+1 дауыс
5.0k көрілді
Сүлеймен Демирель атындағы қазақ-түрік университеті жайлы не білесіздер? қандай жоғарғы оқу орны? Оқып жатқан таныстарыңыз бар ма?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сүлеймен Демирел атындағы Университет — Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орны. Университетті 1996 жылы 17-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің Президенті Сүлеймен Демирел ашқан.

СДУ – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – қол жетімді бағалармен бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламалары саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Университет бағдарламалары жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен мекемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жауапты, сондай-ақ мемлекеттегі және әлемдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ортаға бейімделген.

Университеттің жаңа корпусы Алматы қаласының сыртында Каскелен қаласында орналасқан ең әдемі ғимараттардың бірі.

Толығырақ Википедиядан http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D2%AF%D0%BB%D0%B5%D0%B9%D0%BC%D0%B0%D0%BD_%D0%94%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%B5%D0%BB_%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%B2%D0%B5%D1%80%D1%81%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82 немесе Университеттің сайтынан біле аласың http://www.sdu.edu.kz/.

+1 дауыс

Өте тамаша университет. Менің көптеген таныстарым оқиды. Сапалы білім береді. Менің де сонда оқығым келген, бірақ баллым жетпеді.

0 дауыс
Сонда қанша баллмен түседі онда,ал сіз қанша жинадыңыз,қандай факультетке түскіңіз келіп еді?!
...