+1 дауыс
8.0k көрілді
Амантай кім? Роман оқиғасына сүйеніп, оған мінездеме жаса

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Амантай халық ортасынан шыққан, үстемтап өкілдерінің тепкісінен жапа шеккен, шектен асқан қорлық көрген, құлдық қанауда қорланған халықты басқарған ардагер.
Әрине, Амантай өзі ауыр азап шеккен ауыл адамдарының езілген күйін көріп, соларды ұйымдастырып,басқарып, бас бостандықтарын алуға күреске шақырса, басқа қазақ даласының қай саласында болса да бас бостандығын алуға күреске шыққан көтерілістер жер-жерде болған еді. Бірақ, оларды бір орталықтан басқарып,ұйымдастырып отыратын ұйымдық дәрежеге жеткен жоқ еді. Сондықтан әр жерде көтерілген халық дүмпуін патшаның қарулы күші басып тастап, бастықтарын жоқ етіп, не Сібір, не каторгіге айдатып отарады. Соның бірі - Амантай, талай түрмеге түсіп, халқы үшін азап шеккен еді. Амантай осындай соққыға іліккен еді. Бірақ ол елім деп еңіреп өткен, шыбын жанын халқы үшін шүберекке түйген, туған жерім деп ту көтерген азамат болған.
Амантай- Ботагөздің нағашысы, ол- оқымаған адам. бірақ, өмірдің ащы-тұщысын көп көрген, тұрмыс-тіршілік мектебі сабағының қиын-қыстау кезеңін басынан өткізген, көкірегі ашық, көзі қырағы, батыл қимылдайтын, қызу қанды адам болып суреттеледі. Халық қазанында қайнаған, қазақ халқының батырлық, ержүрек, жауына ожар, халқына қарапайым қасиетін  Амантай басынан көреміз.
Сабит Муканов туралы жоспармен шыгарма барма сиздерде,,???
...