Көрнекті әдебиет, мәдениет және ғылым қайраткерлері: С.Аманжолов, Х.Бекхожин, Қ.Жұмалиев, О.Жәутіков, М.Қаратаев, А.Ысқақов, С.Қирабаев, А.Нүсіпбеков, Ж.Саин, Ш.Сәтпаева, Р.Сыздықова, Ә.Тәжібаев, С.Қасқабасов осы оқу орнының мақтан тұтар түлектері. Олар ҚазПИ-де мамандар даярлау ісіне өлшеусіз үлес қосты. Біз бүгін қазақ білім ордаларының қара шаңырағында білім алған түлектердің ішінен еліміздің ғылым, білім, мәдениет салаларын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан белгілі ғылым және қоғам қайраткерлері М.Әбдіхалықова, Т.Тәжібаев, А.Закрин, К.Айманов, А.Сембаев, Н.Жанділдин, Б.Бөлтірікова, Ә.Шәріпов, Е.Мәмбетқазиев, Ө.Жәнібеков, М.Ахметова, А.Тұмарбекова сияқты аға ұрпақ өкілдерінің есімін құрметпен атаймыз. Қасиетті қара шаңырақтың сан қилы тарихында университеттің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан, көргені мен түйгені мол тәжірибелі басшылар мен қоғам қайраткерлерінің алатын орны ерекше.
80-жылдары институт халықтың білім беру жүйесінің күрделі мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, жыл сайын оқу конференцияларын өткізді. Сонымен бірге, институттың материалдық базасын жақсарту мақсатында гуманитарлық факультеттерге тұрғын үй салу, екі жатақхана салу және жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қолға алынды. Осылайша, жас мамандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына ерекше назар аударылды.
1990 жылы 25 қазанда алғашқы ЖОО «университет» мәртебесін алып, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті деген атауға ие болды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік дәуірінің басталуымен сәйкес келді.
Университет тарихындағы жаңа кезең 90-жылдардың басында болған жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси процестермен байланысты болды. Уақыт жоғары білім беруді ұйымдастыруға және нарықтық қатынастарға бағытталған кадрларды даярлауға жаңа тәсілдерді қажет етті. Мамандарды даярлаудың отандық жүйесі оқытудың жаңа формаларын іздей бастады. Бұл факторлар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қарашадағы ҚазПИ-ді Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне айналдыру туралы шешімін талап етті.
2003 жылы 26 қыркүйекте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың № 1201 Жарлығымен қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ)» болып қайта құрылып, «ұлттық» мәртебені иеленді. 2007 жылы 24 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ жоғары білім көшбасшыларының Оксфордтағы саммитінде (Ұлыбритания) «ХХІ ғасыр көшбасшылары» бағдарламасы аясында «Біріккен Еуропа» және «Еуропалық сапа» тәрізді халықаралық марапаттарға ие болды. Ал, 2007 жылы университетке «Сапа саласындағы жетістігі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы тапсырылды.
Бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - «Білім», «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес», «Өнер» және т.б. мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ірі ғылыми және білім беру орталығы.
Университетте 30 кафедра бар, оның ішінде үш университет кафедрасы (Әскери кафедра, ЮНЕСКО-ның педагогика бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімі).
Универститетте 30 кафедра, сонымен бірге 3 жалпы университтеттік кафедралар (Әскери кафедра, ЮНЕСКО педагогика кафедрасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы) бар.
2017 жылы ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар Ғылыми инновациялық паркі (ҒИП) болып қайта құрылды. Оның құрамына «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығы, «Авторлық ауызша әдебиет» ғылыми орталығы, М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығы, «Фунционалдық технология және қолданбалы зерттеулер» орталығы, «Интеллектуалды ұлт» ғылыми орталығы, «ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы» ғылыми орталығы, «Педагогикалық білім беруді дамыту» орталығы кіреді.
Университетте 14 диссертациялық кеңес, жас ғалымдар кеңесі, ғылыми кітапхана және «Ұлағат» баспасы бар. Жақында біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту орталығы, «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы, Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасы құрылды.
Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайын әлемнің ең үздік университеттерінің қатарында өз орнын жоғарылатуда. QS World University Rankings-2021 жаһандық рейтингінің нәтижесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ #601-650 орындарын иеленіп, әлемдегі ең үздік педагогикалық университеттердің ТОП-5-іне кірді. (2019 ж. -#561-570 орын, 2018 ж. - #481 орын, 2017 ж. - #491 орын). Қазақстан бойынша университет аралық рейтингте Абай университеті алтыншы орынға ие болды.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үздік төрттікке енді. Педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында біздің университет 1-ші орынға ие болды. Жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингісінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша қорытынды көрсеткіштермен (24345) ҚР жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді.
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (БСҚТА) рейтингі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы баллдық көрсеткішпен (98,71%) бірінші орынға ие болды. БСҚА рейтингісінде университеттің ресми сайты Қазақстанның 101 жоғары оқу орындары арасында құрметті бесінші орынды, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары санатында - бірінші орынды иеленді. 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ сайты үздік университеттік сайттардың ондығына енген (2018 жылы сайт - 9 орында, 2016 - 26 орында, 2014 - 20 орында, 2013 жылы - 25-орында) болатын.
Абай атындағы ҚазҰПУ - елдегі педагог кадрларды даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің жетекші орталығы. Университетте «ХХІ ғасыр мұғалімінің портреті»; жаңа буын мамандарын major-minor және double major негізінде оқытуға арналған 127 білім беру бағдарламасы (27 БББ) жасалған. 29 педагогикалық БББ бойынша қашықтықтан оқыту жүргізіледі. жоғары және техникалық және кәсіптік-педагогикалық емес білімі бар тұлғалар үшін «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» - Post Graduate Pedagogical Education (PGCE) мұғалімдерді қайта даярлау бағдарламалары; ағылшын тілінде оқытатын 12 білім беру бағдарламасы әзірленді. Алты семестр бойы дуальды оқыту элементтері бар үздіксіз педагогикалық тәжірибенің жаңа формасы, соңғы курс үшін - ерте жұмысқа орналасуды қамтамасыз ететін blended learning және бір жылдық практика енгізілді.
Оқу орны қызметінде халықаралық ынтымақтастық маңызды орын алады. Бүгінгі таңда Абай атындағы университет 11 халықаралық ұйымдарға, ассоциацияларға мүше. Біз әлемнің 23 елінің университетімен 160, оның ішінде әлем университеттерінің академиялық рейтингісінің (ARWU) алғашқы 500-іне кіретін 20 университетпен келісімшартқа қол қойдық. Олардың ішінде серіктес университеттер: Кембридж университеті, Пенсильвания мемлекеттік университеті, Сассекс университеті, Пекин Біріккен университеті, Сорбонна-Париж сити университеті және басқалары.
800 жылдан астам тарихы бар Сорбонна-Париж сити университетінің филиалы «Сорбонна-Қазақстан» институты ашылғаны университет өміріндегі елеулі оқиға болды.
Университетте жалпы саны 790 профессор-оқытушы дәріс оқиды. Ғылыми дәрежесі мен атағы барлар - 471, оның ішінде 131 ғылым докторы, профессор, 286 ғылым кандидаты, доцент, 54 адам - PhD докторы еңбек етеді. Сондай-ақ, бізде 14 ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелері, 45 басқа да қоғамдық академиялардың академиктері қызмет істейді.
Толығырақ: https://www.kaznpu.kz/kz/27/page/