшың болмаса,
Беліңді бу да, малға бар.

Күндіз қойын күтерсің,
Түнде жүнін түтерсің.

Бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың,
Бәрің бірдей тойшы болсаң, қу боларсың.

Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

Құдықтан су ішкен,
Қазғанға рахмет айтады.

Ағашты көлеңкелеген,
Еккенге рахмет айтады.

Егін ексең, шығырыңды майла,
Мал бақсаң, өрісіңді сайла.

Бейнетсіз рахат жоқ.
Бейнет түбі - зейнет.

Екі қолға - бір күрек.

Бір қолын екі еткен.

Жазған құлда жату жоқ.

Қарманған қарап қалмайды.

Күрекке боқ көп.

Жұмыстың жаманы жоқ.

Шаруаның мұңы бір.

Жақсы жұмыс жанға тыныш.

Жұмыс басты - ер қашты.

Тек жүргенше тегін істе.

Қызмет қыл да, міндет қыл.

Жұмысы жемістінің өмірі келісті.

Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың тезін тап.

Бола көрме жұмыссыз,
Жұмыссыз адам ырыссыз.

Құлдай қызмет етсең,
Бектей жатып жейсің.

Есің барда етек жап,
Қайратың барда мал тап.

Есектің артын жу да, мал тап.

Бейнетің қатты болса,
Тапқаның тәтті болар.

Маңдайы терлемегеннің,
Қазаны қайнамайды.

Қолыма жұмыс бергенің,
Жаныма тыныс бергенің.

Жүйесін тауып жұмыс қыл,
Жерін тауып тыныс қыл.

Көрінген төбенің алысы жоқ,
Көтерген жүктің ауыры жоқ.

Аузың айтқанды қолмен істе.

Тамыздығын тапсаң, тас та жанады.

Сен бұтаны көтерсең,
Бұта сені көтереді.

Биыл ізі болса,
Келер жылы өзі болады.

Айыр - пішен қасында,
Кісен - кереге басында.

Сөз қуған пәлеге жолығар,
Шаруа қуған дәулетке молығар.

Шаруаның иті де ұрғашы болсын.

Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбегімен ер көгерер.

Жарғақ құлағы жастыққа тимейді.

Ұқсата білген ұтады.

Сыпырғы келсе шаң қашар.

Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

Кетпенім сай, шотым сай,
Қазсам суға жетемін.
Атаным сай, атым сай,
Көшсем нуға жетемін.

Жасында жалықпаған
Қартайғанда тарықпайды.

Ер - егіз, еңбек - жалғыз.

Епсіздің еңбегі еш.

Әрекет түбі - берекет.

Алма ағашын бергеніне қарап бағала,
Адам баласын еңбегіне қарап бағала.

Еңбегің - дәулетің.

Сабақты ине сәтімен.

Өзің илеген терінің пұшпағы.

Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге мал тұрар.

Ойланбай істеген іс опық жегізеді.

Жер - байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.

Арқа еті арша, борбай еті борша.

Қайраты бар кісінің берекеті бар ісінің.

Там салғанның тамтығы қалмайды.

Істеп салдым бір істі,
Алла оңғарсын бұл істі.

Малдың жайын баққан білер,
Оттың жайын жаққан білер.

Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.

Тынымсызды жұмсасаң, бүлдіріп келер,
Тынымдыны жұмсасаң, тындырып келер.

Алманы шөлге ек, салыны көлге ек.

Істеу қиын, сынау (айту) оңай.

Күздік ексең, үздік ек.

Бүлдіру оңай, түзету қиын.

Өзің таппаған дүниенің қадірі жоқ.

Шапіу оңай, жинау қиын.

Жақтырмасаң, қойыңды бақтырма.

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер.

Алтын шыққан жерді белден қаз.

Өзімдікі дегенде, өгіз қара күшім бар,
Өзгенікі дегенде, анау-мынау ісім бар.

Түйменің инесіз күні жоқ.

Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер.

Ат шабысымен қадірлі,
Ер табысымен қадірлі.

Ер тынысы — еңбек,
Ез тынысы — ермек.

Ерінбегеннің саулығы егіз, қозысы семіз.

Ауыр жол атанды сынайды,
Ауыр іс адамды сынайды.

Мал баққанға бітеді,
Отын жаққанға бітеді.

Егін еккенге бітеді,
Жерін тауып сепкенге бітеді.

Жер астында алтын бар,
Қаза берсең, табасың.
Бау бар жерде жеміс бар,
Кеулей берсең, табасың.

Мехнат түбі - кейіс,
Рахат түбі - пейіш.

Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.

Біреуге елден береді,
Біреуге жерден береді.

Қурай тартсаң, күй шығар,
Ағаш тартсаң, үй шығар.

Құрал-сайман саз болса,
Машақатың аз болар.

Төзе алмасаң бейнетке,
Қолың жетпес зейнетке.

Жұмсақты қию оңай,
Жұқаны жию оңай.

Ерінбеген елекпен су ішеді.

Көңілсіз басталған іс көпке бармайды.

Еңбекқорға әр күн сәт,
Еңбексізге бір күн сәт.

Әр нәрсенің сәті бар.

Серт берген шегінбес,
Еңбектенген ерінбес.

Қойшы көп болса, қой арам өледі.

Десе де Құдай құрасын,
Еңбек етіп тұрасың.

Қой иесі бірге санаса,
Қойшы басқа санайды.

Келісті сөз - күміс,
Жемісті жұмыс - алтын.

Еңбек өмірді ажарлайды.

Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.

Ердің ісі - келісу,
Ездің ісі - керісу.

Жолаушыны жол,
Шеберді қол асырайды.

Әр мехнатқа бір рахат.

Жақсыға ісің түссе,
Үзігіңді жалғайды;

Жаманға ісің түссе,
Бүтініңді жалмайды.

Екпесең, жер қысырайды,
Күтпесең, көл қысырайды.

Ісі білмес, кісі білер.

Адал еңбек аздырмас,
Сұмдық бойды жаздырмас.

Қары ауырмағанның басы ауырмайды.

Жұмысты адам емес, азбар істейді.

Қисық істің
Қырың жылдан кейін де қиығы шығар.

Қол - күрек: шабуылда қалқаның, бекіністе қорғаның.

Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар.

Ер еңбегі елге ортақ.

Аз ақшаға алданып,
Өнбес іске жалданба.

Тілекке еңбек тірек.

Еңбек ет те, міндет ет.

Куәсіз істі күмән табады.

Тегін істің түбі шикі.

Көрікті қызған кезде бас.
0 дауыс

«Еңбек етпеген адам ішім-жемге жарымайды, еңбектенген адам ішім-жемнен тарылмайды», — дейді халық даналығы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл осындай сөздердің мәнін одан әрі тереңдетіп, саналы адамдарға сәуле түсірердей етіп тұжырым жасап берді. Нақтылап айтқанда, ол: «Әлемнің әміршісі – еңбек.

Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», — деп, қазақ халқын ел игілігі жолында табанды еңбек етуге шақырып, тәуелсіздіктің тұтқасын еңбекпен ғана ұстап тұруды ұғындырды. Расында да, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалға ешқандай дәлелдің қажеті жоқ, айқын қағида.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасында адамдарды еңбекке баулу арқылы түйінді мәселені шешу қажеттігін алға тартты. Мұндай жақсы іске жақсылықпен жауап қату — әрбір нұротандықтардың басты міндеті. Елбасының еңбекке қарай қарышты қадамы жыл басында халыққа жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының жалғасы десек те болады. Бұлардың екеуінде де халықтың игілігі үшін жасалатын маңызды міндеттер бір-бірімен үндесіп жатыр. Аталмыш тұжырымдамада «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясына жүктелген міндеттер салмақты. Елбасының Үкімет пен «Нұр Отанға» жүктеген бірінші тапсырмасы — 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін «Қазақстан 2030 стратегиясы ережелері мен қазақстандық әлеуметтік жүйе мен экономикалық жаңғырту міндеттері қоғамын бірлесіп дамыту мәселелеріне қатысты басқа да стратегиялық құжаттарға арқа сүйейтін 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық тұжырымдамасының» жобасын және әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізу, әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалаудың жобасын жасау. Елбасының ұсынып отырған бұл тұжырымдамасы біздің алдағы міндеттерімізді шешу үшін қоғамды еңбекке жұмылдыратын түйінді фактор болып отыр. Мен «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде және облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жерлестерімді Елбасының осындай өзекті тұжырымдамасын жұмыла жүзеге асыруға шақырамын.

Аталмыш тұжырымдамаға біздің солтүстік өңірінің ауыл шаруашылығы саласы мен біздің ғалымдарымыз да өз үлестерін қосады деп айтуға толық негіз бар. Соңғы жылдары Үкімет елдегі аграрлық салаға мықтап бет бұрды. Соның ішінде жергілікті тұрғындардың отандық өнімдерді тұтынулары үшін ауыл шаруашылығы ғалымдарының жұмысын жандандыру қажеттігі де назарға алынды. Бұл біздің жұмысымызға үлкен серпін береді. Қазіргі таңда біздің Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көптеген меншік нысандарының шаруашылықтарында ет және сүтті бағыттағы малдардың жаңа тұқымдарын зерттеу, ет, сүт, жүн өндірісінде заманауи технологияларды құру, тағы басқа да жұмыстармен айналысып келеді. Біздің басты мақсатымыз — әрбір ғалымның ғылыми еңбегін жаңа инновациялық жобаларға негіздеп, шаруашылықтың барлық салаларына енгізу, ғылыми ізденістердің нәтижесі арқылы еліміздің экономикасын дамыту және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі үшін мал шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін нығайту. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл басындағы Жолдауында еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа инновациялық жобаларды батыл енгізуге баса назар аударды. Соның ішінде ауыл шаруашылығын әлемдік стандарттарға сай жан-жақты дамыту — басты шарт. Соған орай, біздің институтта да нақты шаралар жүзеге аса бас-тады. Соның бірі — агроқұрылым мамандарын жаңа әлемдік технологияларға орай қайта даярлықтан өткізу. Үстіміздегі жылы институт жанынан мамандарды қайта даярлайтын «Қызылжар» білім тарату орталығы ашылды. Онда белгіленген жоспар бойынша шаруашылық мамандары орталыққа келіп теориялық және тәжірибелік білімдерін арттырып, сертификатқа ие болуда. Елбасы тапсырмасының ең өзектілігі өндіріс орындарын ашып, оның өнімдерінің сапасын арттыру, жұмыспен қамту мәселелерін оңтайлы тетігін табу болса, мен айтып отырған аталмыш орталықтың келешекте де қажеті зор болмақ.

Жастар — еліміздің болашағы. Оларға қолдау жасау — уақыт күттірмейтін мәселе. Соңғы жылдары өзім басқаратын институтта қызмет істейтін жас мамандар 60 пайызды құрап отыр. Біз олардың келешегінен үлкен үміт күтеміз. Жастарға ең қажеттісі қолжетімді баспана болса, биылғы жылы Қызылжар ауданында әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін мамандармен бірге ветеринария мамандарына да 0,01 %-бен баспана сатып алуға 2 427 000 теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріліп отыр. Диплом алған жастар бұл тұрғыда ойланулары керек. Ауылдан қашпай, елдің дамуына өз үлестерін қосулары қазіргі қоғамға ауадай қажет. Жастар «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Нұр Отан» партиясының төңірегіне бірігіп, келешектегі стратегияларды бірге жүзеге асырулары қажет деп ойлаймын. Дәл қазір біздің қоғамымызға нақты өнімді еңбек қажет. Бейнетсіз зейнет жоқ. Өкінішке орай, көбісі білім-біліктерін меңгерудің орнына әке-шешесінің тапқан ақшасына көлік сатып алып, «такси» жүргізуден арыла алмай отырғаны өкінішті. Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келсе, санамызды жаңғыртып, масылдықтан арылуымыз керек. 

Ел экономикасының қарқынды дамуының қозғау-шы күші жаңа серпіндегі, тың бағыттағы әлеумет-тік-инновациялық жобалар мен бағдарламалар болмақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 маңызды міндет жүктеген тұжырымдамасында өзін-өзі жұ-мыспен қамтыған халық саны неғұрлым басым орналасқан елде индустриялық және инновациялық экономиканың жаңа нысандарын құру туралы мәселе де назарға алынған. Бұл — ауылдағы әрбір отбасын ойландыратын мәселе. Ауылдың гүлденіп көркеюі үшін еңбекке жарамды әрбір қазақстандық өз үлестерін қосулары керек. Мұндай бастамалар мен бағдарламаларды ғалым болсын, мемлекеттік қызметкер болсын, дәрігер, педагог, басқа да қай саланың маманы болсын, барлығы бір тудың астына бірігіп, жұмылып жүзеге асырғанда ғана еңбек қоғамына қарышты қадам жасай аламыз.

0 дауыс

Еңбек — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және әрқилы табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және түрмыспен катар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.

0 дауыс
Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей".

 Бұл мақалдың мағынасын мен былайша түсінемін.Әр адам адал жолмен еңбек етіп,бар маңдай терін төксе ғана жұмысының жемісін көре алады.Күн,түн демей еңбек етсе,талаптанса дегеніне жетеді.Жатып алып қалағаныңды тілеп жатуға болмайды.Әрекет ету керек.Сонда ғана еңбектің тәтті дәмін татасың.
0 дауыс
"Теңдесі жоқ еңбек"

    Еңбек етсен еріңбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек-ата, жер-ана. Еңбегі аздын өнбегі аз. Деп біздін ата-бабамыз айтқан. Адамға еңбек пайдалы деп ойлаймын. Себебі адам еңбекпен өзінің психологиясы мен физиологиясын дамытады. Және адамеңбектегенде өмір жасы ұзарады, экономикалық тәуелсіздік адамда пайда болады. Еңбек дегеніміз қазғалудан және ойланудан тұрады.

   Бүкіл әлемдегі техникалық,экономикалық,медициналық,физикалық жетістіктер. "Теңдесі жоқ еңбек" арқылы келді. Сондықтан балаларды ерте жастан бастап еңбекке баулып өсіру керек. Барлық адамдарға жемісті еңбек тілеймін. Барлық саладағы қызметкерлерге жетістік еңбек арқылы келді.
0 дауыс

"Теңдесі жоқ еңбек"

    Еңбек етсен еріңбей, тояды қарның тіленбей. Еңбек-ата, жер-ана. Еңбегі аздын өнбегі аз. Деп біздін ата-бабамыз айтқан. Адамға еңбек пайдалы деп ойлаймын. Себебі адам еңбекпен өзінің психологиясы мен физиологиясын дамытады. Және адамеңбектегенде өмір жасы ұзарады, экономикалық тәуелсіздік адамда пайда болады. Еңбек дегеніміз қазғалудан және ойланудан тұрады.

   Бүкіл әлемдегі техникалық,экономикалық,медициналық,физикалық жетістіктер. "Теңдесі жоқ еңбек" арқылы келді. Сондықтан балаларды ерте жастан бастап еңбекке баулып өсіру керек. Барлық адамдарға жемісті еңбек тілеймін. Барлық саладағы қызметкерлерге жетістік еңбек арқылы

...