0 дауыс
321 көрілді
Мен жұмыс істейтін мекеме тоо менің бес жылдық еңбек демалысымды бермей жүр. Соны қайда жазам және қалай өз құқығымды қорғап ала аламын.?

1 жауап

0 дауыс

Еңбек демалысыеа барлық жұмыскер құқылы . ТОО болғандықтан басшылық өзыңың қызметін заңдық тұрғыдан тыс қолданып отырған сияқты. Егер құжат жөнінде сіз 5 жыл бойы еңбек демалысын алып жүрген болып шықсаңыз да таңқалмаңыз. Әртүрлі әрекеттер жасауы мүмкін. Бір жерге барып жазсаңыз мүмкін кейін жұмыстан қысқартумен қорқытатын болар. 

Айта кету керек, демалыс алған кезде еңбек өтіліне тек нақты істелген жұмыс уақыты ғана емес, қызметкердің нақты жұмыс істемеген, бірақ жұмыс орны (лауазымы) және еңбек ақысы толықтай немесе ішінара сақталған уақыты, уақытша еңбекке жарамсыз болуына байланысты нақты жұмыс жасамаған уақыты, соның ішінде жүктілігі және босануына байланысты демалыста болған уақыты, сонымен қатар, қызметкер жұмысқа қайта кірісер алдында нақты жұмыс жасамаған уақыты да есептеледі.

Сонымен қатар, қызмет-керлердің қалған демалыс күндеріне қатысты алаңдамауларына болады. Пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысының күндері секілді бұл күндер ешқайда кетпейді, қызметкерде сақталады және болашақта (тиісті кезең өткенше) пайдалана алады.

Қалай болғанда да, егер демалыс күндерінің есептелу дұрыстығы немесе олардың төленуін күмән тудырса, қызметкерлер жұмыс берушіден жазбаша түсіндірме талап етуге немесе мемлекеттік қадағалау органдарына жүгінуге толықтай құқылы. Осы жағдайда бұл орган - Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы. Сіздің сауалыңыз бойынша еңбек қорғау және сақтау жөніндегі инспекторлар жұмыс беруші әрекетінің заңдылығын тексеріп, заңдылық бұзылғаны анықталған жағдайда жұмыс берушінің жауапты тұлғалары тиісті жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал жұмыс беруші барлық жіберілген заң бұзушылықтарды жоюға міндетті болады. 

Еңбек демалысының уақытын таңдаймыз

Компанияда алты ай жұмыс істеген кез келген қызметкер құрметті демалысқа шығуына құқылы. Әр қызметкер жарты жыл өткен соң, басшылыққа екі апта бұрын ескертіп, кез келген уақытта құрметті демалысын пайдалану мүмкіндігі бар. Егер ол қарсы болмаса, саяхаттауға жинала берсеңіз болады.

ҚР Еңбек кодексі №251

101-бап. Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының ұзақтығы

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі. 

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.

Егер сіз жұмыс берушімен шарт жасаспай жұмыс істеп жатқан болсаңыз, яғни жалақыны конвертте алып жүрсеңіз, онда еңбек демалысына байланысты мәселе туындауы мүмкін. Өйткені құжат бойынша жұмыс берушімен сізді заңды тұрғыда ештеңе байланыстырмайды, сол себепті құрметті демалысыңызды талап ете алмайсыз.

Демалыс аралығы

Егер алдыңғы демалыстан кейін үш ай өтсе тағы демалыс ала аласыз ба? Еңбек кодексіне сәйкес жыл сайынғы демалыс жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Алайда ұжымның демалыс графигіне байланысты қызметкерлер арасында кезек сақталуы қажет.

Демалыс күндеріне түсетін еңбек демалысы

Кеңес Одағында 28 күндік бір айлық еңбек демалысы бөлінбейтін, сол себепті оның ішіне демалыс күндері кіре ме, кірмей ме деген сұрақ туындамайтын. Қызметкер сол уақытқа түсетін барлық демалыс күнімен есептегенде 28 күнді бір-ақ алатын. Ал қазіргі уақытта демалысты бөлуге болады, және көбі бес күнге – дүйсенбіден жұмаға дейін аралыққа рәсімдейді. Осылайша қызметкерлер жеті күн демалып, сенбі мен жексенбіге түсетін еңбек демалысының екі күнін үнемдеп қалады. Алайда көптеген компаниялар бұл «қулыққа» қарсы және демалыс күндерін қосуды да талап етеді. Талап етуге құқылы ма?

Еңбек кодексі бойынша әр қызметкерге 24 күн еңбек демалысы тиесілі, бірақ оны қанша бөлікке бөлуге және әрқайсының ұзақтығы қанша болуы тиіс екені айтылмайды. Тек демалыстың бір бөлігі екі аптаны толық қамтуы, яғни 14 күннен кем болмау керек екені баяндалады. Демек, жұмыс беруші қарсы болмаса қызметкер демалысын бірнеше бөлікке бөліп ала алады.

Еңбек демалысының ұзақтығы

Демалыстың минималды ұзақтығы 24 күнді құрайды. Ұзартылған еңбек демалысына:

жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн;

оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн;

азаматтық қызметкерлер күнтізбелік 30 күн демалу құқығына ие.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 103-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. Яғни, демалыс мерзіміңізге мерекелік күндер түсетін болса, ол күндерді есепке алдыртпауыңызға толық құқығыңыз бар. Яғни, 56 күн демалыстың ішінде, мысалы Астана күні түссе, онда 57 күн демала аласыз.

...