0 дауыс
51.4k көрілді
1 маусым 2012, 11:35
Қызықты логикалық жұмбақтар
жазған: Narkez 36490 56
Логикалық жұмбақтар:

1)мысық-3
әтеш-8
есек-2
бақа-3
көкек-4
ит-?

2)Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді?

3)Бір ауылға келіп жүрген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын.Оның себебі неде?

4)Бір қыз отыр.Ол тұрып кеткен жағдайда да сіз оның орынына отыра алмайсыз.Ол қай жерде отыр?

5)Сіз доп лақтырдыңыз делік.Қай жағдайда доп ештеңге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді?

6)Мына есепті калькуляторсыз, ештеңге жазбай, ойша шешуге тырысыңыз.
1000 оған 40-ты қосыңыз.Таңы бір мың қосыңыз.Оған 30-ды қосу керек.Тағы 1000.Қосу 20.Қосу 1000.Және тағы 10-ды қосыңыз.Неше шықты?

7)Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты?

8)Біраз ішіп алған ер адам үйіне қайтып бара жатыр.Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр.Жолға айдың жарығы жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын.Ер адам қара киімде болатын.Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады.Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді.Жүргізуші оны қалай көрді?
Өзің жауаптарын білесің бе ?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1)3

2) таз адамның

3) 500 теңгені алса, олар қайта бермейді. Ал 50 теңгені алса, олар таңырқап қайта бере береді. Солай ол ақша жинайды.

4)сенің алдыңда

6)4100

8)үйіне күндіз қайтып бара жатқан
+1 дауыс
5. Жоғары лақтырғанда еш дерге тимей өзіне қайтып келеді. 7. "Мені арыстанмен торға қамайсыңдар" - дейді. Сонда үндістер арыстанмен торға қамаса туристтің сөзі шын болады. Олардың шарты бойынша шын айтса жардан құлату керек. Егер жардан құлатса туристтің сөзі өтірік болады. Сөйтіп турист құтылып кетеді. Қалған жауаптарға Гулфариза жауап беріп қойған.
0 дауыс
1.ит-3ойткени ол гаф деп дыбыс шышёгарады ал мысык мяу дид
0 дауыс
1)2 ит 2)кой 3)Ол шал былымсыз сол ушын 50 тенгены тандайды 4)Ол кыз баска орында отыр. Сол ушын ол кыздын орнына отыруга болады 5)алдында тагы быр адам турганда 6)4100 шешуы 7)арыстандармен камайды 8)жургызушы ана адамды мас турынде корды
0 дауыс
ит-3рет

такырбас адамнын

ол биреудин акшасыналуга дати бармайды

концерт болган жагдайда

сиз оны шамалы гана лактырып тигизбей устап аласыз

4100 шыгыды

араларынан ускынсыздар мени устап олтирмекши

тустин кези фарды неге жагады десениз тустеде жагып журу керек себеби жолапаты болуы мумкин
0 дауыс
біріншісі 3 болады, екіншісі тақырбасқа су тимейді, үшіншісі

500 теңгені алса, олар қайта бермейді. Ал 50 теңгені алса, олар таңырқап қайта бере береді. Солай ол ақша жинайды
0 дауыс
4 өзінің алдында  5 штанкаға тигенде
0 дауыс
2.Сұрақтың жауабы:қолшатыр ұстаған адамның шашы су
0 дауыс
4. рульде отыр

5. Аспанга лактырганда

Калгандарынын жауабына косыламын
...