0 дауыс
408 көрілді

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
![description][1]Мемлекет тарапынан бір тиын көмек көрсетілмесе де» (Амантай қажының сөзі), 28 мемлекетке барып, қазақ елінің туын қадапты. 10 рет қажылыққа мұсылмандар апарып, 1992 жылдан бері тігулі тұрған қараша үйінен 5 мыңдай адамға зәмзәм суынан дәм татқызған. 2 млн адамның қолын жинап, Семей полигонының жабылуына мұрындық болған. Кереку жеріндегі Ермак ескерткішін күреп тастауға да көмек беріпті. Осы кезге дейін 200 мыңдай адамға ас беріп, бес мың Құранды тегін таратыпты. «Аттан» дегенде, Амантайдың артынан еріп жүретін бес-алты апайдың қалтасына ақша салып отырады деген де дәлелсіз дерек бар. Сол қаржы-қаражаттың басым бөлігін балалары тауып береді дегенмен, «Аттанның» артында қазақстандық құпия ұйымның құлағы қылтияды деген қауесет бар. Қысқасы, Амантайға қатысты өсек-аянның бәрін тексеру үшін Жулиан Ассанждің жігері керек шығар.. Алматының Наурызбай батыр мен Шевченко көшелерінің қиылысын жалаулы-ұранды «панноға» айналдырғанымен қоймай, тал-дараққа өрмелеп, дуал көрсе «Аттан» деп ақ бояумен жазуды әдетке айналдырған. 99 данамен тарайтын үнқағазы бар. [Бұған не дейсіз?][2]


  [1]:
  [2]: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/17/%D1%81%D1%96%D0%B7-%D0%BA%D1%96%D0%BC%D1%81%D1%96%D0%B7-%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B0%D0%B9-%D0%BC%D1%8B%D1%80%D0%B7%D0%B0/
Рахмет, тамаша пікір жазыпсыз, сұраққа жауап бере кетсең нұр үстіне нұр болар еді.+1
Әрине, бір Амантай қажы бұл мәселені түбегейлі шеше алмас! Қазақ ертеден жесірі мен жетімін жылатып қалдырмаған. Жесірін әмеңгерлікке берсе, жетімін жақын туысы бауырына басқан. Айтпағым, жалғыз Амантай емес, қазақ болып аттандайтын кезде бұл мәселенің түбі көрінбек.

П.С. Амантай қажы істері күлкілі болып көрінгенімен патриоттық тұнып жатыр. Далақтап кім үшін жүгіріп жүр, қазақ үшін. Сондықтан ол ағамыздың ісіне ойлана қаралық ағайын...
+2 дауыс
Мен Амантай қажыны саясаткер ретінде санамаймын және ол ештене шеше алмайды себебі ол өзінікін ғана дұрыс деп санайды және басқаның пікірімен санаспайды және адам силау қасиеті жоқ деп білем ол кісіде. Былайша айтқанда мәселе шешу емес құр айқайдан басқа ештеңе бітіре алмас. Бір байқағаным айналасындағылар соған табынада мақтау айтып, өлең шығарып. Дауысы алты қырдан ассада ақылмен сабырмен жұмыс жасамаса керек емес ондай адам.
Сол орыстарды сыйлаймыз  деп жүріп солардың тілінен арыла алмай жатырмыз емес пе? Бұл жерде сыйластықтың қандай қатысы бар?
Блин саған ұқсаған адамдар қоғамға керек емес, түсіндіңбе ? Осы түсінбеймін қайдан келген қазақсындар или Аспаннан түстіндерма ? Шығыстың қасіреті болған  Семей полигоны болған жерді жабуға , Қайдағы жоқ Қарақшының аты қазақ еліне беріліп оған арналып ашылған ескерткішті алып тастауға көмек көрсеткен адамды қалай сен ол адамды қоғамға керек емес деп айта аласын !!
+1 дауыс
Оныкы бос сандырақ қо, тек атын шығарудын бір амалы. Қыздарға айтарым сонын сандырақтарына сенім қалманыздар.
Дұрыс айтасың,өз проблемасын шешіп алсын дегенің ғой.
...