+8 дауыс
5.0k көрілді

Ақжол туылған күнің құтты болсын. Өмір жасың ұзақ болсын. Бақытты бол. 
 

Үлкен рахмет! Айтқаның келсін!

8 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Туылған күніңмен Ақжол! Денің сау болсын, аспаның ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерінен таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңа жете беруіңе тілектеспін. Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай өтіп жатқан әр жылың жақсылыққа толсын . ҰБТ -дан жоғары балл жинап , ата-анаңды қуантып, өзің армандаған мамандық иесі атанып, халқыңның қалаулы азаматтарының бірі бол!
Әумин, әумин! Айтқаның келсін!
+1 дауыс

Әмин айтқаның келсін менде құттықтаймын!

Рахмеет!
+5 дауыс
Айналайын Ақжол інім туған күнің құтты болсын. Өмір жасың ұзақ болсын денсаулығың мықты болсын. Ата-анаңның мақтанышы бол. Сайтта белсенділігің артып ең белсенді қолданушы бол. Маңыздысы белсенділік ЖЖ емес тек қолданушылармен жақсы араласып достарыңды табуыңа тілектеспін дегім келеді Алдағы ҰБТдан 124 балл ал. 125балл алсаң пенде болған соң мақтанып кетуің мүмкін. Себебі 1 балл жетпегіні үшін осыған да шүкіршілік деп шүкіршілік етуің мүмкін. Ал шүкіршілік деген Аллахқа деген сауапты үлкен бір қадам!
Әумин! Үлкен рахмет!
+3 дауыс

Туылған күніңізбен Ақжол!Ұзақ өмір сүріңіз және қажымас-қайрат тілеймін.Достарыңыздың арасында күліп ойнап жүре беріңіз.Ұлықбек айтпақшы ҰБТ-дан жоғары балл алыңыз.Ата-анаңызды мақтанышы болыңыз.

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан, 
Жалғанда тілек бар ма одан асқан. 
Аман боп жанұяң мен бауырларың, 
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан! 


Жүзіңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле берсін! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспіз! 

Көп-көп рахмет!
+2 дауыс

Ака! Туылған күніңмен! Мақсатыңа жет! Өмірде өз орныңды тап! Осындай мәләдес жігіт болып жүре бер!

Үлкен рахмет!
да ниче, видеослайд жасауға уақыт тапшы болып қалды)))
Видеослайдты қайтесіің )) ниетіңе рахмет!
+2 дауыс

Ақжол туылған күнің құтты болсын!Шын жүректен бақыт,денсаулық тілеймін!Алдағы ҰБТ-дан Ұлықбек сияқты 124 балл ал демей-ақ қояйын,126 балл ал қайта)))

Рахмет үлкен!
+3 дауыс
Ақжол, туған күнің құтты болсын! Жас ұзақ болсын, өзіңе және отбасыңа бақыт тілеймін!
Үлкен рахмет!
+4 дауыс
Туған күнің құтты болсын, бақытты бол!
Рахмет, рахмет!
...