+1 дауыс
1.1k көрілді

Бүгін тағы да Амантай Қажыны көрдім басқаша адам ешкімге ұқсамайды аппақ болып киініп алған, елдің бәрі оған қарайды, ал ол ешкімге де қарамайды. "Аттан аттан" деп ұрандап жүреді сол қайда аттан деп айтады? Мұсылман екеніне күмәнім жоқ бірақ сол басқа қажылар сияқты қажыма? Сұрағымды   дін жайында деп түсініп өшіріп тастамаңдар, дін жайында емес жеке сол кісі жайында білгім келді 

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Амантай қажы Семей ядролық сынақ полигонын жаптыруға Олжас Сүлейменовпен қатар көп еңбек сіңірген адам. Әлеуметтік және саяси мәселелерге байланысты өзінің көзқарастарын батыл қорғап жүрген азамат.

ол кісіні жаман кісі деп айтпайм ешкімге жаманшылығы жоқ білем. Сұрағым сол ғой ол кісі қайда аттан деп айтады? Алматылық болсаңыз білетін шығарсыз көшенің бәрін толтырып тастап едіғой осыдан екі жыл бұрын аттан деген жазуға. Өзі бай кісіма дейем бүкіл алматыға сол жазуды жаздырудың өзі ақшағой. одан кейін мешіттерде өзі жайында журнал сияқты таратып жүрет
"Аттан" деп жаугершілік замандарда ерлерге "атқа қоныңдар, жиналыңдар" деген мағынада айтылған. Амантай қажы "Аттан" деп қазақтарға "естеріңді жиыңдар, жиналыңдар, саяси өмірге араласыңдар" деген мағынада айтып жүретін. Қазір қойды-ау деймін.
0 дауыс

Жақсы кісі, шамалы не болмаса. Қажы деп есімінің қасына қосып алғанына қарағанда қажылыққа барып келген шығар.  Ол президент болып кеткенде қызықтың көкесі сонда болар еді ) Бірақ 1 пайыз дауыста жинай алмады ау дим сайлауда.

АААА иа иа дұрыс айтасың ол президентке кандидат болдығой бір кезде)))
Қажылыққа сегіз рет болған деген сөз бар.
0 дауыс

Әңгүдік пе бірдеме ғой, аздап мания величиясы бар ма деп ойлаймын, лағып сөйлегеннен басқа атқаратын шаруасы жоқ

Иә, біреудің қолындағы басқармалы тетік қой, бұрандалы ойыншық сияқты.
...