0 дауыс
1.0k көрілді
2021 жылдың қыркүйек айында кезекті демалыстан жұмысқа шықтым, 2021 жылдың желтоқсан айын декретке кеттім. Еңбекке жарамсыздық парағым 2022 жылдың сәуір айының 26-сына аяқталады. 4 ай жұмыс жасап кеттім. Босанып болғаннан кейін еңбек ақы ала аламын ба?

1 жауап

0 дауыс

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)192-бабына сәйкес, әйелге, қалауы бойынша жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Осыған орай, егер сіз осы жылы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шықпасаңыз, сізге берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақы күйіп кетеді.

...