Адам өзі туылмай тұрып бар болды ма, жоқ болды ма, осы сұраққа жауап беретін кім бар?
Алла тағала ғана тумайды- туылмайды, өлмейді шексіз деген. Ал адам сендерге құдай емес, сондықтан ол туылады, өледі. өмірінің жалғасы бар, олар сендердің ұрпақтарың, келешекті солар көреді, өмірді жалғастырушы солар.
Мына сұрағыңның өзі қызық екен, өлгеннен соң өмір бар ма? деп. Өзің айтып отырсың ғой, өлімнен соң деп, яғни өлім бар, аты айтып тұрғандай.ары қарай бітті деген сөз, ештеңе жоқ.
Егер де өлім жоқ, адамдар келген өмірлеріне қайтады десе, онда басқа өмірге қайтады, бірақ бұлай емес, әруақ ретінде, көзге көрінбей. Бірақ дәл осы денеңмен, осы түріңмен бармасаң, онда ол сен емес, басқа біреу.....Жұмақтың бар болғанынан не пайда, осы күйіңде бармаған соң. Яғни жұмақ та тозақ та ойдан шығарылған нәрселер. менің ойымша осы жерден артық жұмақ жоқ, кереметтің бәрі осы біздің табиғатта тұр.
Осы жағын айтпай, адамдарды дәлелсіз сендіру кімге керек болды . Бір Алла біледі оны.