+16 дауыс
4.8k қаралым
Сайтымыздың өркендеуіне өз үлесін қосып, сайт қолданушыларының жақсы досы, тілектесі, жанашыры бола білген редакторымызды бүгінгі 16 жасқа толған ТУЫЛҒАН КҮНІМЕН шын жүректен құтықтай отырып, ізгі ниетімізді білдіргіміз келеді!!! ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕН!!

"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деген бар ғой, арамызда гүлдей жайнап жүре бер!!!

Гүлдей жайнап өсе берсін өмірің,
Судай тасып көтерілсін көңілің.
Әрқашанда ақ жол туып алдыңнан,
Бақытты да ұзақ болсын ғұмырың

25 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Айналайын, туған күнің құтты болсын, бақытты бол........
Осы сіздердей қазақ жастары тұрғанда Қазақстанның, қазақтың болашағы жоқ деп айтқан адамның аузы қисайсын
Құтты болсын , осындай қазақтың әсем қыздары көбейе берсе екен, жарайсың!
+11 дауыс
Денің сау болсын, аспаның ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңа жете беруіңе тілектеспін.
көп Рахмет)
Нұртуған ағай 6кун емес 6ай 6жыл бізген бірге болыңыз Бұйырса!
+12 дауыс
уууураааааа жазылды ау әйтеуі.
Ал, туылған күнің құтты болсын, жастан жасқа тола бер. басың аман денің сау болсынү ренжіме бүгіндікке тіптен қолымыз босамады. БАҚЫТТЫ БОЛ!!! арамызда күліп ойнап жүре бер))))
+11 дауыс
Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтаймын! Саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін! Аңсаған арманыңа, қол созған мақсатыңа жетуіңе тілектеспін! БАҚЫТТЫ БОЛ!!!
Рахмет Моль!!!!
+9 дауыс
Сайтымыздың өркендеуіне өте үлкен үлес қосып жатқан Сұлу қызымызды туылған күнімен шын жүректен құттықмаймыз. Аз сөз алтын демекші ата-ананыңның сүйікті де сүйкімді қызы бола беруіне тілектеспін. Барлық армандаған арманың мен алға қойған мақсаттарың орындала берсін. Сені шын жүректен қыттықмаймыз. (f)
Құттықтауларыңызды қабыл алдым!!!!Көп рахмет Админ аға!!!
+10 дауыс
Достарыңның алды болма көз тиеді, соңы болма сөз тиеді, достарыңның ортасында жүре бер.
Зор денсаулық, ашық аспан, шат күлкі, мол бақыт, талмас қанат, қайтпас қайсарлық пен мөлдір таза махаббат тілеймін.
рахмеееет Ангелито.....
Ризамын))))
+10 дауыс
рахмет достарым....
 Сайтымыздың өркендеуіне өз үлесін қосып, сайт қолданушыларының жақсы досы, тілектесі, жанашыры
оооо мынаған кәдімгідей мәәәәәз болып қалдымғой.....Рахмет көп рахмеееет.....
Қабылдадым... Сізге мың алғыс.=.. қырсық ағама рахмет)
+8 дауыс
Бүгін сенің туылған күнің,
Санап, көптен күткен күнің,
2012, Қаңтардың 5-і міне,
Ересек өміріне басқан күнің!
.......Жалғасы бар................
.......Бірақ құпия...................
Асқазаның жазылып кетсінші, әйтеуір!
+8 дауыс
ТуҒаН КүНіҢмЕн!) СаҒан ЗоР ДенСауЛық, АшЫқ АсПан, Шат күЛкі, моЛ БаҚыт, ТаЛмас қаНат, қайТпас қайСарлық пен мөЛдір таЗа махаББат тілеймін!Достарыңның алды болма көз тиеді, соңы болма сөз тиеді, тек ортасында жүре бер.Егер қып-қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді.
Ардақжан, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенің өміріңді жарық етсін! БаҚыТТы БоЛ!!!)
Менің сайтқа тіркелгеніме 6-ақ күн болды,сол себеппен шығар әлі дұрыс ешкімді танымаймын ,әйтседе,сіздің тамаша пікірлеріңізді көріп таң қалғаным рас,қазір болмасада болашақта жақсы араласатыныма сенемін,сайтқа тигізген көмектеріңіз үшін алғыс айтамыз ,ТУҒАН-КҮНІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ...АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТТАРЫҢЫЗҒА ЖЕТЕ БЕРІҢІЗ.

                         С/М: Нұртуған және сайтқа соңғы қосылған қонақтар -;))D
+7 дауыс
Туылған күніңмен құттықтаймын! Әрдайым жүзіңнен бақыттың желі есіп, тек қана қуаныштарға кенеле бер. Алда келе жатқан ҰБТ-дан жоғары балл жинап, өзің армандаған мамандықтың беделді маманы болуына тілектеспін! Бақыттың базарында, Алланың назарында бол!
Әділгерей ағай көп рахмет)))
+8 дауыс
Ең маңыздыларын айтып қойған-ды. Тілерім:   Айтылған ізгі де жүректен шыққан тілектер Алланың құлағына шалынсын!           ....      ---- Happy B`Day _!!!     :*
Ой рахмеееет....Алиш ағай)))
+9 дауыс
Құттықтаймын шын жүркетен мен сені!
Көптен күттің, осыны мен білемін
Осы күнде армандадың бір ғажайып болар деп,
Күлімдеші, күлімдеші күнде сен
Сенің күлкің тербетеді мені кеп.
=( ..........................
+8 дауыс
Туған күнінмен құттықтаймын. БАҚЫТТЫ БОЛ... Бақыттың ішіне бәрі сияды.
Рахмет Айгерим )))
+8 дауыс
сайттағы қарындасымды тағы бір құттықтай кетпесем ұят болар)) Аяулым! болашақ дәрігер ретінде ең алғаш саған ДЕНСАУЛЫҚ тілеймін! Өзің де болашақта дәрігер болуды армандайтынынды айтып едің, сол арманыыңда жетуіне шын жүректен тілектеспін! Әлемге әйгілі, бәсекеге қабілетті, жан жақты жетілген маман иесі бол! 16 жас, ең керемет жас қой шіркін.... әр қашанда қуанышты болып, күліп ойнап арамызда жүре бер! (f)
Рахмет)жұмыстас болармыз мүмкін болашақта Алла бұйырса)Конфтағыдай болмайма гүлдің жағдайы?
+8 дауыс
қарындасым. Барлық жоғарыда айтылған және айтылатын тілектерге қосыламын. Тілектер періштенің құлағына шалынсын. Арманыңның орындалуына тілектеспін.
Рахмет....
+11 дауыс
Барлық тілек айтылған екен бәрімен де қосыламын, туған күнің құтты болсын жерлес
Дос ағай!Жерлес рахмет)
+1 дауыс
Коркем маған осылай шығарып бере аласыңба?
Нені айтасың? Нақты жаз, жеке хатқа жазсаң қайтеді?
+2 дауыс
Ооо,мен қалып кете жаздаппын ғой. "Ештен кеш жақсы "-деген ғой атам қазақ. , мен де сені туған күніңмен құттықтаймын, арманыңа жет, ата-анаңның көз қуанышы болып бойжете бер,Жаным! Ақылың бар баласың,келешегің жарқын боларына сенемін. Көңіліңе көлеңке,қабағыңа кірбің түспесін деп тілеймін.
Ештен кеш жақсы деп дәл өзіңіз айтқандай бұл құттықтауыңыз иесін тапты, яғни мені) Көп рахмет)
0 дауыс
Бұл сұрақ емес қой, өшіріңдеееееер))))(dance)
келесі жылыда келді))) кіріп шықтым)))
+1 дауыс
туған күнің құтты болсын!!!!!!!!!!
Әрдайым денсаулығын мықты болсын.
Жасына жас қосылып амандықпен,
Жүзіне шырайлы мол күлкі толсын.
0 дауыс
Мынаған бүгін туп-тура 1жыл болыпты((((
0 дауыс
Туылған күніңмен құттықтаймын!!!Әрбір жылдарың жемісті,Айларың арайлы,күндерің көңілді,минуттарың мәнді болсын!!!!ҰБТ-дан жоғарғы балл жинап,өзің қалаған ЖОО-ға грантпен түсуіңе тілектеспін!!Сұлу-ақ екенсің,әрдайым осындай сұлу ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ боп жүрее бееер!!!!
+1 дауыс
ООООО,туылған күн....Жұмбақ қыз мен сені танымасамда,осы сайттың дамуына үлес қосып келе жатқан озық қолданушылардың бірі деп білем...Ал енді не дейміз?біз айтатын тілек қалмады.Барлығы айтайын деп тұрған тілектің бәрін айтып тастады.Сонда да туған күніңмен!!!!шын жүрекпен құттықтаймын.Өмірде бақытты,денсаулығың мықты,сұлу да,сүйкімді қыз боп жүре бер...
Rahmet)))
+1 дауыс
Редактор, с днем рождения поздравляем!
Пусть будет много радостных и веселых дней!
Пусть всегда будет небо открытым
Пусть дела пойдут в гору, а здоровье будет крепким!
+1 дауыс
ТУҒАН КҮНІҢМЕН!!! БАҚЫТТЫ ӘРІ ҰЗАҚ ҒҰМЫР КЕШ!!!
127,974
сұрақ
322,914
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...