+1 дауыс
10.2k көрілді

2-ші өмір барма жоқпа?

20 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап


Мынандай  қызықты  ақпарат  бар  Бір  америка  адамы  бақилық  болады  кейін  ол  қайта  өмірге  келіп  үлкейгенде  әйелі  есіне  түсіп  іздеген.Өлгеннен  кейін  өмір  бар  болуыда  мүмкін

Мына  мақаланы  бір  сайттан  таптым

Шынайы өмір өлгеннен кейін басталады

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мұсылман тек жәннаттың ниғметтері мен мәңгілігін немесе тозақтың мәңгі екенін және азабының ауырлығын ойласа, басқа нәрселерге қажеттілігі қалмайды. Өлім жазасына тартылған адам асылатын жібінен басқа не ойлайды? Тәбеті қашады, «Ананы істеймін, мынаны істеймін!» деген қиялдары қалады. Дәрігер анализден соң «Сен қатерлі ісік ауруына шалдықтың» деген кезінде, ол адам да қатерлі ісік болғанын түсінсе, түңіле бастайды...

Өлімнің басымызға келетінін мүлдем ұмытпау керек. Бәрі бұған душар болады, бәрі өледі. Адам өлген кезде ешкім болады. Мал-мүлік, бала-шаға және басқа да несі бар болса, бәрі бір сәтте жоқ болады. Негізгі өмір міне сол күні басталады. Осыншалықты қысқа өмірде дүниелікке берілуге, құтыруға, бір күні сені тастап кететін мал-мүліктің соңынан жүгіруге, бұларды жақсы көріп өлуге арзиды ма?

Аллаһу та’алаға тәуекел ету, үміт және иман азайған сайын адам өз-өзін қауіпсіз сезіну үшін көптеген шаралардың соңынан жүгіреді. Мына қызмет, мына егістік, мына банк, мына үй деп бұлармен әуре болады. Алайда бұлардың бәрі бос нәрсе.

Тек кәрілер емес, жастар да қайтыс болады. Әр күні жұбайымыздан, достарымыздан, таныстарымыздан біреудің қайтыс болғаны жайында хабар келіп тұрған жоқ па? Түсінетін адамға бұл хабарлар өлімді еске алу және ғибрат алу тұрғысынан өте маңызды. Өйткені «Қуаныштарыңды басатын, ләззаттарыңды жоқ қылатын өлімді өте жиі еске алып тұрыңдар» хадис шәрифі мұның астын сызып көрсетуде. Өлім – қиял болған осы өмірдің соңы және мәңгі болған шынайы өмірдің басы.

Хақ та’ала бір капиллярлық тамырымызды бітесе, денеміздегі ұштарын жалғаса әлемді қоршайтынтдай өте жұқа тамырлар, аздаған уақыт бітеу қалса сал боламыз. Осы бітеуді өзіміз ашып жібере аламыз ба? Әсіресе миға баратын немесе жүрекке кететін жолда ұйысқан қан бірден сал қылады, бұл кезде триллиондаған ақшамыз болса да неге жарайды? Бір қылдай тамыр немесе бір жүйке үзілсе, бәрі бітеді... Жағдай осындай болуына қарамай, «Бір ай немесе бір жылдан кейін мен немен күн көремін?» деп ойланамыз. Біз қазір өмір сүріп жатырмыз, аяқтамыз, деніміз сау, осы қызметтерді атқарып жатырмыз. Бұлардың бәрі қаржының арқасында ма, әлде Хақ та’аланың құдіретімен орындалып жатыр ма? Мұны жақсылап ойлау керек. Алдымен бұл ниғметтердің шүкірін өтеу керек. Бұдан кейін онсыз да ақшаға, мал-мүлікке көңіл байлаудың реті келмейді...

Сонда сенің айтқың келгені мал-мүлік жинамай жата бер, бәрібір өлесің деген сөз ба?  Олай болса тамақты қайдан аласың, қайыр сұрап жүрсін ба адамдар, айналайын ау, қайыршыға да тиын-тебен  беретін адамдар болу керек, садақа беру үшін қалтаңда ақша үйіңде малың, байлығың болу керек. Осы жағын неге айтпаған мұсылмандар? осыған қандай жауабың бар? Бәріміз түсінейік соны.

Адамдарға құдай отан берген, сол отанды қорғау үшін де қажымай-талмай еңбектеніп көп дүние жинауымыз керек па? Керек әрине, дүниең жоқ болса қару-жарақтарды қалай жасайсың? Ал қару жарақ керек емес десең, онда жауларың жеріңді тартып алып ата-анаңды бауырларыңды қырып тастайды, құл қылады.
 Ал, мен байлық жинауды дұрыс санаймын, бауырларыңды бейбіт өмір сүрсін, ешкімге де тәуелді болмасын деп. Ал өлім келгенде көреміз арғы жағын, өмір жалғаса береді артыңдағы ұрпақтарыңмен.
+3 дауыс

Әрине бар,Өлгеннен кейін өмір бар екеніне сену керек делінген мұсылмандарды,сондықтан бар.

Өлгеннен кейін тозақ немесе жұмақ екеуінің біреуіне барасын!

–1 дауыс

Өз басым сенбеймін

Минус қойсаңдар қоя беріңдер, мен бәрібір сенбеймін, маған нақты дәлел керек (яғни барып келген адам, немесе ғылыми жауабы)
Минусты мен емес қойған,бірақ мен айтқандай мұсылмандар өлгеннен кейін өмір бар екеніне сену керек делінген,егер мұсылман болсан сенер едін деген едім ғой.
Сіз менімен осы тақырып жайлы ақыры сөйлеспей қойдыңыз ғой...
+6 дауыс

О дүниеде әрине өмір бар,  Мұсылман болғандықтан біз Аллаға ғана сенеміз. Жәнеде сол сенімімізді жоғалтпайық ешқашан. Адамның осы дүниедегі әрбір сөзі мен әрбір іс әрекеті шариғат бойынша о дүниеде сараланады екен.  Адамның о дүниедегі өмірі не тозақта не жұмақта болады. Адамның тәні жер қойнауына тапсырылғанымен, оның жаны әрқашан тірі деп білем.

Аяулым Медеуова , сайт ережесін бұзбауға тырысыңыз,шимайлай бермеуге тырысыңыз, бұл сайтта ол шимайлар грамматикалық қате болып саналады.
Жақсы. Ескертуіңізді алдағы уақытта есімде сақтаймын. Айтқаныңызға Рахмет.
+4 дауыс

О дүние туралы және жәннат пен тозақ туралы құранда айтылған. Әрине бар.

+5 дауыс

Оған сену, сенбеу әркімнің өз еркі. Бірақ, әрине мұсылман болғысы келген адам сенуі тиіс. Әйтпесе мұсылман бола алмайды ғой. Ал жалпы құдайға сенуге келсек, дәлел іздеп керегі жоқ, дәлелдер көп. Айналамызға қарасақ кез келген зат оның жаратушысын көрсетеді. Жеміс - оны өсірген ағашты көрсетеді. Айдалада кетіп бара жатып, құмдағы ізді көрсек сол жерден біреудің жүргенін білеміз. Яғни, сол іздің иесі бар екенін білеміз. Әлде ешкімді көріп тұрған жоқпын, бұл жерде ешкім жоқ деп кетіп қаламыз ба? Аллаһтың бар екеніне сенген соң ақыреттің, жұмақтың, тозақтың, періштенің т.б бар екеніне сенеміз. Өйткені олар ғайып. Яғни, оларды көзбен көре алмайымз. Бұл өмір сынақ екені белгілі. Мұсылмандардың басты міндеті сол ғайыпқа сену. Мұсылман адамның мұсылман емес адамдардан айырмашылығы да сол. Егер оларды көзбен көре алсақ қайдағы сынақ? 

+4 дауыс

Меніңше бар.                                   .

+4 дауыс

Фәни мен бақиға сену иманның шарты емес пе? Меніңше, бар ма, жоқ па деп бас қатырудың да керегі шамалы. 

+2 дауыс

Өлгеннен кейінгі өмір барына сенемін жане жумак пен тозактын барына сенемін Аллага куман келтірмеймін 

0 дауыс
Өлімнен кейін өмір бар деп сенемін. Бірақ қорқамын. Алла тағала барлық мұсылмандарға жұмақ есігін ашса екен. Адам болғасын күнəсіз адам болмайды. Əр күн Алладан кешірім сұрап өтейік. Игі істер жасайық.
0 дауыс
Мен Киелі Жазбаларды зеріттеймін. Ол таурат, забұр, інжіл. Бұл кітапта өлімнен соң өмір жоқ деп анық жазылған. Мысалы   Киелі ЖазБалардың Уағыздаушы (таУратқа жатады) кітабіның 9 тарауының 5,6 тармақтарында былай жазылған:

«Тірілер өлетінін біледі, ал өлгендер ештеңе білмейді. Енді олардың алатын сыйы* жоқ, өйткені олар жайлы барлық нәрсе ұмыт болады. 6 Олардың сүйіспеншілігі, жеккөрініші

«қызғанышы да құрып жоқ болады. Жарық күн астында болып жатқан жайттарға олардың қатысы болмайды.» Бұл жерде жазылғандай өлілер ештеңе білмейдіде, істейалмайдыда. Өлген соң адам өмір сүрмейді, терең ұйқыда болғандай ештеңе білмейдіде, сезбейді. Бірақ Киелі Жазбаларда өлі адамдар үшінде үміт бар екені жазылған. Құдай бізге жақын арада қайтыс болған жақындарымызды қайта өмірге тірілтеді екен.  Жоxан кітабінің 5 тарауының 28тармақтарында былай жазылған:

«Бұған таңғалмаңдар, өйткені қабірдегілердің* бәрі оның даусын еститін уақыт келе жатыр, 29 сонда олар қабірден шығады. Жақсылық жасағандар өмір сүру үшін»

Яғни біз қайтыс болған жақын адамдарымызды жерде қарсалатын уақыт болады. Өмірге қайтадан қош келдіңіз деп айта алатын боламыз. Бұл Құдай жербетінде жұмақ орнатқан кезде болады. Құдай зұлымдарды жойып, әділдер мәңгі жерде болатын жұмақта өмір сұретін болады, қайта тірілген жақындарын қарсалады. Киелі Жазбалардың Аян кітабінің 21 тарауының 4 тармағында  былай жазылған:

«Сонда Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу

«мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды»

Осындай уақыт болады
0 дауыс
Мен Киелі Жазбаларды зеріттеймін. Ол таурат, забұр, інжіл. Бұл кітапта өлімнен соң өмір жоқ деп анық жазылған. Мысалы   Киелі ЖазБалардың Уағыздаушы (таУратқа жатады) кітабіның 9 тарауының 5,6 тармақтарында былай жазылған:

«Тірілер өлетінін біледі, ал өлгендер ештеңе білмейді. Енді олардың алатын сыйы* жоқ, өйткені олар жайлы барлық нәрсе ұмыт болады. 6 Олардың сүйіспеншілігі, жеккөрініші

«қызғанышы да құрып жоқ болады. Жарық күн астында болып жатқан жайттарға олардың қатысы болмайды.» Бұл жерде жазылғандай өлілер ештеңе білмейдіде, істейалмайдыда. Өлген соң адам өмір сүрмейді, терең ұйқыда болғандай ештеңе білмейдіде, сезбейді. Бірақ Киелі Жазбаларда өлі адамдар үшінде үміт бар екені жазылған. Құдай бізге жақын арада қайтыс болған жақындарымызды қайта өмірге тірілтеді екен.  Жоxан кітабінің 5 тарауының 28тармақтарында былай жазылған:

«Бұған таңғалмаңдар, өйткені қабірдегілердің* бәрі оның даусын еститін уақыт келе жатыр, 29 сонда олар қабірден шығады. Жақсылық жасағандар өмір сүру үшін»

Яғни біз қайтыс болған жақын адамдарымызды жерде қарсалатын уақыт болады. Өмірге қайтадан қош келдіңіз деп айта алатын боламыз. Бұл Құдай жербетінде жұмақ орнатқан кезде болады. Құдай зұлымдарды жойып әділдерге мәңгі жерде болатын жұмақта өмір сұретін болады, қайта тірілген жақындарын қарсалады. Киелі Жазбалардың Аян кітабінің 21 тарауының 4 тармағында  былай жазылған:

«Сонда Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу

«мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды»

Осындай уақыт болады
0 дауыс
Өлген соң өмір бар ма, жұмақ пен тозақ деген не т.б. сұрақтарға бір ғана нәрсе жауап береді. Ол - Құран. Егер бес уақыт намазға жығылып, құранның әр сүресін түсініп оқысаң (әрине арабшамен бірге аудармаларын, тәфсірін) барлығы сонда жазылған. Мен де кейбіреулер секілді бес уақыт намазға жығылуға желкем жар бермей, әр нәрсені сылтауратып жүрген адаммын. Дегенмен ақыл тоқтатып барып ненің дұрыс, ненің жөн екенін біліп, білімді молдалардан ғана сабақ алуымыз шарт. Өз бетімізше ғаламтор арқылы іздене бермейік. Өзге ағымдардан сақ болайық бауырлар.
0 дауыс
Құдайдың барына сенсең, Құдайдың қасына баратыныңа да сенгенің дегенғой
0 дауыс
Мен бір кісіні білемін, ол кісі ешқандай да дінге сенбейді, бірақ өзі өте әділ адам, біреуді алдамайды, пара алмайды, пара бермейді, көп мекемелерде коммисия келе жатыр десе, мұсылманың да,христяның да, ойбай ақша жинап қайтарайық. тыныштық керек деп бәрі ақша жинап беретіні өтірік емес, барлық жерде сондай, өз жұмыстарына сенімсіз, адал еместігін біледі олар, ал анау кісі пара бермеймін, менің ісімді тексере берсін қатем болса айтсын деп тұра береді. Бір күні мен одан сұрадым: қай діндесіз деп, сонда ол айтты мен ешқандай дінге сенбеймін деді.Сонда тағы сұрақ қойдым: өлген кезде Құдайдың алдына барып не айтасыз дедім, ол былай деп жауап берді- мен бір дінді ұстансам, мысалы мұсылман дінін, о дүниеге барған кезде Құдай деп жүргеніміз басқаша болып шықса мен недеп жауап берем, көрдің ба бәріне де дәлел керек, ал бізде дәлел жоқ, о дүниеге барып көріп келген адам жоқ, мен сондықтан ешқандай дінге сенбеймін, әйтеуір бір жаратушы барына сенемін оның алдында күнәхар болғым келмейді, біз оны білмейміз ғой дейді. Бұл қалай? әлі түсінбей жүрмін оны.
Ал егер солай сенбей жүргеніңде, соның бәрі рас болып шықса, сенің жағдайың не болады деп сұрауың керек еді ол кісіден.
оны Құраннан оқып, сосын пайғамбардың айтқандарынан білемізғой

Ұқсас сұрақтар

...