0 дауыс
1.8k көрілді
Досыңды 1 мамыр - Қазақстан халқының бiрлiгi күнімен құттықтап, ашық хат жаз? Қазақстан халқы бірлігі күні қай уақыттан бері тойланып келді?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.

Құрметті ................

Сізді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің даңғыл болашағына түскен мемлекетіміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Біздің ең басты құндылығымыз - тәуелсіздік деп Елбасымыз ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Осындай мол табыстарға қол жеткізуде аудан жұртшылығының да өзіндік үлесі бар. Себебі осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз.
Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл - күймен қарсы алуға толық негізі бар. Еліміздің өркендеуімен бірге аудан экономикасы да ілгерілеу устінде. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.

Құрметпен,......... 

********

Құрметті ..................!

Сіздерді – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Мамырдың бірінші күндері Қазақстан аса жарқын әрі мейрімді мерекелерінің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлайды.
Бұл достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Бұл 150 астам ұлт мекендейтін елімізде бейбіт өмір сүру үшін талап етілетін қағидалар. Қазақстанның кең шаңырағы астында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, неміс, корей, ұйғыр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен Қазақстан аумағында біз – тату өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілейміз!

Құрметпен,......... 

*********

...................... достым!

Сені бүгінгі Қазақстан халқының достығы күнімен құттықтаймын! Ең бастысы деніңе саулық, отбасыңа амандық тілеймін! Қазақстандай дархан еліміздің көк аспанында тек бейбітшілік құсы қалықтасын дегім келеді! Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім мен достық одан әрі нығая берсін! Екеуміздің достығымыз мәңгілік болсын!

Сәлеммен, досың ...........

...